1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңiнiң шетелдiк әскери тұтқындары мен ерекше режимдегiлердiң мәселелерi жөнiндегi Республикалық комиссияны құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 тамыз 1992 ж. N 689

      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңiнде Қазақстан территориясындағы Iшкi iстер министрлiгiнiң лагерьлерiнде болған әскери тұтқындар мен ерекше режимдегiлердiң тағдыры және олар жерленген жерлердiң жай-күйi туралы өзара ақпарат алысуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңiнiң шетелдiк әскери тұтқындары мен ерекше режимдегiлердiң мәселелерi жөнiндегi Республикалық комиссияның осыған қоса тiркелген құрамы бекiтiлсiн.
      2. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңiнiң шетелдiк әскери тұтқындары мен ерекше режимдегiлердiң мәселелерi жөнiндегi Республикалық комиссия жергiлiктi әкiмдермен бiрлесiп iс-әрекет жасай отырып Қазақстан территориясындағы Iшкi iстер министрлiгiнiң лагерьлерiнде болған шетелдiк әскери тұтқындар мен ерекше режимдегiлердi iздестiрудi, олар жайындағы мәлiметтердi жинақтау мен жүйелеудi ұйымдастырып, қамтамасыз етсiн.
      Жергiлiктi әкiмдердiң қатысуымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңiнiң қайтыс болған әскери тұтқындары мен ерекше режимдегiлердiң жерленген жерлерiн күтiп ұстау жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырсын.
      Министрлiктер мен ведомстволар, жергiлiктi әкiмдер шетелдiк әскери тұтқындар мен ерекше режимдегiлердiң Қазақстанда болуы туралы қолда бар архив iстерi мен материалдарды 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңiнiң шетелдiк әскери тұтқындары мен ерекше режимдегiлердiң мәселелерi жөнiндегi Республикалық комиссияға берiп тұратын болсын.
      3. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңiнiң шетелдiк әскери тұтқындары мен ерекше режимдегiлердiң Қазақстанда болуы туралы материалдарды жинау мен өңдеу, аталған адамдар жерленген жерлердi тиiсiнше күтiп ұстау, сондай-ақ заңды мүдделi ұйымдарға олар жайында ақпарат беру, республикаға келетiн туған-туысқандарын, жақындарын және шетелдiк ұйымдардың өкiлдерiн қабылдау, орналастыру мен қызмет көрсету "Антитеза" қауымдастығына жүктелсiн.
      Аталған шараларды халықаралық сыртқы экономикалық "Наурыз" қауымдастығы қаржыландыратыны еске алынсын.
      4. Қазақстан Республикасының шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен және қоғамдық ұйымдарымен гуманитарлық байланысын кеңейту мақсатында Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiне, "Антитеза" қауымдастығына, халықаралық сыртқы экономикалық "Наурыз" қауымдастығына 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңiнiң шетелдiк әскери тұтқындарымен ерекше режимдегiлердiң республика территориясында болуына байланысты мәселелер жөнiнде бұқаралық баспасөз құралдарында очерк, әңгiме жариялануын, сондай-ақ хроникалдық-құжаттық фильмдер түсiрiлуiн ұйымдастыру ұсынылсын.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi
                                          Қазақстан Республикасы   

Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 689 қаулысымен Бекiтiлген


              1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңiнiң

                 шетелдiк әскери тұтқындары мен ерекше
                 режимдегiлердiң мәселелерi жөнiндегi

                     Республикалық комиссия
     
Сұлтанов К.С.           - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                          орынбасары (комиссия төрағасы)

Жалмағамбетов Т.Ж.      - "Антитеза" қауымдастығының төрағасы (комиссия
                          төрағасының орынбасары)

                            Комиссия мүшелерi:

Алданазаров А.С.        - "Қазақстан-Жапония" қауымдастығының тарих 
                          бөлiмiнiң меңгерушiсi

Әмiрханова Ж.Ә.         - Шет елдермен достық және мәдени байланыс 
                          жөнiндегi Қазақ қоғамының төрайымы

Асқаров Ә.А.            - Қазақстан Республикасының Президентi мен
                          Министрлер Кабинетi Аппаратының Мәдениет 
                          және ұлтаралық қатынастар бөлiмiнiң аға 
                          референтi

Белан П.С.              - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
                          Ш. Уәлиханов атындағы Тарих археология және
                          этнография институтының бас ғылыми қызметкерi

Жәнiбеков Ш.Ж.          - Отандастармен мәдени байланыс және
                          ынтымақтастық жөнiндегi Қазақ қоғамының
                          ("Қазақстан" қоғамы) төрағасы

Журин В.К.              - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
                          объектiлерiн дамыту мен пайдалану
                          жөнiндегi мемлекеттiк республикалық
                          "Қазтұрмыскомшар" концернi төрағасының
                          бiрiншi орынбасары

Иванов В.М.             - Қазақстан Республикасының Iшкiминi
                          ақпарат орталығының бастығы

Қайырғалиев М.Қ.        - Қазақстан Республикасы Министрлер
                          Кабинетi жанындағы Бас архив басқармасы
                          бөлiмiнiң бастығы, алқа мүшесi

Ключка А.К.             - Қазақстан Республикасы Әскери
                          прокуратурасы ақтау бөлiмiнiң бастығы

Тыныбеков М.К.          - Қазақстан Республикасының Президентi мен
                          Министрлер Кабинетi Аппараты Қорғаныс
                          бөлiмiнiң аға референтi

Мусина А.А.             - Қазақстан Республикасының Шет ел
                          министрлiгiнiң Консулдық басқармасының
                          бастығы
<*>

     ЕСКЕРТУ. Кұрам өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1993.05.20. N 417 және
              1993.08.11. N 687 қаулыларымен.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады