1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты хауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бөлiмшелерiнiң бiрлестiктерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға және басқа да шаруашылық субъектiлерiне, олардың меншiк нысанына қарамастан, ақылы қызмет көрсетуiне рұқсат етiлсiн.
Ақылы қызмет көрсету туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты хауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өзiнiң жергiлiктi органдарына ақылы қызмет көрсетуден түскен сомадан алынатын салықтың бюджетке дер кезiнде және толық аударылуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 924 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты
хауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау
жөнiндегi мемлекеттiк комитет бөлiмшелерiнiң
бiрлестiктерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға және басқа да
шаруашылық субъектiлерiне ақылы қызмет көрсетуi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомының бөлiмшелерi "Қазақ ССР кәсiпорындары туралы" Заңына сәйкес бiрлестiктерге, кәсiпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ басқа да шаруашылық субъектiлерiне* ақылы қызметтiң жекелеген түрлерiн көрсете алады (қосымша). <Әрi қарай - кәсiпорындарға> .
2. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы бөлiмшелерi мен кәсiпорындар арасында ақылы қызмет көрсету кезiндегi қатынастарды реттеу шарт арқылы анықталады.
3. Ақылы қызметтердiң белгiлi бiр түрiнiң орындалуы үшiн Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомының бөлiмшелерi мен кәсiпорындар арасында:
бiр жолғы (бiр реттiк) жұмысқа;
абоненттiк қызмет көрсету түрiнде, ұзақ мерзiмдiк (кезеңдiк) жұмысқа шарт жасалынады.
Шарт қызметтiң белгiлi бiр мерзiмде атқарылуына немесе белгiлi бiр түрiнiң орындалуы үшiн жасалады.
4. Көрсетiлген қызметтiң құны немесе оларды төлеу тәртiбi мен шарттары шартта анықталады.
5. Шартқа кәсiпорынның жауапты өкiлi мен Мемкенқадағалаукомының инспекция бастығынан жоғары лауазымдағы адам (округ бөлiмiнiң бастығы) қол қояды және сол округ пен кәсiпорын басшыларынан жоғары лауазымдағы адамдар бекiтедi.
6. Шарт төрт дана етiп ресiмделедi және арнайы есепке алу журналына тiркеледi.
Жұмыс мерзiмi бiткенде немесе алдын ала келiсiлген белгiлi бiр көлемiн орындаған кезде жұмыс орындарында ақылы қызмет көрсету жұмыстарының (қажет жағдайда шартқа қоса тiркелген күнтiзбелiк жоспарда көрсетiлген жұмыс кезеңдерiндегi) орындалғаны туралы акт жасалынады. Жұмыстың орындалғаны туралы актiге шартта көрсетiлген дәрежеде қол қойылады және көрсетiлген қызмет үшiн ақы төлеу мiндеттi негiз болып табылады.
7. Көрсетiлген қызметтiң құны Республиканың Мемкенқадағалаукомы органдары дайындаған калькуляция негiзiнде және тапсырысшымен келiсе отырып анықталады. Кейбiр жағдайларда көрсетiлген қызметтiң құнын объектiнiң сметалық құнына немесе жобалау жұмыстарының құнына байланысты проценттiк қатынаста анықтауға болады.
Шартта көрсетiлген қызметтiң есептiк құны көрсетiледi немесе оның шыққан шығынға негiзделген анықтама жолдары айтылады.
8. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы бөлiмшелерi жұмыскерлерiнiң тұрақты жұмыс орындарынан басқа жерлерде қызмет көрсеткен жағдайда жатын орын және жол шығындарын да шартта көрсетiлген тәртiп пен норма бойынша кәсiпорын төлейдi.
9. Көрсетiлген ақылы қызмет үшiн төленетiн қаржы жұмыс аяқталған соң, үш күн iшiнде Мемкенқадағалаукомы органдарының ағымдағы шотына аударылуы тиiс және төмендегiдей тәртiппен бөлiнедi: түскен пайда сомасының 30 процентi республикалық бюджет кiрiсiне, ал қалған барлық сома Мемкенқадағалаукомы органдарының ағымдағы есеп шотына аударылады. Ағымдағы шоттар республиканың Мемкенқадағалаукомы органдарының өтiнiштерi бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi банкте ашылады.
10. Республикалық бюджетке аударғаннан қалған қаржы қызметкерлердi қосымша материалдық ынталандыруға, техникалық жабдықтауға және әлеуметтiк даму мәселелерiн шешуге жасалады.
Ақылы қызмет көрсетуден түскен және бiр жыл iшiнде пайдаланылмаған қаржы қалдығы бюджетке қайтарылмайды және алдағы жылдары пайдалануға қалдырылады.
11. Ақылы қызмет көрсеткенi үшiн есеп шотқа түскен қаржыны жұмсау Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы бөлiмшелерiнiң тиiстi басшыларының бекiткен шығын сметасына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Қазақстан Республикасы Мемкенқадағалаукомының бөлiмшелерi жасалынған шарттардың есебiн жүргiзедi, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, сонымен бiрге республикалық бюджетке кiрiс есебiнде бөлiнген соманы көрсете отырып, ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржының жұмсалуы және шығын сметасының орындалуы туралы тоқсан сайын есеп бередi.
13. Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржы мекеменiң, ұйымның бухгалтерлiк балансында төмендегiдей болып анықталады: субшот 112 "Басқа да бюджеттен тыс қаржылар бойынша ағымдағы есепшот" кiрiстеледi және субшот 238 "Мекеменi ұстауға арналған басқа да қаржылар" бойынша несиеге берiледi.
Көрсетiлген қаржылардың бiр жыл iшiндегi шығыны кiрiс бойынша субшот 215 "Өндiрiстiк қызметтен түскен қаржы шығыны" және несие бойынша субшот 240 "Басқа да бюджеттен тыс қаржы бойынша ағымдағы есепшотқа" сәйкес анықталады, ол жылдың аяғында есептен шығарылады және несие бойынша 215 субшот және кiрiс бойынша 238 субшот көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 924 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы бөлiмшелерiнiң бiрлестiктерге, ұйымдарға және басқа шаруашылық қызмет субъектiлерiне ақылы қызмет көрсетуi туралы Ережеге Қосымша
Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы
бөлiмшелерiнiң бiрлестiктерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға және басқа да шаруашылық субъектiлерiне ұсынылатын ақылы қызмет түрлерiнiң ҮЛГI-ТIЗБЕСI 1. Ақылы қызмет түрлерi, қадағалаудың барлық салалары үшiн ортақ 1. Бақылауындағы өнеркәсiп салалары үшiн еңбектi қорғауды басқару жүйелерiн әзiрлеуге қатысу.
2. Өндiрiстерде, олардағы жұмыстардың хауiпсiздiк деңгейiн анықтау және тәртiп пен норма талаптарына сай емес ауытқуларды жою шараларын әзiрлеу мақсатымен, түгендеу жұмыстарын жүргiзуге қатысу.
3. Кәсiпорындардың тапсыруымен құрал-жабдықтарды хауiпсiз пайдалану туралы ұсыныстарды әзiрлеп, сараптау-бақылау жұмыстарын жүргiзу.
4. Кәсiпорындарға және ұйымдарға жобаға өзгерiстер енгiзу үшiн материалдар дайындауда, хауiпсiздiк тәртiптерi мен нормаларына сәйкес негiзгi технологиялық құрал-жабдықтарға техникалық төл құжаттар мен технологиялық регламенттер дайындауда консультациялар беру мен әдiстемелiк көмек көрсету.
5. Жаңа технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану мүмкiндiктерi туралы және хауiп-қатер деңгейi жоғары объектiлер үшiн апатқа қарсы шараларды белгiлеу жөнiнде консультациялар беру мен техникалық құжаттарды қарау.
6. Жаңа салынып жатқан және қайта құрылудағы объектiлерге, жобалардан ауытқу кемшiлiктерiн жоюға ұсыныстар жасай отырып, алдын-ала қадағалауды жүзеге асыру.
7. Техникалық қауiпсiздiгiне қатысты объектiлердiң құрылысын жүргiзу құжаттамаларын сараптауға қатысу, кәсiпорындарды пайдалану мен таратуға арналған құжаттамаларға сараптау жүргiзу, сондай-ақ машиналардың, механизмдер мен басқа да жабдықтарды пайдалану мен жоюды әзірлеу. <*>
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1994 ж.
8 желтоқсандағы N 1395 қаулысы.
8. Жобалауға, құрылысқа, құрастыруға, өндiрiстi қайта жабдықтауға және бұрғылау-жарылыс жұмыстарын жүргiзуге берiлетiн рұқсат (лицензия) құжатын ресiмдеуде әдiстемелiк көмек көрсету.
9. Кәсiпорындар мен объектiлер үшiн жұмысшылар мен ИТЖ оқыту бағдарламасын әзiрлеу, электронды-есептеу техникасын пайдалана отырып, техникалық хауiпсiздiк және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi қызметкерлердiң бiлiмiн ауық-ауық тексеруге керектi емтихандық билеттер әзiрлеу.
10. Кәсiпорынның басшы және инженер-техникалық қызметкерлерiнiң, еңбектi қорғау және техникалық хауiпсiздiк туралы ережелер, нормалар мен нұсқаулар туралы, жұмысты хауiпсiз жүргiзу, құрал-жабдықтардың құрылымы мен пайдалану туралы бiлiмдерiн қайта тексеруге және төтенше тексеруге қатысу.
11. Кәсiпорындарға техникалық хауiпсiздiк жөнiндегi нұсқаулар мен басқа да нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрлеу жөнiнде әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету, хауiпсiздiк ережесi мен норма талаптарының жекелеген тарауларын қолдану хұқықтылығы туралы, сондай-ақ хауiптi жүктердi темiржол және автомобиль көлiктерiмен тасу жағдайында өндiрiстегi техникалық хауiпсiздiктi күшейтуге қабiлеттi техникалық шешiмдердi енгiзу жөнiнде ұсыныстар беру мәселелерi туралы консультациялар өткiзу.
12. Кәсiпорындарға оқу-жаттықтыру полигондарын, техника хауiпсiздiгi кабинеттерiн және оқу кластарын жабдықтауды сұрыптау мен ұйымдастыруда көмек көрсету.
13. Кәсiпорындардың жарғы жобаларын қарауда және техникалық хауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн құжаттарды дайындау мен ресiмдеуде көмек көрсету.
14. Техникалық хауiпсiздiк мәселелерi жөнiнде лекциялар оқу, семинарлар, басқа да оқытушылық қызметтер өткiзу.
15. Кәсiпорындардың өтiнiштерi бойынша, аяқталған өндiрiс құрылысының (учаскесiнiң, объектiнiң және т.б.) қабылдау комиссиясына ұсынылғанға дейiн және жiберiлген кемшiлiктерi жою жөнiнде кепiлдеме берiлгенге дейiн, техникалық хауiпсiздiк тәртiбi мен норма талаптарына сәйкестiгiн және пайдалануға дайындығын анықтау жұмыстарын жүргiзу.
16. Өндiрiстiң хауiптi жұмыс түрлерiн жүргiзуге баруға хұқылы болуға, жабдықтардың жаңа үлгiлерi мен құрылымын қабылдауға, ЕМ-дi сақтауға қайталама рұқсат қағазын, куәлiктер ресiмдеу.
17. Апаттарды жою және олардың оперативтi бөлiмдерiндегi жоспарларды әзiрлеуде әдiстемелiк көмек көрсету.
18. Минералды және көмiрсутектi шикiзаттарды жан-жақты пайдалануға байланысты мәселелер жөнiнде, пайдалы қазбалардың кен орындарын ұтымды пайдалану, жер қойнауын қорғау туралы консультациялар беру.
19. Жарылыс материалдарын автокөлiктермен тасымалдауға хауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн бақылауды жүзеге асыру.
II. Көмiр және тау-кен өнеркәсiптерiндегi
қадағалау, геологиялық-маркшейдерлiк бақылау
1. Тау бұрылыстарына, оның iшiнде кен орындарын зерттеуге арналған техникалық жобалар мен жұмысты өтеу блоктарының жобаларына қатысы жоқ жобалау-техникалық құжаттарды сараптауды жүзеге асыру.
2. Құрылыс объектiлерi құрылысына жер таңдау, пайдалануға қайта қабылдау жөнiндегi, өнеркәсiптiк жағынан игеруге барланған кен орындарын беру жөнiндегi комиссияларға қатысу.
3. Кен орындарын дамыту жоспарларын қайта қарап келiсу.
4. Пайдалы қазбаларды шығару жөнiнде құрылысты, кәсiпорынды қайта құруды, кен орындарын әзiрлеудi жобалау тапсырмасын келiсу.
III. Химиялық-металлургиялық
өнеркәсiптердi қадағалау
1. Кәсiпорындардың тапсыруымен қазан-утилизатор балқыту агрегатының құрамындағы бу арқылы салқындату жүйелерi агрессивтiк жағдайларда, жарылғыш-жанғыш хаупi бар орталарда, сондай-ақ жоғары температура мен қысымда жұмыс iстейтiн технологиялық аппаратура (ыдыстар)туралы техникалық куәландыру жұмыстарын жүргiзу.
2. Жаңа технологиялық құрал-жабдықтардың және хауiптiлiгi жоғары объектiлер үшiн апатқа қарсы белгiленген тәсiлдердiң техникалық құжаттарын қарау және консультациялар беру.
3. Ғылыми-зерттеу және жобалау-құрастыру ұйымдарының тапсыруымен тиiстi ұсыныстар бере отырып, технологиялық объектiлердiң хауiптiлiк деңгейiн бағалау жұмыстарын жүргiзу.
4. Жаңа өндiрiстi пайдалануда белгiленген технологиялық регламенттерге, хауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлiмдерiндегi технологияларға пiкiр айту.
5. Бақылауындағы кәсiпорындарға техника хауiпсiздiгi туралы кейбiр келелi мәселелердi шешуде делдалдық қызмет көрсету.
IV. Мұнай-газ өндiру өнеркәсiптерiнде,
геологиялық-барлауда және магистралдық мұнай, газ
өнiмдерiн жүргiзудi қадағалау
1. Барлық белгiленген скважиналарды жою және тоқтатып қою үшiн материалдар дайындауда консультациялар беру мен әдiстемелiк көмек көрсету.
2. Скважиналарды (пайдаланылатын, айдамалайтын және т.б.) ауыстыру жөнiндегi материалдарды жасауға консультация беру.
3. Көмiрсутектi шикiзаттар қорын өнеркәсiп балансынан шығарып тастау үшiн дайындалған материалдарға баға беру.
4. Мұнай, газ орындарын, газ-конденсаттарын өнеркәсiптiк жағынан игеру үшiн материалдарды дайындау барысында сараптау және әдiстемелiк көмек көрсету.
5. Магистралдық мұнай, газ өнiмдерiн жүргiзу объектiлерiнiң жоспарланғаннан тыс тоқтаған соң тексеру жүргiзу.
6. Дайындығының жетiспеушiлiгiнен қалып қойған жаңа, сондай-ақ күрделi жөндеуден өткен және қайта құрастырылған объектiлердi iске қосуға қайта шақыру.
V. Газбен жабдықтауды қадағалау
1. Газбен жабдықтау туралы кооперативтердiң, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, бiрлескен кәсiпорындардың шығармашылық топтары талдап жасаған жобаларындағы шешiмдердiң қазiргi тәртiптер мен нормаларға сәйкестiктерiн қарау және сараптау.
2. Кәсiпорындар мен ұйымдардың тапсыруымен газ шаруашылығының коммуналды-тұрмыстық және өнеркәсiптiк объектiлерiн салу және пайдалану кезiнде жобадағы шешiмдердiң сақталуына сараптық бағасын беру.
3. Газбен жабдықтау объектiлерiнде кәсiпорынның материалдық-техникалық негiзiн тексере отырып, жұмыс жүргiзуге рұқсат беру.
4. Тұрғын үйлерде және коммуналды-тұрмыстық объектiлерде газ құрал-жабдықтарының хауiпсiз пайдаланылуын қадағалауды жүзеге асыру.
VI. Қазан шұңқырларды қадағалау және
көтергiш құрылымдарды қадағалау
1. Кәсiпорындарға, ұйымдарға басқа да шаруашылық субъектiлерiне төмендегiдей консультациялар беру және әдiстемелiк көмек көрсету:
қазан шұңқырларды қадағалау, көтергiш құрылымдарды, сондай-ақ олардың элементтерiнен дайындауға, құрастыруға және жөндеуге рұқсат алу үшiн материалдар ресiмдеу;
жүк көтергiш крандары пайдаланылатын өндiрiстердiң жұмыс жобаларын жасау.
2. Мемкенқадағалаукомы органдарында тiркеуде жоқ қазан шұңқырларды, жүк көтергiш құрылымдарды, қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды, бу және ыстық су құбырларын дайындау үшiн монтаждау мен пайдалануға қадағалау жүргiзу.
VII. Жанғыш-жарылғыш хауiптi объектiлерi бар
кәсiпорындар мен ұйымдарды қадағалау
Мемкенқадағалаукомы органдарының қадағалауында жоқ (фосфор, шыны, кiрпiш зауыттары, машина жасау кәсiпорындарының құю цехтары және басқа объектiлер) өндiрiсте жарылғыш-жанғыш хаупi бар өнеркәсiптердiң барлық салаларындағы кәсiпорындар мен ұйымдарға техникалық хауiпсiздiк мәселелерi бойынша қызмет көрсету.