Көмiр қалдықтарын қайта бағалау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 6 қазан 1992 ж. N 830

      Қазақстан Республикасында өндiрiлген көмiрге 1992 жылғы 1 шiлдеден еркiн (нарықтық) баға белгiленуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Балансындағы көмiрдiң есебi биылғы 1 шiлдеге дейiн мемлекеттiк реттелетiн баға бойынша жүргiзiлiп келген кәсiпорындар мен ұйымдар 1992 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша көмiр қалдықтарына қайта бағалау жүргiзсiн.
      2. Қайта бағалау нәтижелерi:
      а) мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын кәсiпорындар мен ұйымдар бойынша - қаржыландырудың өздерiндегi көздерiн толықтыруға;
      б) бюджеттiк емес кәсiпорындар мен ұйымдар бойынша - қосымша бағалау сомасының 80 процентi - айналым қаржысын қаржыландырудың өздерiндегi көздерiн толықтыруға және қосымша бағалау сомасының 20 процентi - тең үлеспен республикалық және жергiлiктi бюджеттерге жiберiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады