Жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлердiң нысандарын және жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлердi тiркеу, беру (алмастыру) және сақтау тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 28 желтоқсан N 1086. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.06. N 1495 қаулысымен.

 

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетi ұсынған жердi өмiр бойы мұраға қалдырып иелену хұқын беретiн мемлекеттiк актiнiң, жердi тұрақты иелену хұқын беретiн мемлекеттiк актiнiң және жердi тұрақты пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiнiң нысандары N 1,2,3 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
      Мемлекеттiк актiлердiң Қазақстан Республикасының елтаңбасы

 

бейнеленген және атаулары жазылып, лидеринмен немесе бумвенилмен

қапталған көгiлдiр түстi картон мұқабасы болады.

     2. Жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк

актiлердi тiркеудiң, берудiң (алмастырудың) және сақтаудың осыған

қосылған тәртiбi бекiтiлсiн.

     3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Жердi

иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлердi

тiркеу, беру (алмастыру) және сақтау тәртiбiн бекiту туралы"

1992 жылғы 30 қаңтардағы N 79

қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 4,

77-бап) күшi жойылған деп танылсын.


        Қазақстан Республикасының

           Премьер-министрi


                                      Қазақстан Республикасы              


                                      Министрлер Кабинетiнiң

                                   1992 жылғы 28 желтоқсандағы

                                         N 1086 қаулысына

                                          N 1 қосымша


                   Жердi өмiр бойы мұраға   

                 қалдырып иеленуге хұқық

                    беретiн мемлекеттiк

                          АКТ



                                          N 2 қосымша



 
                     Жердi тұрақты иеленуге
                  хұқық беретiн мемлекеттiк
                           АКТ
 

                                          N 3 қосымша



 
                     Жердi тұрақты пайдалануға
                     хұқық беретiн мемлекеттiк
                           АКТ
 

                                    Қазақстан Республикасы



                                    Министрлер Кабинетiнiң

                                 1992 жылғы 28 желтоқсандағы              




                                     N 1086 қаулысымен



                                       Бекiтiлген



 
 
          Жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн
       мемлекеттiк актiлердi тiркеудiң, берудiң (алмастырудың)
                        және сақтаудың
 
                         Т Ә Р Т I Б I
 
      1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Жер кодексi 15-1-бабының екiншi бөлiгiнiң негiзiнде әзiрленiп, бекiтiлдi.
      2. Қазақстан Республикасы Жер кодексiне (8, 9, 22 баптар) сәйкес жердi иелену хұқы мен тұрақты пайдалану хұқы мемлекеттiк актiмен куәландырылады.
      Азаматтардың жер иелену хұқы жердi өмiрлiк мұраға иелену хұқын беретiн мемлекеттiк актiмен куәландырылады.
      Колхоздардың, совхоздардың, басқа да мемлекеттiк, кооперативтiк, қоғамдық кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, дiни ұйымдардың село және орман шаруашылығын жүргiзу үшiн жер иелену хұқы жердi тұрақты иелену хұқын беретiн мемлекеттiк актiмен куәландырылады.
      Азаматтардың, өнеркәсiптiк, көлiк, басқа да ауыл шаруашылық емес мемлекеттiк, кооперативтiк, қоғамдық кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың дiни ұйымдардың тұрақты жер пайдалану хұқы жердi тұрақты пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiмен куәландырылады.
      3. Жердi өмiрлiк мұраға иелену хұқын берiлетiн мемлекеттiк актiнiң*, жердi тұрақты иеленуге беретiн мемлекеттiк актiнiң* және жердi тұрақты пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiнiң* нысаны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен бекiтiлген. Одан әрi қысқартылып, "мемлекеттiк акт" деп жазылады.
      4. Бекiтiлген нысандағы мемлекеттiк актiлердi жергiлiктi өкiмет пен басқару органдарының тiкелей қарамағындағы жерден иелену мен пайдалануға белгiленген тәртiпте жер учаскелерi
берiлген барлық жер иеленушiлер мен жер пайдаланушыларға тиiстi жергiлiктi өкiмет пен басқару органдары бередi (Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 23-бабы).
      5. Мемлекеттiк актiлердi беру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастыру мен оған бақылау жасау Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесiнiң "Жер реформасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне және жергiлiктi өкiмет пен басқару органдарына жүктелген.
      6. Мемлекеттiк актiлер беру жөнiндегi жұмыстарды тiкелей орындауды Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары жүзеге асырады.
      7. Жердi иелену хұқын және тұрақты пайдалану хұқын берiлетiн мемлекеттiк актiлер қазақ және орыс тiлдерiнде толтырылады. Мемлекеттiк актiлердiң бланкiлерi картография өндiрiсiнiң белгiленген технологиясына сәйкес картографиялық жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететiн жоғары сапалы ақ қағаздан жасалады.
      Жердi өмiрлiк мұраға иелену хұқын беретiн мемлекеттiк акт бланкiсiнiң көлемi 150х210 мм, жердi тұрақты иелену және жердi тұрақты пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлердiң көлемi 210х300 мм болады.
      Мемлекеттiк акт бланкiсiнiң беттерi, жердi өмiрлiк мұраға иелену хұқын беретiн мемлекеттiк актiнiң бланкiсiнiң төртiншi бетiнен басқасы көгiлдiр түсте болады.
      Мемлекеттiк акт бланкiсiнiң iшкi сол жағында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленедi. Елтаңбаның диаметрi жердi өмiрлiк иелену хұқын беретiн мемлекеттiк актiлер үшiн 105 мм, жердi тұрақты иелену мен тұрақты пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлер үшiн 150 мм болады.
      Мемлекеттiк актiлер бланкiсiнiң сол жағының жоғарғы бөлiгiне мемлекеттiк актiнi толтырған кәсiпорын нөмiр қояды, жер иеленушiге немесе жер пайдаланушыға берiлген мемлекеттiк акт сол арқылы жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлердi жазатын Кiтапқа тiркеледi.
      Мемлекеттiк актiлер бланкiсi қатаң мемлекеттiк есеп беру құжаты болып табылады. Оның төртiншi бетiне бланкiнi әзiрлеген кәсiпорын есептiк рет нөмiрiн қояды, бұл бланк осы арқылы жердi иелену хұқын және пайдалану хұқы берiлетiн мемлекеттiк актiлер бланкiлерiнiң есеп Кiтабында есепке алынады.
      Мемлекеттiк актiнiң нөмiрi және мемлекеттiк акт бланкiсiнiң есептiк рет нөмiрi әріптер мен цифрлар жиынтығынан тұрады. Әрбiр облыстың екi әрiптен тұратын өз сериясы болады. Сериядағы әрiптер жиынтығын Мемжерком белгiлейдi.
      Жер иеленушiге немесе жер пайдаланушыға берiлетiн мемлекеттiк актiнi жасыл түстi лидеринмен не бумвенилмен жабылып, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен тиiстi атау басылған картон мұқабасы болады.
      8. Мемлекеттiк актi екi дана етiп жасалады, олардың әрқайсысына Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 12, 13 және 14-баптарында көзделген құзыретке сәйкес жергiлiктi өкiмет пен басқару органдарының басшысы қол қояды.
      Селолық елдi мекендер, жұмысшы поселкелерi, қалалар (облыс орталықтары мен республикалық бағыныстағы қалаларды қоспағанда), аудандар шекаралары шегiнде жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын куәландыратын мемлекеттiк актiге де аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттiң төрағасы, облыс орталықтары мен республикалық бағыныстағы қалаларда - тиiсiнше облыстық және қалалық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттерiнiң төрағалары қол қояды.
      9. Мемлекеттiк актiнiң бiрiншi данасы (мұқабасымен) жер иеленушiге немесе жер пайдаланушыға берiледi, ал екiншi данасы (мұқабасыз) селолық елдi мекендердiң және жұмысшы поселкелерiнiң шекарасы шегiнде жер учаскелерi берiлген кезде халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңестерде; аудандар, қалалар (облыс орталықтарынан және республикалық бағыныстағы қалалардан басқа) шекарасы шегiнде жер учаскелерi берiлген кезде аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетте; облыс орталықтарындағы қалалар және республикалық бағыныстағы қалалар шекарасы шегiнде жер учаскелерi берiлген кезде тиiсiнше облыстық және қалалық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттерде сақталады.
      Мемлекеттiк актiнiң екi данасында да оны толтырған кәсiпорын жазған нөмiр болады.
      10. Жер иеленушiге немесе жер пайдаланушыға мемлекеттiк акт берiлгенге дейiн жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн оның қолында бар құжат жарамды болып табылады.
      11. Мемлекеттiк актiлердi беруге байланысты жұмыстарды белгiленген тәртiппен бекiтiлген жерге орналастыру жобалары негiзiнде жерге орналастыру органдары жүргiзедi.
      12. Жер иелену және жер пайдалану шекарасын табиғи қалпында (жергiлiктi жерде) жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiмет пен басқару органдарының өтiнiшi бойынша жерге орналастыру органдарының мамандары белгiлейдi.
      13. Жерге орналастыру жобасын табиғи қалыпқа көшiргеннен және жергiлiктi жерде жер иелену мен жер пайдалану шекараларын белгiленгеннен кейiн мемлекеттiк акт жасалады, ал жер иеленушiге немесе жер пайдаланушыға тапсыру үшiн жергiлiктi өкiмет пен басқару органдарының құзыретiне сәйкес соларға берiледi.
      Егер бейне көлемiнiң ұсақтығы салдарынан мемлекеттiк актiдегi жер иелену немесе жер пайдалану жоспарын оқу қиын болса, онда оған қосымша жер иелену мен жер пайдалану жоспарының көлемi неғұрлым үлкен жоспарының көшiрмесi жасалып, мемлекеттiк актiмен бiрге жер иеленушiге немесе жер пайдаланушыға тапсырылады. Топырақ картасы, жер экспликациясы және басқалар мемлекеттiк актiге қосымша болуы мүмкiн. Тiркелген құжаттар туралы мемлекеттiк актiде тиiстi жазба жазылады.
      14. Мемлекеттiк актiнi толтырудың дұрыстығына мемлекеттiк актiлердi тiркеу iсiн жүргiзу, сондай-ақ оларды сақтау мiндетi жүктелген лауазымды адам жауапты болады.
      15. Азаматтарға, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына мемлекеттiк актiнi халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңестiң төрағасы, қала, аудан әкiмi немесе олардың орынбасарлары тапсырады.
      Азамат, кәсiпорынның, мекемелер мен ұйымдардың басшылары мемлекеттiк актiнi алғандығы үшiн жер иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлер жазылатын Кiтапқа және осы Тәртiптiң 9-тармағына сәйкес жергiлiктi өкiмет органының немесе қаланың, ауданның, облыстың жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнiң жауапты лауазымды адамында сақталуда қалатын мемлекеттiк актiнiң екiншi данасына қол қояды.
      Жер иеленушiге немесе жер пайдаланушыға тапсырылатын мемлекеттiк актi оны толтырған кәсiпорын берген нөмiрмен аталған Кiтапқа тiркеледi. Жауапты лауазымды адам тiркеген кезде осы нөмiрден кейiн жақшаның iшiнде мемлекеттiк акт бланкiсiнiң бiрiншi және екiншi данасының есептiк рет нөмiрi де көрсетiледi.
     16. Әрбiр халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңесте, жер қаланың, ауданның, облыстың жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнде жауапты лауазымды адам N 1 қосымшаға сәйкес нысанда жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлердi жазу Кiтабын жүргiзедi.
      Кiтап бау өткiзiп тiгiледi, халық депутаттары ауылдық, селолық, аудандық, облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттiң төрағасы, сондай-ақ осы құжатты жүргiзу жүктелген жауапты лауазымды адам қол қойып куәландырып, тиiстi органның елтаңбалы мөрi басылады.
      17. Жер иелену, жер пайдалану iрiлендiрiлетiн немесе бөлшектенетiн, сондай-ақ оның атын өзгерткен немесе мемлекеттiк актiге жоспардағы шекараны оқуды қиындататын айтарлықтай өзгерiстер енгiзiлген ретте жергiлiктi өкiмет пен басқару органы мемлекеттiк актiнi ауыстыру туралы шешiм қабылдайды.
      18. Жер иеленушiге, жер пайдаланушыға мемлекеттiк акт тапсырылған кезде оның қолында бар жер иелену хұқы мен пайдалану хұқын пайдалану хұқын беретiн, күшiн жоғалтқан құжаттар халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңесте, халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңеске, қаланың, ауданның, облыстың жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттiң жауапты лауазымды адамына тапсырылады, ол туралы мемлекеттiк актiлердi жазу Кiтабының 12-бағанасына белгi жасалады.
      19. Жер иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлердi жазу Кiтабын және мемлекеттiк актiлердiң екiншi даналарын халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңестерiнде, қаланың, ауданның, облыстың жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнде жауапты лауазымды адам жанбайтын немесе арнайы жабдықталған шкафта сақтайды, оны ашуға жергiлiктi өкiмет пен басқару органдарының басшыларының, жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi тиiстi комитет төрағасының, сондай-ақ жауапты лауазымды адамның хұқысы бар.
      20. Жер иеленушi және пайдаланушы өзiне берiлген мемлекеттiк актiнi оған түсiрiлген жазбалардың сақталуын және саналы қалпын қамтамасыз ететiн жағдайда сақтауға мiндеттi.
      21. Мемлекеттiк актiлер бланкiсiне есептi жер иелену хұқы мен пайдалану хұқына беретiн мемлекеттiк актiлер бланкiлерiн есепке алатын арнайы Кiтапта N 2 қосымшаға сәйкес республикада Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, облыстарда және республикалық бағыныстағы қалаларда облыстардың және аталған қалалардың жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттерi жүргiзедi.
      22. Мемлекеттiк актiлер бланкiлерiн жасаған кәсiпорындар оны Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жiбередi және ол облыстарға және республикалық бағыныстағы қалаларға қажеттерiне сәйкес бөледi. Облыстардың және аталған қалалардың жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттерi мемлекеттiк актiлердi өртке қарсы қауiпсiз үй-жайда сақтауды қамтамасыз етедi.
      Ауданның жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнiң өтiнiшi бойынша қажеттi мөлшерде мемлекеттiк актiлер бланкiлерiн оған облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитет жiбередi.
      23. Ауданның жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетке келiп түскен мемлекеттiк актiлер бланкiлерiн осы комитеттiң жауапты лауазымды адамы қабылдайды.Бланкiлердi қабылдау мемлекеттiк актiлер бланкiлерiнiң нөмiрлерi, мемлекеттiк актiлер мұқабаларының саны көрсетiлу арқылы хаттамамен рәсiмделедi. Хаттама екi дана етiп жасалады, олардың бiрiншi данасы аудандық комитеттiң iстерiнде қалдырылып, екiншiсi облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетке жiберiледi.
      24. Жолда немесе толтыру кезiнде бүлiнген мемлекеттiк актiлер бланкiлерi тиiстi хаттамалар қоса тiркеп, оларда бүлiнген бланкiлердiң нөмiрлерiн көрсетiп облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетiне жiберiледi. Хаттамаға аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, жауапты лауазымды адам, сондай-ақ жерге орналастыру жөнiндегi жобалау ұйымы құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы немесе осы ауданда, қалада, жұмысшы поселкесiнде, селода, ауылда мемлекеттiк актiлердi беру жөнiндегi жұмысты орындаған жерге орналастырушы маман қол қояды.
      25. Аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитет халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңестерiнен алынған хабарламаларды ескере отырып, облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушыларға берiлген мемлекеттiк актiлердiң нөмiрлер туралы жылына бiр рет хабардар етедi.
      Облыстардың және республикалық бағыныстағы қалалардың жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетi де Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiне жылына бiр рет осындай хабарлама жiберiп отырады.
      26. Жер иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлер бланкiлерiн есепке алу Кiтабы және осы Тәртiптiң 19, 22-25-тармақтарында көрсетiлген басқа да құжаттар мемлекеттiк актiлермен бiрге сақталады.
      27. Облыстарда мемлекеттiк актiлер бланкiлерiн есепке алу мен сақтауға бақылау жасау облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiне жүктеледi.
      28. Мемлекеттiк актiлердi сақтаудың дұрыстығына халық

 

депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңестерiнде,

қалалардың, аудандардың және облыстардың жер қатынастары және

жерге орналастыру жөнiндегi комитеттерiнде олардың төрағалары,

ал есеп жүргiзудiң дұрыстығына аталған жергiлiктi өкiмет

органдары мен жерге орналастыру қызметi органдарының жауапты

лауазымды адамдары жауапты болады.


Ескерту: Мемжерком жүйесiнде қалалық жер қатынастары және

         жерге орналастыру жөнiндегi комитетi құрылған ретте

         бұл комитетке 8 (екiншi абзац), 9,14, 15 (екiншi

         абзац),16, 18, 19, 22 (екiншi абзац), 23-26,

         28-тармақтардың ережелерi қолданылады.


                Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң

                        1992 жылғы 28 желтоқсандағы

                 N 1086 қаулысымен бекiтiлген Жердi иемдену

                   хұқы мен пайдалану хұқын беретiн

                мемлекеттiк актiлердi тiркеу, беру (алмастыру)

                           және сақтау Тәртiбiне


                              N 1 ҚОСЫМША


                              N 2 ҚОСЫМША






                            -





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады