Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1. "Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары лауазымды адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қаңтардағы N 35 P930035_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесi туралы ережедегi:
18-тармақтағы "Бас прокуратурасына" деген сөзден кейiн
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiне, Мемлекеттiк тергеу комитетiне" деген
сөздермен толықтырылсын; сондағы "Бас кеден басқармасы мен Салық
милициясы басқармасына" деген сөздер "Кеден комитетiне, Салық
милициясы басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2.
Ескерту. 2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.08.03. N 1176
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi