"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 264 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Кәсіпорын дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсету жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға болып белгіленсін.";

      3-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген функцияларды іске асыруға жәрдемдесетін саладағы қызметтерді, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсетуді жүзеге асыру:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, өзге де мемлекеттік органдардың және шет мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қабылдауларына және басқа да протоколдық іс-шараларына қызмет көрсету;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің ғимараттарына (үй-жайларға) кешенді қызмет көрсету және оларды жөндеу, оның ішінде автокөлікке қызмет көрсету үшін оларға ғимараттарды жалға беру, бағдарламалық-ақпараттық және автокөліктік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау, іс-шараларға қызмет көрсету және оларды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық және ілеспе әрекеттер, аударма қызметтерін көрсету болып белгіленсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады