Қазақстан Республикасының уран кен орындары бойынша запасы және геологиялық-экономикалық сипаттамасы туралы мәлiметтi ашу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 тамыздағы N 708 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiкке (АТЭХАГ) енгiзу әрi уран және оның өнiмдерiн сатуға республика үшiн квота алу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Уванас, Қанжуған, Жалпақ, Мойынқұм, Мыңқұдық, Қарамұрын, Еркөл, Қолжат, Төменгi iле, Сұлушоқы уран кен орындары бойынша запас пен геологиялық-экономикалық сипаттама туралы мәлiмет ашылсын.
      2. Баспасөзде жариялау және Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiкке, Лондондағы уран институтына және басқа халықаралық ұйымдарға беру үшiн Қазақстан Республикасындағы уранның жиынтық запасы мен ресурстары жөнiнде мәлiмет ашылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады