Қазақ ССР Жоғарғы Советi қаулы етедi: Қазақ ССР Министрлер Кабинетi бекiтуге ұсынған, 1991 жылғы ақпанның 18-iнде Алматы қаласында қол қойылған Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шарт бекiтiлсiн. Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Төрағасы Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Үкiметi мен Қырғызстан Республикасының Үкiметi арасында 1991-1995 жылдарға арналған экономикалық және мәдени ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ
Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Үкiметi мен Қырғызстан Республикасының Үкiметi бұдан әрi Екi Жақ деп аталатын болады, экономикалық дербестiк принциптерiн негiзге ала отырып, өзара тиiмдi экономикалық байланыстарды тең праволы негiзде тереңдету мақсатын басшылыққа ала отырып, осы үкiметаралық Келiсiм жасады:
1-статья
Уағдаласушы Жақтар Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасында қалыптасқан экономикалық байланыстар мен товар алмасу қатынастарын ескере отырып, 1991 жылға өзара өнiм берiп тұрады 1990 жылғы деңгейден кемiтпей сақтауға және алдағы уақытта олардың көлемiн баламалы негiзде теңестiруге шаралар қабылдауға келiстi. Кәсiпорындардың бiр-бiрiне өнiм берiп тұруы аймақтық және салалық байланыстардың қандай екенiне қарамастан республикалар арасындағы товар айырбасының жалпы балансында ескерiледi.
2-статья
Екi Жақ өзара қарым-қатынастарды кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, территориялық (муниципалдық) немесе мемлекеттiк басқару органдары және басқа шаруашылық субъектiлерi арасында олардың құзыры шеңберiнде жасалатын тиiстi шарттар, келiсiмдер немесе протоколдар негiзiнде жүзеге асырып отыруға келiстi. Олар өз мiндеттемелерiнiң орындалуына толық жауап бередi және шаруашылық субъектiлерiнiң Екi Жақтың бiрiнiң мүддесiне қысым жасауға бағытталған кез-келген әрекетiне жол бермеуге бiрлесiп шара қолданатын болады.
3-статья
Екi Жақ кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер және басқа шаруашылық субъектiлерi арасында шикiзатпен, өнiммен, халық тұтынатын товарлармен өзара сауда жасау мен қызмет көрсету жөнiнде нарықтық қатынастарға көшудi ескере отырып тiкелей шаруашылық байланыстарды сақтауға, орнатуға және кеңейтуге, сондай-ақ шарттар немесе жеке қабылданған тапсырыстар бойынша жол берiлген кемiстiктiң орнын толтыруға жәрдемдесiп отыратын болады.
4-статья
Екi Жақ өздерiнiң территориялық басқару органдары, кәсiпорындары, ұйымдары, мекемелерi және басқа шаруашылық субъектiлерi белгiлi бiр шектеу қойылған өнiмдердi өзара берiп тұру жөнiнде шарттар жасасқан кезде оларды тек екi Үкiметтiң компоненттi органдарының рұқсат етуiмен ғана сыртқа шығару немесе әкелу көзделуге тиiс деп келiстi.
5-статья
Екi Жақ ынтымақтастықты жүзеге асыруға республикалардың территориясында орналасқан кәсiпорындар мен ұйымдар, меншiктiң формаларына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қатыса алады деп санайды. Екi Жақ келiскен жағдайда республикалардың территориясынан тысқары орналасқан кәсiпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк қатысушылар ынтымақтастыққа қатыса алады.
6 статья
Екi Жақ 1991 жылы өзара өнiм берiп тұрғаны үшiн есеп айырысу кезiнде Екi Жақ үшiн де қолайлы қазiргi прейскуранттар мен уағдаластық бағаларды (сом есебiмен) пайдаланатын болады. Екi Жақ бiр-бiрiне экономикалық нұқсан келтiруi мүмкiн iс-әрекеттерге барудан тартынады.
7-статья
Екi Жақ Қазақ ССР-i мен Қырғызстан Республикасының 1991-1995 жылдарға арналған экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық Бағдарламасын әзiрлеу жөнiнде бiрлескен жұмыс комиссиясын құру қажет деп таныды, бағдарламада тең праволылық пен
өзара тиiмдiлiк негiзiнде осы байланыстарды одан әрi дамыта беру көзделетiн болады. Екi Жақ осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде аталған Бағдарламаны әзiрлеудi аяқтап, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықтың мынадай бағыттары бойынша шарттар жасасып, келiсiмдерге немесе протоколдарға қол қоюға уағдаласты: жалпы-экономикалық проблемалар және финанс-кредит саясаты; әлеуметтiк сала және ұлттық саясат; тұтыну нарығы және халық тұтынатын товарлар өндiрiсi; ғылыми-техникалық прогресс және информатика; экология; өнеркәсiп өндiрiсiнiң құрылымын жетiлдiру және өндiрiстiк қуаттарды пайдалану; транспорт және байланыс құралдары; материалдық-техникалық қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы және азық-түлiк; құрылыс және архитектура; халықтың көшiп-қонуы; праволық жәрдем; правоқорғау органдарының қызметiн үйлестiру. 8-статья Екi Жақ осы Келiсiмнiң орындалу барысы туралы бiр-бiрiн хабарлар етiп тұруға уағдаласты. 9-статья Екi Жақ жыл сайын келiсiлген уақытта өзара өнiм берiп тұрудың бес жылдық мерзiмге арналған келешегiн ескере отырып, келесi жылғы көлемi мен құрылымын қарап, бекiту қажет деп тапты. 10-статья Осы Келiсiм қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және Екi Жақтың бiрi ағымдағы календарьлық жыл аяқталғанға дейiн үш ай бұрын оны өзгерту немесе қызметiн тоқтату жөнiнде тiлек бiлдiрмесе, қолданыла бередi. 1991 жылғы 18 ақпанда Алматы қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде үш дана етiп жасалды, және де үш текстiң күшi бiрдей. Қазақ ССР Қырғызстан Республикасы Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы ШАРТ
Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы мен Қырғызстан Республикасы, бұдан әрi Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар деп аталатын болады:
- Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларациясы мен Қырғызстан Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларациясын негiзге ала отырып;
- Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының түбегейлi ұлттық мүдделерiне сай келетiн тарихи қалыптасқан достық дәстүрлерiн, экономикалық және мәдени байланыстарды баянды етiп, дамытуға, тату көршiлiк және өзара тиiмдi ынтымақтастық қатынастарын нығайтуға ұмтыла отырып;
- өздерiнiң мемлекетаралық қатынастарын егемендi теңдiк, iшкi iстерге араласпау, территориялық тұтастықты құрметтеу, күш қолданудан немесе қысым жасаудың экономикалық әдiстерiн қолданудан бас тарту, даулы проблемаларды халықаралық правоның жалпы жұрт таныған нормаларына сәйкес келiсу құралдарымен реттеу негiзiнде дамытуды көздей отырып;
- егемендi мемлекеттердiң жаңарған одағы негiзiнде ССРО-ның мемлекеттiк құрылымын жаңартуды жақтай отырып;
- Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, сондай-ақ Хельсинки Қорытынды Актiсiнiң, жаңа Европаға арналған Париж хартиясының және Европа мен Азиядағы халықаралық хауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi басқа да құжаттардың мақсаттары мен принциптерiне өзiнiң адалдығын қуаттай келiп;
- адам праволары туралы халықаралық правоның жалпы жұрт таныған нормаларын сақтауға мiндеттене отырып,
мына төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
1-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар бiрiн бiрi егемендi мемлекет деп танып, екiншi жақтың мемлекеттiк егемендiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн әрекеттерге бармауға мiндеттенедi.
2-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар өз азаматтарына ұлтына немесе басқа да айырмашылықтарына қарамастан тең праволар мен бостандықтар кепiлдiгiн бередi.
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар азаматтық туралы заңдар қабылдағаннан кейiн Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы мен Қырғызстан Республикасының территорияларында тұратын барлық ССРО азаматтарына өздерi территориясында тұратын Жақтың азаматы болу правосына кепiлдiк бередi.
Екiншi Жақтың территориясында тұратын адамдардың екi Жақтың бiрiнiң азаматтығын алу мәселелер екi Жақтың азаматтық туралы заңын ескере отырып тиiстi келiсiммен реттелетiн болады.
3-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтардың әрқайсысы Уағдаласушы екiншi Жақтың азаматтарына, сондай-ақ оның территориясында тұратын азаматтығы жоқ адамдарға ұлтына, дiнiне немесе басқадай айырмашылықтарына қарамастан адам праволары туралы жалпы жұрт таныған халықаралық нормаларға сәйкес азаматтық, саяси, әлеуметтiк, экономикалық және мәдени праволар мен бостандықтар кепiлдiгiн бередi.
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтардың әрқайсысы Уағдаласушы екiншi Жақтың территориясында тұратын өз азаматтарының праволарын қорғайды, оларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетедi.
Азаматтар праволарын қорғауды қамтамасыз ету, механизмi арнаулы келiсiмдермен реттелетiн болады.
4-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар өз территорияларында тұратын аз ұлттардың этникалық, мәдени, тiл және дiни ерекшелiктерiнiң және қалыптасқан бiрегей этникалық-мәдени аймақтардың дамуы мен сақталуына жәрдемдеседi және ондайларды өз қорғауына алады.
5-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар өз халықтары мен мемлекеттерiнiң саясат, экономика, мәдениет, денсаулық сақтау, экология, ғылым, техника, сауда, гуманитарлық және басқа салалардағы тең праволы және өзара тиiмдi ынтымақтастығын дамытатын, кең көлемде хабар алмасылуына
жәрдемдесетiн, өзара мiндеттемелердi адал және бұлжытпай сақтайтын болады. Екi Жақ ынтымақтастық туралы тиiстi келiсiмдер жасауды қажет деп санайды. 6-статья Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы мен Қырғызстан Республикасының ССРО шеңберiнде қалыптасқан шекаралардағы территориялық тұтастығын таниды және құрметтейдi. 7-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар жаңарған ССР Одағы шеңберiнде коллективтiк хауiпсiздiк жүйесiн, соның iшiнде екi Жақтың бейбiтшiлiктi одан әрi нығайтуға деген ұмтылысын ескере отырып екi мемлекеттiң қорғаныс және хауiпсiздiк саласындағы ынтымақтастығын қажет деп таниды.
8-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар ортақ үйлестiрушi институттар арқылы тең праволы негiзде жүзеге асырылатын өздерiнiң бiрлескен құзырына мыналар жатады деп таниды:
- адам праволарын қорғау мәселелерi;
- сыртқы саясаттағы және сыртқы экономикалық қызметтегi өзара қимыл;
- жалпы экономикалық кеңiстiктi, жалпыевропалық және евразиялық рыноктарды қалыптастыру мен дамытудағы, таможнялық саясат саласындағы ынтымақтастық;
- энергетика, транспорт, информатика және байланыс жүйелерiн, соның iшiнде спутник байланысы мен телекоммуникацияны басқару;
- өз территорияларында айналадағы ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық, экологиялық хауiпсiздiктiң әмбебап халықаралық жүйесiн жасауға қатысу, төтенше жағдайларда өзара көмек көрсету;
- көшiп-қону саясатының мәселелерi;
- қылмысқа қарсы күрес.
9-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар Семей полигонында ядролық қару сынаудың және Арал теңiзi аймағындағы экологиялық апаттың орны толмас зардаптарын ұғынады, осы зардаптарды жою жөнiнде өз күш-жiгерiн бiрiктiрiп, үйлестiрiп отыруға мiндеттенедi.
10-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар өздерiнiң әрқайсысының меншiк түрлерi мен формаларын дербес белгiлеу және өз территориясында меншiк қатынастарын реттеу правосын таниды.
Екiншi Жақтың территориясында орналасқан бiр Жақтың мемлекеттiк
мүлкiнiң, заңды ұйымдары мен азаматтары мүлкiнiң праволық режимi тиiстi келiсiмдермен реттеледi. Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар жалпыодақтық меншiк деп саналатын объектiлер жөнiндегi барлық мәселелердiң ерекше келiсiмдермен реттелетiнiне келiседi. 11-статья Уағдаласушы Мәртебелi Жақтардың экономикалық келiсiмдерi барынша қолайлылық жағдайын жасау режимi берiлетiн келiсiмдермен реттеледi. Екi Жақ экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық қатынастардың: - мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары; - банктер мен қаржы жүйесi; - жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары;
- меншiктiң кез-келген түрiне негiзделген кәсiпорындар, бiрлестiктер, ұйымдар мен мекемелер, соның iшiнде бiрлескендерi;
- жеке кәсiпкерлер деңгейiнде дамытылуын қамтамасыз етедi.
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар шаруашылықаралық қатынастарының, сауда алыс-берiсiнiң, байланыс пен тасымалдардың барлық түрлерiнiң нақты механизмдерi, сондай-ақ экономикалық және ақпараттық ынтымақтастығының мәселелерi үкiметаралық актiлермен реттелетiнiне келiседi. Екi Жақ екiншi Жаққа нұқсан келтiретiн экономикалық шараларды бiр жақты түрде қолданбайды.
12-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар өзара өнiм беру мен қызмет көрсету, төлем, баға және бағалы қағаздардың қозғалысы туралы, сондай-ақ дүниежүзiлiк баға деңгейiн бағдар ете отырып, өзара есеп айырысуға көшу мерзiмдерi туралы үкiметаралық келiсiмдер жасасады. Келiсiмдердiң бұл тiзбесiн түпкiлiктi деп қарауға болмайды.
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар баға саясатын үйлестiру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттенедi.
13-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар өз территорияларында орналасқан теңiз, өзен және әуе порттары, темiр жол және автомобиль жолы жүйелерi мен магистральды труба құбырлары арқылы транзиттi транспорт операцияларын қамтамасыз етедi.
Транзиттi транспорт операцияларын жүзеге асырудың шарты мен тәртiбi екi Жақтың арнаулы келiсiмдерiмен белгiленедi.
14-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар мемлекетаралық қатынастардың басқа да барлық салаларында ынтымақтастық туралы шарттар немесе келiсiмдер жасасу правосын өзiнде қалдырады.
15-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар өкiлеттi өкiлдер алмасу орынды деп санайды. Өкiлдiктер алмасудың тәртiбi және олардың статусы арнаулы келiсiмдермен реттелетiн болады.
16-статья
Осы Шарт нормаларын түсiндiру мен қолдануға байланысты даулар келiссөз жүргiзу жолымен шешiледi.
17-статья
Осы Шарт Уағдаласушы Мәртебелi Жақтардың үшiншi мемлекеттер жөнiндегi мiндеттемелерiне және олардың екi Жақтың бiрлескен құзырының Шартта белгiленген саласына және коллективтiк хауiпсiздiк жүйесiне қатысуы туралы үшiншi елдермен шарттар жасасу правосын қозғамайды.
Осы Шарт үшiншi жақтарға қарсы бағытталмаған.
18-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтар осы Шартты орындау мәселелерi бойынша екi жақты консультациялар мен келiссөздi жүйелi түрде жүргiзiп отыратын болады.
Осы Шартты жүзеге асыру мақсатымен екi Жақ сондай-ақ ынтымақтастық жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн парламентаралық комиссия мен үкiметаралық үйлестiрушi орган құру қажет деп санайды.
19-статья
Уағдаласушы Мәртебелi Жақтардың әрқайсысы осы Шарттың немесе оның жекелеген статьяларының күшiн одан әрi сақтаудың орынды екенi туралы консультациялар шеңберiнде келiссөз жүргiзу правосын өзiнде қалдырады. Осы Шарттың ережелерiн Уағдаласушы Мәртебелi Жақтардың өзара келiсiмi бойынша толықтыруға немесе өзгертуге болады. 20-статья Осы Шарт бекiтiлуге тиiс. Бекiту грамоталары Бішкек қаласында алмасылатын болады. Осы Шарт бекiту грамоталары алмасылған күнi күшiне енедi. 21-статья Осы Шарт он жыл мерзiмге жасалады. Егер екi Жақтың бiрi Шартты бұзғысы келетiнiн оның мерзiмi бiткенге дейiн кемiнде алты айдың iшiнде жазбаша хабарлау жолымен мәлiмдемейтiн болса, оның күшi содан соң келесi он жыл мерзiмге өздiгiнен жалғаса бередi. Алматы қаласында 1991 жылы 18 ақпанда екi дана етiп, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде жасалды және үш текстiң де күшi бiрдей. Қазақ Советтiк Социалистiк Қырғызстан Республикасы Республикасы үшiн үшiн Қазақ Советтiк Социалистiк Қырғызстан Республикасының Республикасының Президентi Президентi