1. "Қазастықөнiмi" концернiнiң Алматы қаласында Қазақ мемлекеттiк-акционерлiк "Қазэкспортастық" қоғамын ("Қазэкспортастық" МАҚ-ы) құру туралы шешiмi мақұлдансын.
2. Қазақ мемлекеттiк-акционерлiк "Қазэкспортастық" қоғамы:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсыруы бойынша, сондай-ақ "Қазастықөнiмi" концернiнiң келiсiмi бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес астықпен және оны өңдеуден алынған өнiмдермен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыратын болып белгiленсiн. Осы аталған жұмыстарды үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының өкiлдерiнен қосымшаға сәйкес құрамда кеңес құрылсын;
республикада және шет елдерде дайындау және астық өңдеу кәсiпорындарының құрылысы үшiн астық өнiмдерi жүйесi кәсiпорындарының несие, займ түрiндегi валюта қаржысын тартады;
белгiленген тәртiппен шет елдерден өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы шикiзат пен материалдар, машиналар, жабдықтар мен олардың босалқы бөлшектерiн халық тұтынатын товарлар сатып алатын болып белгiленсiн.
3. Қазақ мемлекеттiк-акционерлiк "Қазэкспортастық" қоғамы шарттық негiзде қоғамның, оның филиалдарының және өкiлдiктерiнiң жұмысына заңдарда көзделген тәртiп пен шарттарға сәйкес шетел мамандарын тартады.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 қазандағы N 840 қаулысымен Бекiтiлген
Астық және оның ұқсатылған өнiмдерiмен жасалатын
экспорт-импорт операциялары бойынша жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi кеңестiң Құрамы Тұрсынбаев Б. М. - Қазақстан Республикасы Премьер- министрiнiң орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрi (кеңестiң төрағасы) Остапенко Ю. И. - "Қазастықөнiм" концернiнiң төрағасы (кеңес төрағасының орынбасары) Голубь В. С. - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Аграрлық мәселелер жөнiндегi бөлiмнiң меңгерушiсi Каструба П. И. - Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрiнiң орынбасары Маренов Т. А. - Қазақстан Республикасы Мемэкономкомы төрағасының орынбасары Панов В. В. - Қазақстан Республикасы Көлiк министрiнiң орынбасары Рамазанов Е. А. - "Қазэкспортастық" МАҚ-ының бас директоры Төлебеков К. Қ. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi орынбасары - облыс әкiмдерiнiң орынбасарлары