Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Әлеуметтiк қамсыздандыру органдарының тапсырмасы бойынша байланыстың зейнетақы мен жәрдемдi төлеу жөнiнде көрсететiн қызметi реттелетiн тариф бойынша атқарылады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы жанындағы Баға комитетiнiң келiсуi бойынша аталған тарифiн бiр апталық мерзiмде бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi