Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Кеден комитетi жүйесi мекемелерiнiң басқарушы және оперативтiк құрамдағы адамдарына дербес атақтар беру тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 4 тамыздағы
N 655 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Кеден комитетi
жүйесiндегi мекемелердiң басқарушы және
оперативтiк құрамдағы қызметкерлерiне дербес
атақтар беру тәртiбi туралы
Ереже
1. Осы Ережеде белгiленген талаптарға сай келетiн Қазақстан
Республикасы Кеден комитетi жүйесi мекемелерiнiң басқарушы және
оперативтiк құрамдағы қызметкерлерiне төмендегi тармақтарда көзделген
лауазымдарға сәйкес мынадай дербес атақтар берiледi:
а) Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнде:
толық дәрежелi мемлекеттiк - Қазақстан Республикасы Кеден
кеңесшiсi комитетiнiң Төрағасы
кеден қызметiнiң I дәрежелi - Кеден комитетi Төрағасының
мемлекеттiк кеңесшiсi бiрiншi орынбасары
кеден қызметiнiң II дәрежелi - Кеден комитетi Төрағасының
мемлекеттiк кеңесшiсi орынбасары
кеден қызметiнiң III дәрежелi - басқарма бастығы
мемлекеттiк кеңесшiсi
кеден қызметiнiң I дәрежелi - басқарма бастығының орынбасары,
кеңесшiсi бөлiм бастығы
кеден қызметiнiң II дәрежелi - бөлiм бастығының орынбасары,
кеңесшiсi сектор бастығы, Кеден комитетi
Төрағасының көмекшiсi
кеден қызметiнiң III дәрежелi - бас, жетекшi инспектор
кеңесшiсi
кеден қызметiнiң I дәрежелi - аға инспектор
инспекторы
кеден қызметiнiң II дәрежелi - инспектор
инспекторы
б) кедендiк мекемелерде:
кеден қызметiнiң III дәрежелi - аймақтық кеден бастығы
мемлекеттiк кеңесшiсi
кеден қызметiнiң I дәрежелi - кеден бастығы
кеңесшiсi
кеден қызметiнiң II дәрежелi - кеден бастығының орынбасары,
кеңесшiсi кедендегi постының бастығы
кеден қызметiнiң III дәрежелi - бөлiм бастығы, кедендегi пост,
кеңесшiсi бөлiм бастығының орынбасары
кеден қызметiнiң II дәрежелi - кедендiк мекеменiң аға инспекторы
инспекторы
кеден қызметiнiң III дәрежелi - кедендiк мекеменiң инспекторы
инспекторы
кеден қызметiнiң I дәрежелi - кеден мекемесiнiң бас инспекторы
инспекторы
2. Жоғары басшы құрамға дербес атақты қолданылып жүрген заңға
сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Аталған дербес атақтарды беру туралы ұсынысты Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi енгiзедi.
Кiшi және орта басшы құрамдағыларға дербес атақтарды Қазақстан
Республикасы Кеден комитетiнiң Төрағасы бередi.
3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi жүйесiндегi
мекемелердiң кiшi, орта, жоғары басшы құрамына дербес атақтар атқарып
отырған лауазымы, бiлiмi мен осы мекемедегi жұмыс стажы ескерiле отырып,
аттестаттаудан ойдағыдай өткен жағдайда реттiлiк тәртiбiмен берiледi.
Реттi тәртiптi сақтамай дербес атақтар беруге осы Ереженiң 5-6
тармақтарында көзделген жағдайларда ғана жол берiледi.
4. Әрбiр дербес атаққа мынадай еңбек ету мерзiмдерi белгiленедi:
кеден қызметiнiң III дәрежелi инспекторы - 2 жыл
кеден қызметiнiң II дәрежелi инспекторы - 3 жыл
кеден қызметiнiң I дәрежелi инспекторы - 3 жыл
кеден қызметiнiң III дәрежелi кеңесшiсi - 4 жыл
кеден қызметiнiң II дәрежелi кеңесшiсi - 4 жыл
Кеден қызметiнiң I, II, III, дәрежелi мемлекеттiк кеңесшiсiнiң, кеден қызметiнiң I дәрежелi кеңесшiсiнiң дербес атақтарына еңбек ету мерзiмi белгiленбейдi.
5. Кеден комитетiнiң Төрағасына кейбiр жағдайларда:
а) жұмыстағы айрықша көзге түскенi үшiн, соның алдындағы атаққа белгiленген еңбек ету мерзiмiнiң уақыты өтпей-ақ кезектi дербес атақ беру;
б) қызметкердi жоғары қызметке көтерген кезде кезектi сақтамай ол бұған дейiн атқарып келген қызметтен 2 атақтан асырмай дербес атақ беру хұқы табысталады.
6. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi жүйелерiндегi мекемелерге ауысып келген және бұрын арнаулы әрi әскери атағы болған қызметкерлерге, дербес атақ олардың атқарған лауазымы, бiлiмi және тәжiрибесi ескерiлiп берiледi.
7. Басқарушы құрамдағы қызметкерлер:
- кiшi және орта басшы құрамдағылар - соттың үкiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң Төрағасы белгiлеген тәртiппен;
- жоғары басшы құрамдағылар - Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес арнайы атақтардан айырылуы мүмкiн.
8. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi жүйесiнiң мекемелерiндегi басшы құрам қызметкерлерiнiң ерекшелiк белгiлерiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң Төрағасы бекiтедi.