Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерістер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 197ая Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулыға  141-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 2-жолда "424" деген сандар "1000" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 6-жолдың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Есептеу-бақылау маркiлерi (бұдан әрi - ЕБМ) үшiн жабдықтар, оның iшiнде ЕБМ үшiн дерекқор жүргiзуге арналған 35 бiрлiк жабдық, 93 бiрлiк дерекқорға қолдау көрсетуге арналған жұмыс орындарын, 102 бiрлiк ЕБМ-дi тексерудiң жұмылдыру орындарын, PDF кодын енгiзудiң 33 орнын, 33 дана термобастиегiн, 18 дана ЕБМ-дi автоматты түрде енгiзуге арналған жабдық (аппликаторлар), бағдарламалық қамтамасыз ету, сатып алу, жеткiзу және орнату, қосалқы бөлшектер, 2000 дана рибон, 3000 дана ЕБМ-нiң түпнұсқалылығын бақылау приборын, Қазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымын бақылаудың тиiмдi жүйесiн енгiзуге арналған ЕБМ сатып алу";

      2) көрсетiлген қаулыға  144-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi 5-бағанының 6) тармақшасында "850000" деген сандар "3522098" деген сандармен ауыстырылсын;

      3) көрсетiлген қаулыға  147-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 3-жолы 5-бағанының он үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелері үшін 9 дана орталық және облыстық деңгейдегі серверлер сатып алу".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады