"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 1132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 335 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 1132 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жоспардың 12 және 13-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-і күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 1-і күнінен кешіктірмей ұсынып тұрсын.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірі 11-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады