Қара металдар мен металл өнiмдерiн өндiру жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк "Қазболат" мемлекеттiк корпорациясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 23 қараша 1992 ж. N 969

      Өтпелi кезеңде металлургия кешенi кәсiпорындары жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында және республика халық шаруашылығының қара металдар мен металл өнiмдерiне деген қажетiн қамтамасыз етуге зор маңыз бере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Республика қара металлургиясы бiрлестiктерiнiң, кәсiпорындары мен ұйымдарының инициативасы бойынша қара металдар мен металл өнiмдерiн өндiру жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк "Қазболат" мемлекеттiк корпорациясының ("Қазболат" корпорациясы) құрылуы мақұлдансын.
      Корпорация басқармасы Темiртау қаласында, оның өкiлдiгi Алматы қаласында орналасқан болып белгiленсiн.
      2. "Қазболат" корпорациясы өзiнiң қызметiн өзiн-өзi басқару негiзiнде жүзеге асыратын, оның құрамына ерiктi негiзде кiретiн бiрлестiктер, кәсiпорындар мен ұйымдар өздерiнiң шаруашылық дербестiгiн және заңды ұйым хұқықтарын сақтайтын болып белгiленсiн.
      Корпорацияның дербес балансы және есеп айырысу шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гербi бейнеленген және өзiнiң атауы қазақ, орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады, ол қолданылып жүрген заңдардың, өз Жарғысының, сондай-ақ өзiне корпорацияға қатысушылар табыстаған өкiлеттiктердiң негiзiнде қызмет жасайды және заңды ұйым болып табылады.
      3. "Қазболат" корпорациясын басқарудың жоғарғы органы Кеңес болып табылады, ол корпорацияның президентiн сайлайды және корпорация президентiнiң ұсынуы бойынша вице-президенттi тағайындайды.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне:
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiне "Қазболат" корпорациясының құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлiгiн иелену, пайдалану және басқару хұқығын табыстау;
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен, "Қазболат" корпорациясымен бiрлесiп, ерiктiлiк негiзiнде меншiк нысаны аралас болатын көп салалы холдинг құру туралы мәселенi қарау ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi 1992 жылы

"Қазболат" корпорациясына техникалық байланыс құралдарының және
телефон мен телефакс байланысы каналдарының бөлiнуiн көздейтiн
болсын.
     6. "Қазболат" корпорациясының мемлекеттiк басқару 
органдарымен қызметiн үйлестiру Қазақстан Республикасының 
Өнеркәсiп министрлiгiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады