Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 21 қыркүйек N 781. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993.03.09. N 179 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығын жүзеге асыру туралы" 1992 жылғы 20 мамырдағы N 448 қаулысының үстемақы, сыйлық және басқа да ынталандыру сипатындағы төлемдер жөнiндегi бөлiгi

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң орталық аппаратына 
қолданылатын болсын.
     2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан 
Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi 
N 575 қаулысының қосымшасына берiлген ескертудiң күшi жойылған деп 
танылсын.

               Қазақстан Республикасының
                    Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады