Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық инспекциясы қызметкерлерiнiң жалақы кестесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 16 шiлде 1992 ж. N 605. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық инспекциялары қызметкерлерiнiң қызмет жалақылары 1-5 кестелерге сәйкес белгiленсiн. 
      Осы қаулыда көзделген қызмет жалақылары 1992 жылғы 1 мамырдан бастап енгiзiледi. 
      2. Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 9 қыркүйектегi "Қазақ ССР Мемлекеттiк салық қызметiнiң мәселелерi" деген N 520 қаулысымен бекiтiлген Қазақ ССР Мемлекеттiк салық қызметi органдары қызметкерлерiнiң еңбек ақысын төлеу Шарттарынан мынадай сөздер алынып тасталсын: 
      3-тармақтың бiрiншi абзацынан: "мен материалдық көтермелеу және әлеуметтiк даму қоры"; 
      3-тармақтың екiншi абзацынан: "лауазымдық жалақының 30 процентiне дейiнгi мөлшерде"; 
      3-тармақтың үшiншi абзацынан: "мен материалдық көтермелеу және әлеуметтiк даму"; 
      3-тармақтың төртiншi абзацынан: "Мемлекеттiк салық қызметiнiң басшыларына және олардың орынбасарларына берiлетiн сыйлық олардың төрт айлық лауазымдық жалақысынан аспауы тиiс". 
      3. Мыналар күшiн жойды деп танылсын: 
      Қазақ ССР Мемлекеттiк салық органдары қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң осы Шарттарының 5-тармағы; 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық инспекциялары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының кестесi туралы" 1992 жылғы 7 ақпандағы N 100 қаулысы. 
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығымен бюджеттiк қаржыландырудағы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiне жалақы төлеудiң қолданылып жүрген басқа да шарттары, оның iшiнде үстеме ақының, қосымша ақының, сыйлықтардың және ынталандыру, өтеу сипатындағы басқа да төлемдердiң мөлшерлерi сақталғаны ескерiлсiн. 

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi 

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1992 жылғы 16 шiлдедегi      
N 605 қаулысына қосымша      
N 1, 2, 3, 4, 5          
кестелер              

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады