Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары лауазымды адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 15 қаңтар 1993 ж. N 35

      Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары лауазымды адамдарының жеке басын және мүлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ қарудың есебiн алу және оған бақылау жасау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары басшыларының, облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерiнiң жұмыс iстейтiн және тұратын жерлерiнде олардың жеке басы мен мүлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қолданатын болсын.
      2. Республиканың өнеркәсiп кешенi кәсiпорындарының басшыларына еңбек ұжымдарының келiсуi бойынша және кәсiпорындардың меншiктi қаржысы есебiнен күзет және қауiпсiздiк қызметiн құруға рұқсат етiлсiн.
      Кәсiпорындардың күзет және қауiпсiздiк қызметi iшкi iстер органдары жанындағы күзет бөлiмшелерiмен уағдаластық негiзде құрылады және кәсiпорындардың тауар-материалдық игiлiктерi аман сақталуын және олардың басшыларының жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiгi екi айлық мерзiмде "Қаруға бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеп, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсетiн және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесi туралы ереженi қолдану тәртiбi жайындағы нұсқауды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Қорғаныс министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсетiн және бекiтетiн болсын.
      Рұқсат беру жүйесi туралы ереженiң және оның қолдану тәртiбi туралы нұсқаудың талаптары Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды ұйымдар мен жеке адамдардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады деп белгiленсiн.
      (5-тармақ)
      Ескерту. 5-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.02.02.
               N 110 қаулысымен. P950110_
      6. Қазақстан Республикасының ДОСААФ Орталық комитетi мен "Динамо" Қазақ спорт қоғамдары федерациясына қызметтiк-штаттық атыс қаруын сақтау мен алып жүруге хұқығы бар адамдарға оны пайдалану ережелерiн уағдаластық негiзде үйрету ұсынылсын.
      7. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР-iнде жабайы

 

жануарларды қорғауды күшейту және аң аулайтын мылтықтарды сату мен

пайдалануды тәртiпке келтiру шаралары туралы 1968 ж., N 20, 133-бап)

күшi жойылған деп саналсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-министрi      

                                            Қазақстан Республикасы

                                            Министрлер Кабинетiнiң

                                           1993 жылғы 15 қаңтардағы

                                               N 35 қаулысымен

                                                  бекiтiлген


           Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесi туралы    

                          ЕРЕЖЕ


                     1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



 
       1. Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат беру жүйесiн пайдаланудың ерекше тәртiбi белгiленген заттарды, бұйымдарды және материалдарды сатып алу, өткiзу, тасымалдау, сақтау және ұстау тәртiбiн реттейтiн арнаулы ережелер кешенi құрайды.
      Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың және азаматтардың рұқсат беру жүйесi ережелерiн сақтауын бақылау iшкi iстер органдарына жүктеледi.
      2. Тiзбесi Қазақстан Республикасы заңдарымен анықталатын атылатын, газ және суық қаруларға, оқ-дәрiлерге, түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техникасына, қопарғыш, күштi әсер ететiн химиялық, улы, радиоактивтi, есiрткiлi және басқа заттар, бұйымдар мен материалдар жөнiнде рұқсат беру жүйесi белгiленедi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1993.09.29.
               N 966 қаулысымен.
      3. Рұқсат беру жүйесiнiң объектiлерi базалар, сақтау орындары, қоймалары және осы Ереженiң 2-бабында көзделген заттар, бұйымдар мен материалдар бар басқа да үй-жайлар, сондай-ақ қару-жөндеу, пиротехникалық, белгi-ойма кәсiпорындары, қару мен оқ-дәрi сататын дүкендер, оқ ату тирлерi мен стендiлерi болып табылады.
 
             2. АТЫЛАТЫН, ГАЗ ЖӘНЕ СУЫҚ ҚАРУЛАРДЫ
                 САТЫП АЛУ, САҚТАУ МЕН АЛЫП ЖҮРУ
 
      4. Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар атылатын, газ және суық қаруларды түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техникасын осы Ережеге және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң нормативтiк актiлерiне сәйкес берiлетiн iшкi iстер органдарының

 

рұқсаты бойынша сатып алады.



     Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1993.09.29.

              N 966 қаулысымен.

     5. Қару сатуды кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар iшкi iстер

органдары ашуға рұқсат беретiн арнаулы дүкендер арқылы жүзеге асырады.

     (6,7-тармақ)



     Ескерту. 6, 7 тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.02.02.

              N 110 қаулысымен.  


                    3. РҰҚСАТ БЕРУ



 
       8. Iшкi iстер органдары меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға қару, оқ-дәрi, түрлi-түстi көшiргiш техникасы, қопарғыш, күштi әсер ететiн химиялық, радиоактивтi, материалдарды сатып алуға, өткiзуге, сақтауға, тасымалдауға, қару-жөндеу, пиротехникалық, белгi-ойма кәсiпорындарын, қарумен және оқ-дәрiмен сауда жасайтын дүкендер, оқ ату тирлерi мен стендiлерiн ашуға, ал азаматтарға атылатын, газ және суық қарулар және оқ-дәрi, түрлi-түстi көшiргiш техникасын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсат бередi.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1993.09.29.
               N 966 қаулысымен. P930966_
      Ескерту. 8-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2000.11.10. N 1693
               қаулысымен. P001693_
      9. Рұқсат беру жүйесi қолданылатын бұйымдар мен заттарды сақтауға арналған базаларды, сақтау орындарын, қоймалар мен басқа да үй-жайларды пайдалануға рұқсат құрамында мүдделi ведомстволардың iшкi iстер органдарының, мемлекеттiк өрт қатерiн қадағалаудың, сондай-ақ объектiнiң түрiне қарай санитарлық тау-кен қадағалаудың және басқалардың өкiлдерi бар комиссия оларды тексерген соң бередi.
      10. Рұқсат беру жүйесi белгiленген бұйымдарды, заттар мен материалдарды сатып алумен, сақтаумен, күзетумен, есепке алумен, тасымалдаумен және пайдаланумен тiкелей байланысты жұмысқа азаматтарды кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың әкiмшiлiктерi тек жергiлiктi iшкi iстер органдарымен алдын ала келiсу бойынша қабылдайды.
      (11-тармақ) .
      Ескерту. 11-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.02.02.
               N 110 қаулысымен.
      12. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      - рұқсат беру жүйесi белгiленген бұйымдарды, атылатын, газ және суық қаруларды, оқ-дәрiлердi, түрлi-түстi көшiргiш техникасын, қопарғыш заттарды, күштi әсер ететiн химиялық, улы, радиоактивтi және басқа да заттар мен материалдарды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге;
      - шет ел азаматтарына қарулар мен оқ-дәрi сатып алуға, оларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бередi.
      Рұқсат беру жүйесi тарапынан өз функциясын толық көлемде жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi басқа да рұқсат түрлерiн бере алады.
      Ескерту. 12-тармақтың бiрiншi абзацына өзгерiс енгiзiлген -
               ҚРМК-нiң 1993.09.29. N 966 қаулысымен.
      Ескерту. 12-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2000.11.10. N 1693
                қаулысымен. P001693_
      13. Облыстардың iшкi iстер басқармалары, Алматы қаласының қалалық Iшкi iстер басқармасы және Ленинск қаласының қалалық iшкi iстер бөлiмi:
      - қару-жөндеу, пиротехникалық белгi-ойма кәсiпорындарын, қарумен және оқ-дәрiмен сауда жасайтын дүкендер, қопарғыш материалдар қоймаларын, оқ ату тирлерi мен стендiлерiн ашуға;
      - кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың қопарғыш, күштi әсер ететiн химиялық, улы және басқа заттар мен материалдарды сатып алуына, тасымалдауы мен сақтауына;
      - барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қаруды және оның оқ-дәрiсiн сатып алуына, тасымалдауына, сақтауына;
      - азаматтарға аңшы атыс қаруы мен олардың оқ-дәрiлерiн сатып алуға, сақтауға және ұстауға;
      - спорт ұйымдарына жарыстарға қатысу үшiн қару мен оқ-дәрiлердi шетелге әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге;
      Ескерту. 13-тармақтың 5-шi және 6-шi абзацтары жаңа редакцияда
               берiлген - ҚРМК-нiң 1995.02.02. N 110 қаулысымен.
      14. Қалалық және аудандық iшкi iстер органдары:
      - мемлекеттiк кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қопарғыш, күштi әсер ететiн химиялық, улы және басқа материалдар мен заттарды сатып алуына, тасымалдауы мен сақтауына;
      - мемлекеттiк ұйымдардың метанолды (паспортты ресiмдеудi) сатып алуына және сақтауына;
      - азаматтардың тегiс оқпанды аңшылық және газ қаруын сатып алуына, сақтауы мен алып жүруiне рұқсат бередi.
      15. Көлiктегi iшкi iстер органдары әскерилендiрiлген күзет бөлiмшелерiнiң атыс қаруын, оның оқ-дәрiсiн сатып алуға, ұстауына, сақтауына және тасымалдауына рұқсат бередi.
 
         4. РҰҚСАТ БЕРУ ЖҮЙЕСIНIҢ ЕРЕЖЕЛЕРI САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУДЫ
            ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ IШКI IСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
 
      16. Iшкi iстер органдары рұқсат беру жүйесi ережелерiнiң сақталуын бақылауды: объектiлердi жүйелi тексеру; рұқсат беру жүйесi белгiленген бұйымдарды, заттарды және материалдарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, күзетуге және пайдалануға байланысты жұмысқа адамдар жiберудi тексеру; тиiстi рұқсаттар беру; қолданылып жүрген ережелердi бұзудың алдын-алу және жолын кесу жөнiндегi профилактикалық шараларды жүргiзу арқылы қамтамасыз етедi.
      17. Рұқсат беру жүйесiн жүзеге асыруда iшкi iстер органдарына:
      а) рұқсат беру жүйесi қолданылатын бұйымдарды, заттарды және материалдарды сақтауға, күзетуге, есепке алуға, пайдалануға және тасымалдауға байланысты жұмыстарға жiберуден бас тарту, атылатын және газ қаруын сатып алу мен сақтауға рұқсат бермеу, сондай-ақ егер адам:
      - психикалық ауруға шалдыққан;
      - қоғамдық тәртiптi өрескел бұзатын;
      - тиiстi есепте тұрған маскүнем немесе нашақор;
      - қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталғандығын өтемеген немесе онысы заңмен белгiленген тәртiпте алынбаған;
      - қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық жауапқа тартылған;
      - тұрақты тұратын мекенi жоқ болса, бұрын оған берiлген жiберудiң немесе рұқсаттың күшiн жою;
      б) азаматтардың қауiпсiздiгi мен ондағы қару мен оқ-дәрiнiң сақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда оқ ату тирлерiн жабу;
      в) сақтау ережелерiнiң орындалуын тексеру мақсатында рұқсат беру жүйесi белгiленген заттар, бұйымдар және материалдар сақталатын үй-жайларды кәсiпорын, мекеме және ұйым өкiлдерiнiң қатысуымен тексеру;
      г) кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға атылатын және газ қаруын, оқ-дәрiнi, қопарғыш материалдарды, күштi әсер ететiн химиялық, улы және радиоактивтi заттарды өткiзу, босату, сақтау, есепке алу, пайдалану және тасымалдау тәртiбiн бұзған жағдайларда осындай бұйымдар мен заттарды сатып алуына, өткiзуiне, сатуына, сақтауына және тасымалдауына тыйым салу, аталған заттар мен бұйымдарды қайтарып алу, қоймаларды, базаларды және сақтау орындарын мөрлеп жабу;
      д) егер қызметкерлердiң немесе басқа азаматтардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлетiн болса, онда пиротехникалық кәсiпорындардың қызметiн толық немесе iшiнара тоқтату;
      е) тиiстi рұқсатсыз ашылған белгi-ойма кәсiпорындарының жұмыс iстеуiне тыйым салу;
      ж) барлық меншiк нысанындағы кәсiпорын, мекеме және ұйым басшыларына рұқсат беру жүйесiнiң ережелерiн бұзушылықты жою туралы нұсқама жiберу;
      з) қаруды пайдалану ережесiн сақтауға бақылау жасау мақсатымен азаматтарда бар қаруды, оқ-дәрiнi және оларды сақтау орындарын қарап шығу;
      и) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң нормативтi актiлерiмен белгiленген тәртiппен азаматтардан қаруды және оқ-дәрiнi қайтарып алу хұқығы берiледi.
      Ескерту. 17-тармақтың "а" тармақшасы жаңа редакцияда берiлген -
               ҚРМК-нiң 1995.02.02. N 110 қаулысымен.
      18. Рұқсат беру жүйесiнiң ережелерi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, Республикалық ұланына, Президенттiң Күзет қызметiне, Iшкi iстер министрлiгiне, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне, Мемлекеттiк тергеу комитетiне Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi мен Бас салық инспекциясының Салық полициясы басқармасына қарасты объектiлерге қолданылмайды.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң
               1995.02.02. N 110 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 18-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.28.
               N 1060 қаулысымен. P961060_
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады