Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 1132 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспардың 11, 12 және 13-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-і күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 1-і күнінен кешіктірмей ұсынып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1132 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары


Р/с

Заң жобасының атауы

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Ұсыну мерзімі

Заң жобаларын сапалы әзірлеуге және уақтылы енгізуге жауапты тұлға

Әділет министрлігі

Үкімет
Аппараты

Парламент


1

2

3

4

5

6

7

1.

Құқық бұзушылық профилактикасы туралы

ІІМ

қаңтар

қаңтар

наурыз

И.В. Лепеха

2.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ІІМ

қаңтар

қаңтар

наурыз

И.В. Лепеха

3.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ІІМ

қаңтар

қаңтар

наурыз

И.В. Лепеха

4.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСМ

қаңтар

ақпан

сәуір

А.А. Амангелдиев

5.

"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қаржымині

ақпан

сәуір

маусым

Д.М. Кеңбейіл
 
 

6.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

ақпан

сәуір

маусым

Б.Б. Омарбеков

7.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

ақпан

сәуір

маусым

Б.Б. Омарбеков

8.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

ақпан

сәуір

маусым

Б.Б. Омарбеков

9.

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

ҚНРДА

сәуір

маусым

тамыз

Н.А. Әбдірахманов

10.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚНРДА

сәуір

маусым

тамыз

Н.А. Әбдірахманов

11.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2026 – 2028 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

ҰЭМ

шілде

тамыз

тамыз

А.К. Әмрин

12.

Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы
2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

ҰЭМ

тамыз

тамыз

тамыз

А.К. Әмрин
 

13.

2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қаржымині

тамыз

тамыз

тамыз

А. Бейсенбекұлы
 

14.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСМ

мамыр

шілде

қыркүйек

Т.С. Сұлтанғазиев
 
 

15.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

мамыр

шілде

қыркүйек

Б.Б. Омарбеков

16.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭМ

шілде

қыркүйек

қараша

С.Қ. Есімханов

17.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЦДИАӨМ

шілде

қыркүйек

қараша

А.Е. Оразбек

18.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

МҚІА

тамыз

қазан

желтоқсан

С.С. Мүксімов
 

19.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МҚІА

тамыз

қазан

желтоқсан

С.С. Мүксімов
 
 

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады