"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 236 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      165) тармақша алып тасталсын;

      168) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 171-1) және 171-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "171-1) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін бекітеді;

      171-2) психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп бекітеді;";

      175-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "175-8) азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін бекітеді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады