Қазақстан Республикасы металлургия кешенiнiң мыс және алюминий салаларын дамытудың негiзгi бағыттары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 2 желтоқсан 1992 ж. N 1011

      Республика металлургия кешенiнiң мыс және алюминий салаларының негiзiн құрайтын "Жезқазғантүстiмет" ғылыми-өндiрiс бiрлестiгiнiң, "Балқашмыс" және "Қазглинозем" өндiрiстiк бiрлестiктерiнiң жұмысын тұрақтандыру, осы кәсiпорындардың басым дамуын қамтамасыз ету және импортты алмастыру мен бәсекелесе алатын өнiмдердi шығару бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Жезқазғантүстiмет", "Балқашмыс" және "Қазглинозем" бiрлестiктерiнiң Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiмен бiрлесiп әзiрлеген "Қазақстан Республикасы металлургия кешенiнiң мыс және алюминий салаларын дамытудың негiзгi бағыттарының" Бағдарламасы мақұлдансын (қоса берiлiп отыр).
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiне Бағдарламаны белгiленген мерзiмде жүзеге асыру тапсырылсын.
      2. Мыс және алюминий өнеркәсiбi кәсiпорындарының тұрақты жұмыс iстеуiн, өндiрiстiк қуаты неғұрлым толық пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 мамырдағы N 448 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 20, 324-бап) 6 және 7-тармақтары металлургия кешенiнiң:
      негiзгi өнiм түрлерiн шығарудың физикалық көлемi мен еңбек өнiмдiлiгiнiң кемуiне жол бермейтiн;
      тау-кен, байытуға жұмсалатын еңбек шығыны және соларға iлеспе шектер жалпы өнiм көлемiнде кемiнде 50 процент болатын кәсiпорындарға таралмайды деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi Бозшакөл, Ақтоғай, Қаратас, Жыланды кен орындарын, Жезқазған қаласындағы 2 жылу электр орталығын, сондай-ақ Павлодар қаласында бастапқы алюминий және өнiмдерi өндiрiсiн салу мен игеру үшiн шет ел әрiптестерiнiң инвестицияларын тарта отырып, акционерлiк қоғамдар құру жөнiнде жұмыс жүргiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi Мемэкономкомының, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң қатысуымен Гвинея Республикасында Диан-Диан кен орны негiзiнде боксит өндiру кешенiн салу жөнiндегi халықаралық консорциумға республиканың қатысуы туралы мәселенi пысықтасын.
     (5-тармақ) <*> .
      Ескерту. 5-тармағының күшi жойылған - ҚРМК-нiң
               28.02.1995 ж. N 207 Қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгi Мемэкономкомы, Қаржы министрлiгi Павлодар алюминий зауытының бастапқы алюминий өндiрiсiне арналған электр энергиясына әлемдiк практикаға сәйкес жеңiлдiктi тариф беру жөнiндегi ұсынысын қарап, ол бойынша қорытынды шығарып берсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi 1993 жылдан бастап "Жезқазғантүстiмет" ғылыми-өндiрiс бiрлестiгiне, "Балқашмыс" өндiрiс бiрлестiгiне, "Қазглинозем" өндiрiс бiрлестiгiне олардың өндiретiн өнiмдерiне бас лицензия берiп тұрсын.
      Кәсiпорындарға мұндай өнiмдердi өз күшiмен немесе, олардың қалауы бойынша, мамандандырылған мемлекеттiк сыртқы сауда ұйымдары арқылы өткiзуiне рұқсат етiлсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп 1993 жылдың 1 қаңтарына дейiн энергетика объектiлерi құрылысын қаржыландыру тәртiбiн әзiрлеп, бекiтсiн және онда Жезқазған қаласында 2-жылу электр орталығын салуға жұмсалған шығындарға өтем жасау үшiн "Жезқазғантүстiмет" ғылыми-өндiрiс бiрлестiгiне электр және энергиясының жеңiлдiктi тарифтерi белгiленуiн көздейтiн болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы, Өнеркәсiп министрлiгi болжамдау-жоспарлары мен тиiстi жылға арналған бюджет жобаларын әзiрлеген кезде Бағдарламада қаралған объектiлер құрылысына арналған жеңiлдiктi кредитке қаржы ресурстары бөлiнуiн

көздеп отырсын.
     10. "Қазмысқұрылыс" (Жезқазған қаласы) пен "Балқашқұрылыс"
(Балқаш қаласы) трестерiн, басқа тапсырыс берушiлерге құрылыс
көлемiн 1992 жылғы жоспар деңгейiнен кемiтпей, тиiсiнше 
"Жезқазғантүстiмет" ғылыми-өндiрiс бiрлестiгi мен "Балқашмыс"
өндiрiс бiрлестiгiнiң құрамына берген орында болады деп
саналсын.
     11. Жезқазған, Павлодар, Семей және Ақтөбе облыстарының 
әкiмдерi Бағдарламаны жүзеге асыруға жәрдемдесiп отыратын болсын.
 
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы 
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1992 жылғы 2 желтоқсандағы
                                         N 1011 қаулысымен
                                             Мақұлданған

            "Қазақстан Республикасы металлургия кешенiнiң мыс
         және алюминий салаларын дамытудың негiзгi бағыттарының"

                            Бағдарламасы
                              (Кесте)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады