"Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 280 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 280 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 173 қаулысымен
бекітілген

Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері

Р/с


1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен)

бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды2710 12 411 0 -2710 12590 0)

дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды2710 19 421 0 - 2710 19 425 0)

газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектер қоспасы және экологиялық отын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12 900 9, 2906 21 000 0, 2710 12 250 9, 2710 12 900 8, 2710 12)

1

2

3

4

5

1.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі

38134

35726

38134

2.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі

0

0

0

3.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы

38634

35786

38634

4.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы

500

60

500

5.

Импорт

38134

35726

38134

6.

"Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген тауарларды беру

38134

35726

38134

7.

"Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық Кодексі) 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды Салық кодексінің 471-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда көрсетілген тауарларды беру

0

0

0

8

Бензанол өндірушілердің акциз төленген бензин мен отандық өндірістің биоэтанолын компаундирлеу арқылы өндірілген бензанолды көтерме саудада өткізуі

0

0

3000

      1. Өздері өндірген АИ-92 және Аи-93 маркалы бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды тоннасына 214584 теңгеден жоғары бағамен көтерме саудада өткізу, оларды импорттау, сондай-ақ алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын көрсетілген акцизделетін тауарларды беру кезінде, кейіннен көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, акциздің сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Аб = 38134 + (Борт-214584) * 50 %, мұндағы:

      Аб – акциздің мөлшерлемесі, тоннасына теңге;

      Борт – мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі салаларында мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мұнай өнімдері мен биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есепті айдағы орташа көтерме баға.

      2. Өндірушілердің АИ-92 және Аи-93 маркалы бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды тоннасына 214584 теңгеден жоғары бағамен бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы кезінде акциздің сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Аб = 38634 + (Борт-214584) * 50 %, мұндағы:

      Аб – бензинді көтерме саудада өткізуге арналған акциздердің мөлшерлемесі, тоннасына теңге;

      Борт – мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі салаларында мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мұнай өнімдері мен биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есепті айдағы орташа көтерме баға.

      3. Өздері өндірген дизель отынын (жазғы, маусымаралық дизель отынын) тоннасына 284350 теңгеден жоғары бағамен көтерме саудада өткізу, оны импорттау, сондай-ақ алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын көрсетілген акцизделетін тауарды беру кезінде, кейіннен көрсетілген тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, акциздің сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Адо = 35726 + (Борт-284350) * 50 %, мұндағы:

      Адо – дизель отынын көтерме саудада өткізуге арналған акциздердің мөлшерлемесі, тоннасына теңге;

      Борт – мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі салаларында мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мұнай өнімдері мен биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есепті айдағы орташа көтерме баға.

      4. Өндірушілердің дизель отынын (жазғы, маусымаралық дизель отынын) тоннасына 284350 теңгеден жоғары бағамен бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы кезінде акциздің сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Адо = 35786 + (Борт-284350) * 50 %, мұндағы:

      Адо – дизель отынын көтерме саудада өткізуге арналған акциздердің мөлшерлемесі, тоннасына теңге;

      Борт – мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі салаларында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мұнай өнімдері мен биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есепті айдағы орташа көтерме баға.

      Ескертпе:

      Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда литрден тоннаға аудару мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      М – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, тоннамен;

      V – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, литрмен;

      0,730 – бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда литрден тоннаға аудару мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      М – өткізілген дизель отынының көлемі, тоннамен;

      V – өткізілген дизель отынының көлемі, литрмен;

      0,769 – дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отынды бөлшек саудада өткізген кезде салық салу мақсатында көлемнің өлшем бірлігі тонна болып табылады.

      Тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады