Республикааралық қатынаста темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қаңтардағы N 23 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      ТМД шеңберiндегi темiр жол көлiгiнде бiрыңғай тариф саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң 1993 жылғы 10 қаңтардан бастап мемлекетаралық қатынасты темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдаудың қолданылып жүрген тарифтерiн қосылған құн салығын есепке алмай өсiру шектi коэффициентiн 2,0 деп белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы жанындағы Баға комитетiмен және Қаржыминiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады