Қазақстан Республикасы тұтынушылар қоғамы одағының (Қазтұтынуодағы) валюталық қорын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 22 қыркүйек 1992 ж. N 790. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N 964 қаулысымен.

      Тұтыну кооперациялары кәсiпорындарының сыртқы экономикалық қажетiнiң одан әрi дамуын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 10 сәуiрдегi N 716 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазтұтынуодағы ұйымдарының шетел әрiптестерiмен товар алмасу (баспабас) операциялары жөнiндегi экспортына салық салынбайтын болып белгiленсiн.
      2. Қазтұтынуодағы ұйымдарының товар алмасу операцияларын бухгалтерлiк ресiмдеу кезiнде комиссиялық сыйақы сомасын қоса  түсiмiнiң 100 процентi АLЕМ BANK KAZAKHSTAN есебiне аударылатын  болсын. 
     3. Осы қаулы 1992 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады