Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы жоғары аттестациялық комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 23 шiлде 1992 ж. N 627. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.06.26. N 876 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия туралы" 1992 жылғы 17 мамырдағы N 784 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияға (Қазақстан Республикасының ЖАК-ы):
      республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының құрамдас бөлiгi ретiнде интеллектуалдық ғылыми әлеуетiн қалыптастыру саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
      республиканың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу орындарындағы, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және басқа да институттары мен ұйымдарындағы ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялауға басшылық ету, сондай-ақ ғылыми дәреже мен атақ алуға талпынушыларға бiрыңғай талаптар қойылуын қамтамасыз ету;
      диссертациялық жұмыстардың сапасына, олардың ғылыми және практикалық құндылығына бақылау жасау;
      ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялау мен қайта аттестациялау, ғылыми дәреже беру туралы дипломдар мен ғылыми атақ беру туралы аттестаттардың күшiн тану саласында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      ғылыми дәреже беру және ғылыми атақ беру туралы дипломдар мен аттестаттарды ресiмдеу және тапсыру жүктелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының ЖАК жүйесiне:
      докторлық және кандидаттық диссертация қорғалатын арнаулы кеңестер;
      ғылым салалары бойынша құрылған сараптаушы кеңестер енгiзiлетiн болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы ЖАК-ының диссертацияларды сараптау және қорғалған диссертациялар туралы мәлiметтердiң банкiн құру жөнiндегi барлық жұмыстары республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының ЖАК-ы орталық аппаратының шектi саны 35 адам (үй-жайын күзетушi және қызмет көрсетушi адамдарды қоспағанда) болып бекiтiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының ЖАК-ына комиссия төрағасының екi орынбасары және 7 адамнан тұратын алқасы болуына рұқсат етiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығын жүзеге асыру туралы" 1992 жылғы 20 мамырдағы N 448 қаулысында көзделген еңбекақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасы ЖАК-ының қызметкерлерiне де қолданылсын (N 2 кесте).
      7. Қазақстан Республикасы ЖАК-ына қызмет бабында пайдаланатын 2 жеңiл автомобильге лимит белгiленсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1992 жылы ЖАК-тың орталық аппаратын ұстауға қажеттi қаржы бөлсiн.
      9. Қазақстан Республикасы ЖАК-ының төрағасы медициналық, тұрмыстық қамту және көлiк қызмет көрсетiлуi жөнiнен республика министрiне, ал төрағаның орынбасарлары республика министрiнiң орынбасарларына теңестiрiлсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Алматы қалалық әкiмiмен бiрлесiп, он күн мерзiмде Қазақстан Республикасы ЖАК-ының орталық аппаратын орналастыру жөнiнде мәселе қарап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
      11. Қазақстан Республикасының ЖАК-ына Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгiмен, Бiлiм министрлiгiмен, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясымен бiрлесiп, 2 ай мерзiмде Қазақстан Республикасы ЖАК-ының ақпараттық бюллетенiн шығару жөнiндегi мәселенi белгiленген тәртiппен шешу тапсырылсын.
      12. Қазақстан Республикасының ЖАК-ы республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келiсiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 2 ай мерзiмде, "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия туралы Ереженiң" жобасын табыс етсiн.
      13. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi тiкелей шарт жасау арқылы Қазақстан Республикасының ЖАК-ын қажеттi телефон, телеграф және телекс байланыстарымен қамтамасыз етсiн.
      14. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi, Мемэкономкомы 1992 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының ЖАК-ына жиhаз, жабдық, мүкәммал, кеңсе тауарлары мен қағаз бөлiнуiн қамтамасыз етсiн. Үкiмет шешiмiн талап ететiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзсiн.
      15. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы, Қаржы министрлiгi 1993 жылдан бастап, қажеттi қаржы бөлiнуiн, ал Алматы қаласының әкiмшiлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы ЖАК-ының қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салынуын қамтамасыз етудi көздейтiн болсын.
      16. Республикалық валюта комитетi Қазақстан Республикасы ЖАК-ының құзыретiне қатысты мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшiн қажеттi валюта қаржысын қарастыратын болсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады