"Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 215 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексі 130-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) қосымшада:

      "2. Энергия тиімділігі 2.2 Бюджеттік және коммуналдық сектордағы энергия тиімділігін арттыру 2.2.3 Энергия үнемдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер" деген жолдағы 6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық" ҚР СТ ISO 50001-2019 немесе халықаралық деңгейде танылған ұқсас стандарттарға сәйкес.";

      "3. "Жасыл" ғимараттар 3.2. Ілеспе жүйелер және құрылыс материалдары 3.2.1 Жүйелерді, "жасыл" құрылыс материалдары мен өнімдерін өндіру және қолдану" деген жолдағы 6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "мыналардың болуы (опциялық):

      1) "жасыл" құрылыс саласындағы рейтингтік бағасының: LEED, EDGE, BREEAM, DGNB, OMIR;

      2) энергия тиімділігі таңбасының (энергия тиімділігінің жоғары сыныбы);

      3) US Energy Star сияқты энергетикалық рейтинг, немесе Еуропалық Одақта пайдаланылатын Energy Performance Certifications сияқты энергетикалық таңбалау схемасына сәйкестік, немесе Ғимараттардың энергия тиімділігі саласындағы халықаралық стандарттау ұйымы стандарттарының сериясы (ҚР СТ ISO 52003-1-2023 "Ғимараттардың энергия тиімділігі. Көрсеткіштер, талаптар, рейтингтер және сертификаттар. 1-бөлім. Жалпы аспектілер және жалпы энергия тиімділігіне қолдану", ҚР СТ ISO/TR 52003-2-2023 "Ғимараттардың энергия тиімділігі. Индикаторлар, талаптар, рейтингтер және сертификаттар. 2-бөлім", ҚР СТ ISO 52010-1-2023 "Ғимараттардың энергия тиімділігі. Сыртқы климаттық жағдайлар. 1-бөлім. Энергия есептеулері үшін климаттық деректерді түрлендіру", ҚР СТ ISO 52016-1-2023 "Ғимараттардың энергия тиімділігі. Жылыту және салқындату үшін энергия қажеттіліктері, ішкі температура және айқын және жасырын жылу жүктемелері. 1-бөлім. Есептеу әдістемесі", ҚР СТ ISO 52018-1-2023 "Ғимараттардың энергия тиімділігі. Жылу балансына және ғимарат қаңқасының сипаттамаларына қатысты ғимараттардың энергия тиімділігінің жеке талаптарына арналған индикаторлар. 1-бөлім. Опцияларға шолу") бойынша сертификаттау белгілерінің;

      4) Сoncrete Sustainability Council (CSC) Certification сияқты кейбір құрылыс материалдарын (цемент, бетон, керамика, болат және т.б.) сертификаттау схемалары бойынша сертификаттаудың не өнімнің жағымсыз экологиялық ізінің анағұрлым төмен деңгейін көрсететін ҚР СТ БСТ ISO 14025-2006 "Экологиялық таңбалау және декларациялар. III түрдегі экологиялық декларациялар. Принциптер мен рәсімдер" стандартына сәйкес дайындалған өнімнің верификацияланған экологиялық декларациясының (EPD) болуы";

      "4. Ластанудың алдын алу және оны бақылау 4.2 Топырақ 4.2.1 Топырақтың ластануын азайту; оны қалпына келтіруге арналған жабдықтар мен инфрақұрылым" деген жолдағы 5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "ластанған және жұтаған топырақты қалпына келтіру технологиялары мен өнімдері пайдаланалатын жабдықтар мен инфрақұрылым, топырақтың құнарлылығын жақсарту; тұрақты егіншілік, егіншіліктің органикалық жүйелерін қоса алғанда, егіншіліктің орнықты жүйелеріне көшу;

      топырақты қорғаудың фитомелиоративтік және механикалық әдістерін қолдану;

      топырақты өңдеуде нөлдік, ылғал үнемдейтін және топырақты қорғайтын технологияларды қолдану;

      жергілікті жағдайларға бейімделген дақылдар мен сұрыптарды өсіру;

      техногендік және антропогендік ластанудан тазарту";

      "5. Суды, қалдықтарды орнықты пайдалану 5.2 Қалдықтар мен сарқынды сулар" деген жол мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

5.2.7 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтар тізбесінде көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды энергия өндіре отырып кәдеге жарату қондырғылары

28.22.9, 28.95.0, 28.96.0, 33.20.0, 38.11, 38.12, 38.20, 38.21, 38.22,
39.00

Тұрмыстық қатты қалдықтарды, қайта өңдеу/компосттау/анаэробты дигеринг қалдықтарын қоса алғанда, қалдықтарды электр энергиясының немесе жылудың сапалы жанама өнімін алып кәдеге жарату қондырғылары (мысалы, жағу, газдандыру, пиролиз және плазма)

1) қондырғының пайдалы әсер ету коэффициенті (ПӘК) >25%;
2) күл қалдығын кәдеге жарату;
3) күлден металл алу >90%;
4) зауыттың қызмет ету мерзімі </= қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған лимит ішінде электр энергиясын және/немесе жылу өндірген кездегі парниктік газдар шығарындыларының орташа қарқындылығы (қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған лимит тығыз және пленкалы пластик алып тасталған жағдайда біліктілік тиімділігі (ПӘК) ең төмен болғанда қоқыс жағатын зауыт шығаратын гСО2е/кВтсағ парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы ретінде есептеледі);
5) мынадай өлшемшарттар бойынша климаттың өзгеруінің салдарына төзімділігі мен бейімделуі тұрғысынан жобаны бағалауды жүргізу:
- климаттық тәуекелдер мен объектінің/алаңның осалдығын анықтау;
- объектіден/алаңнан тыс ауқымды (кеңістіктік және уақыттық) контексте әсерді анықтау (яғни базалық активтердің және ауқымды экожүйе мен осы экожүйеге мүдделі тұлғаларға жобалардың әсері);
- климаттық тәуекелдер мен осалдықты жұмсарту және объектіні оларға бейімдеу стратегиясын әзірлеу және ендіру

      ";

      "6. Орнықты ауыл шаруашылығы, жер пайдалану, орман шаруашылығы, биоәртүрлілікті сақтау және экологиялық туризм 6.2 Ормандарды орнықты басқару және биоәртүрлілік пен экожүйелерді сақтау 6.2.1 Ағаш егу және орманды қалпына келтіру" деген жолдағы 6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "орман дақылдарының жерсіну деңгейі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 19 қазандағы № 17-02/532 бұйрығымен бекітілген Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу қағидасына 18-қосымшаға сәйкес айқындалады";

      "7. Таза көлік 7.2 Төмен көміртекті жүк тасымалдары 7.2.1 Төмен көміртекті жүк тасымалдары" деген жолдағы 6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "автомобиль тасымалы үшін 50 грамм CO2e/тонна км тікелей шығарындылары немесе Euro V немесе VI стандартына сәйкестігі;

      теміржол тасымалы үшін 40 грамм CO2e/тонна км тікелей шығарындылары;

      су көлігі үшін – кемеде CO2e тікелей шығарындылары нөлге тең не энергияның 100 %-ын қазба отынның баламасымен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларын кем дегенде 80 %-ға төмендетуді қамтамасыз ететін отыннан немесе өзге де энергия тасымалдаушылардан алады, бұл ретте кемелер қазба отын тасымалдауға арналмаған;

      әуе көлігі үшін – энергия көзінің (мысалы, сутегі немесе электр энергиясы) тікелей CO2e шығарындылары нөлге тең не отын ретінде SAF (экологиялық таза авиациялық отын) пайдаланылады, бұл тонна/км немесе жолаушы/км-ге қатысты CO2e шығарындыларын айтарлықтай төмендетуді қамтамасыз етеді, бұл ретте SAF үшін шикізатты ИКАО халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеу немесе азайту схемасы (CORSIA) шеңберіндегі талаптарға сәйкес деп тануға және (немесе) ЕО-ның жаңартылатын энергия көздері жөніндегі директивасы (EU RED) шеңберінде сертификатталуға тиіс";

      "7. Таза көлік 7.4 Таза көліктік АКТ 7.4.1 Көлік түріне қарамастан активтерді пайдалануды, ағындарды және модальды жетілдіруді жақсартатын АКТ" деген жолдағы 6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚР СТ ISO/IEC 30134-2019 "Ақпараттық технологиялар. Деректерді өңдеу орталықтары. Тиімділіктің түйінді көрсеткіштері", ҚР СТ ISO 14001-2016 "Экологиялық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар және нұсқаулық", ҚР СТ ISO 50001-2019 "Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар және нұсқаулық" стандарттары серияларына сәйкестік сертификатының болуы";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "* жобалардың белгілі бір кіші секторына сәйкес келетін Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының (ЭҚЖС) кодтары қызметі экономикалық қызмет сыныптамасын есепке алуды көздейтін ұйымдардың "жасыл" таксономияны қолдануын оңайлату мақсатында келтірілген. ЭҚЖС кодтары жобаларды экологиялық тұрақты жобалар санатына жатқызуға өз бетінше өлшемшарт болып табылмайтынын назарға алу керек, өйткені оларда өзгелерден басқа, таксономияның тиісті санатының, секторының немесе кіші секторының мазмұнын көрсетпейтін тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және жұмыстардың түрлері, сондай-ақ таксономияда белгіленген шекті өлшемшарттарға сәйкестік жобаларды "жасыл" санатқа жатқызудың шарты болып табылады деп қамтылуы мүмкін.

      Егер "жасыл" жоба ретінде сыныптау мақсатында таксономияға сәйкестігі тұрғысынан қаралатын жоба немесе қызмет өзінің мәні мен қолданылатын технологиялардың сипаты бойынша таксономияның мазмұндық бөлігіне (санаттардың, секторлардың, кіші секторлардың атауларына, келтірілген үлгілер мен шекті өлшемшарттарға) сай келсе, онда қарастырылып отырған санат шеңберінде таксономияда болжам бойынша осы жобаға немесе қызметке қолдануға болатын ЭҚЖС тиісті кодының болмауы оны таксономияға сәйкес келеді деп сыныптаудан бас тартуға негіз болмайды.

      Көрсетілген ЭҚЖС сыныптамасы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерге қолданылады және тиісті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды;

      **мұнда және ары қарай ЕҚТ ең алдымен ЕҚТ бойынша ұлттық анықтамалықтарды білдіреді, ЕҚТ бойынша ұлттық анықтамалық болмаса, Еуропалық Одақтың тиісті ЕҚТ (BREF) анықтамалықтарына сілтеме жасау қажет;

      *** 2035 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АКТ – ақпараттық және коммуникациялық технологиялар;

      ЕҚТ – ең үздік қолжетімді техникалар;

      ЕРДБ – Еуропа реконструкция және даму банкі;

      ЖЭК – жаңартылатын энергия көздері;

      ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      ҚОӘБ – Қоршаған ортаға әсерді бағалау;

      ҚР СТ – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты;

      ОЭР – отын-энергетикалық ресурстар;

      BAT-AELs – BREF анықтамалықтарында келтірілген шығарындылардың ілеспе деңгейлері;

      BREEAM, LEED, EDGE, DGNB – танылған халықаралық рейтингтік бағалау жүйелері және ғимараттардың экологиялық тиімділігі мен экологиялық құрылыс стандарттары;

      BREF (Best Available Techniques Reference Document) – Еуропалық Одақтың ең үздік қолжетімді техникалары бойынша анықтамалықтар (өнеркәсіптік қызметке, жабдықты пайдалану шарттарына және қоршаған ортаға ластағыш заттардың төгінділері мен шығарындыларының нормаларына қатысы бар анықтамалық құжаттардың сериясын білдіреді);

      CO – көміртегі монооксиді (ыс);

      СО2е (CO2 эквиваленті) – парниктік газдар шығарындыларының көлемін бағалау үшін пайдаланылатын шартты бірлік (жақсылап араласқан парниктік газдың шығарындысы немесе жақсылап араласқан парниктік газдар қоспасы көлемінің әсеріне балама радиациялық әсері бар көмірқышқыл газының (СО2) шығарылу көлемін білдіреді; бұл ретте қоспаның әр газының шығарылу көлемі оған сәйкес келетін жаһандық жылыну әлеуетіне көбейтіледі);

      CSP – күн энергиясын шоғырландыру технологиясы;

      NOx – NO және NO2 азот оксидтері;

      PV – фотоэлектрлік элементтер модулі (күн энергиясын өндіру үшін)

      REDD+ – (орман өсіру және ормандардың деградациясы нәтижесінде шығарындылардың азаюы) – Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының тараптары әзірлеген климаттың өзгеру салдарын жұмсарту жөніндегі шешім";

      SO2 – күкірт диоксиді (IV);

      VERRA – көміртегі шығарындыларын ерікті өтеу сертификаты;

      VFD drive – жиілікті реттегіш жетек".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады