Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 21 қаңтар N 55. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.06.15. N 759 қаулысымен. ~P990759

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi туралы" 1992 жылғы 15 мамырдағы N 779 U920779_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (бұдан әрi - Ядролық орталық) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты кешендi ғылым-техникалық бiрлестiк болып табылады деп белгiленсiн. <*>
      Ядролық орталық өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде және Қазақстан Республикасы Ғылым министрi-Ғылым академиясының президентi бекiтетiн Орталық туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ядролық орталықтың дербес балансы мен есеп айырысу шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады. <*>
      Ядролық орталыққа басшылық етудi Қазақстан Республикасы Ғылым министрi-Ғылым академиясының президентi тағайындайтын Орталықтың Бас директоры бастаған Бас дирекция жүзеге асырады. <*>
      Ядролық орталықтың Бас дирекциясының орналасқан жерi - Семей облысының Курчатов қаласы деп белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.28.
               N 1668 қаулысымен. P961668_

      2. Ядролық орталыққа:
      Қазақстан Республикасының атом ғылымы мен техникасы саласындағы босалқы ұйымның мiндеттерi;
      радиациялық хауiпсiздiк пен экология жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
      республика аумағындағы өндiрiстiк қызмет нәтижесiнде ядролық жарылыстар мен айналадағы ортаны радиациялық ластаудың зардаптарын зерделеу мен жою;
      радиоактивтi қалдықтардың проблемаларын зерттеу, оларды кәдеге жарату, сақтау және көму технологиясын әзiрлеу;
      ядролық энергетика қондырғыларының сенiмдiлiгiн арттыру және атом энергетикасының хауiпсiздiгi проблемаларын зерттеу;
      Қазақстан Республикасының ғылымы мен халық шаруашылығының мүддесi үшiн ядролық-физикалық әдiстер мен ядролық технологияларды әзiрлеп, iс жүзiне асыру;
      басқа елдердiң полигондарында ядролық қаруды сынауға және рұқсат етiлмеген ядролық жарылыстар жасалуын бақылауды жүзеге асыру;
      ядролық физика мен атом энергетикасы саласында iргелi және қолданбалы зерттеулердi жүргiзу;
      атом ғылымы мен өнеркәсiбi саласында ұлттық кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру;
      республика халқының атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану саласындағы бiлiм деңгейiн көтеру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру;
      ақпараттық-баспагерлiк қызмет;
      атом қуатын пайдалану саласында халықаралық және республикааралық ынтымақтастық орнату жүктелсiн.
      3. Ядролық орталық құрамына:
      Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгiнiң "Луч" ҒӨБ-нiң Бiрлескен экспедициясы;
      Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ядролық физика институты;
      Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң "Байкал" кәсiпорны;
      "Бурабай" геофизикалық обсерваториясы;
      Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң N 35 геофизикалық партиясы енгiзiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Орталық құрамына берiлген ұйымдар мен бөлiмшелердiң мүлкiн иелену, пайдалану және басқару хұқығын Ядролық орталыққа беру ұсынылсын.
      4. Ядролық орталық Маңғыстау энергия комбинатының БН-350 реакторының бөлiмшелерiне және Қазақстан Республикасындағы ядролық бағыттағы басқа да ғылыми-зерттеу бөлiмшелерiне, олардың ведомстволық бағынысына қарамастан, атом энергетикасы жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны орындау шегiнде ғылыми басшылық етудi жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      5. N 52605 әскери бөлiмi негiзiнде Қорғаныс бағдарламаларының ғылыми-зерттеу кешенiн құрып, оны Ядролық орталықтың құрамына енгiзу орынды болады деп саналсын.
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Ғылым және жаңа технология министрлiгi мүдделi ұйымдармен бiрлесiп N 52605 әскери бөлiмiнiң мәртебесi туралы мәселенi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында тиiсiнше келiсiм жасау негiзiнде шешетiн болсын.
      6. <*>
      6. Ядролық орталықты қаржыландыру мемлекеттiк бюджеттен, шетелдiк әрiптестердiң инвестицияларынан, халықаралық қорлардан және орталықтың әзiрлемелерiн өткiзуден алынған өз қаржысынан жүргiзiледi деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi 1993 жылдан бастап Ядролық орталық ғылымға арналып республикалық бюджет қаражаты есебiне, атом энергетикасы жөнiндегi мемлекеттiк мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны орындау үшiн қажеттi мөлшерде мақсатты қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгiмен, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Қарағанды, Павлодар және Семей облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында орналасқан пайдалы қазбалар кен орындары әзiрлемелерiн белгiленген тәртiппен Ядролық орталыққа беру және атом энергетикасын дамыту мен аймақты әлеуметтiк-экономикалық оңалтуға бағытталған iрi ауқымды өнеркәсiптiк-қаржы қызметiн жүзеге асыру үшiн акционерлiк компания құру туралы ұсынысты екi айлық мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзу тапсырылсын.
      9. <*>
      8. Курчатов қаласында 10 жылдан астам жұмыс iстегеннен кейiн Қазақстан Республикасының басқа қалалары мен елдi мекендерiне тұрақты тұруға тiлек бiлдiрген Ядролық орталықтың қызметкерлерiне, сондай-ақ запасқа шыққан әскери қызметшiлерге жеке құрылыс салуға арналған учаскелердi жергiлiктi әкiмдер бiрiншi кезектегi тәртiппен бередi деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Үлттық мемлекеттiк банкiсiне 1993 жылдан бастап жеке құрылыс салуға немесе тұрғын үй сатып алуға 100 млн. сомасында жеңiлдетiлген кредит бөлу ұсынылсын.
      11. <*>
      12. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6,9,11,12-тармақтардың күшi жойылған, 7,8,10,13,14,15,
               16,17,18,19,20-тармақтар тиiсiнше 6,7,8,9,10,11,12,13,
               14,15,16-тармақтар болып саналды - ҚРҮ-нiң 1996.12.28.
               N 1668 қаулысымен.
      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне Қорғаныыс министрлiгiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Ядролық орталықтың Бас дирекциясымен, Семей облысының әкiмiмен бiрлесiп Курчатов қаласының тұрғын үй аймағының режимдiлiгiн алып, өнеркәсiп аймағын мемлекеттiк және коммерциялық құпияларын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынысты бiр ай мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
      10. Ядролық орталықты түрлi бейiмдегi жоғары бiлiктi мамандармен жасақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Ғылым және жаңа технология министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Ядролық орталық Ғылым академиясымен бiрлесiп, Ядролық орталық құрамында Қазақ инженерлiк-физикалық институтын ұйымдастыру туралы мәселенi екi айлық мерзiмде қарап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
      11. Ядролық орталық Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiмен, Ғылым және жаңа технология министрлiгiмен, Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Ғылым академиясымен, республиканың басқа да мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволарымен бiрлесiп:
      Қазақстан Республикасының Ядролық орталығы туралы ереженiң жобасын;
      Курчатов қаласы мен Алматы қаласындағы Фрунзе ауданының Алатау поселкесi негiзiнде еркiн экономикалық аймақ мәртебесiн қоса, технополистер ұйымдастыру жөнiндегi ұсынысты екi айлық мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
      12. Ядролық орталық Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, Семей, Павлодар және Қарағанды облыстары әкiмдерiнiң келiсуi бойынша бұрынғы Семей полигонының аумағында Курчатов қаласының және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасына сәйкес қаланың шегiне тұрғын үйлер мен техникалық аймақ, объектiаралық байланыс коммуникациялар, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерi, күзет және санитарлық аймақтары бар жердi енгiзе отырып Ядролық орталықтың қызметiне байланысты оған iргелес аумақтардың шекарасын анықтау, сондай-ақ Курчатов қаласының мәртебесi туралы ұсыныстарды екi айлық мерзiмде әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзетiн болсын.
      13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен, Ғылым және жаңа технология министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Ядролық орталықпен, Семей облысының әкiмiмен бiрлесiп, Ядролық орталық құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң N 176 медициналық-санитарлық бөлiмiнiң және N 52605 әскери бөлiмнiң әскери госпиталы негiзiнде Аймақтық емдеу-диагностика орталығын құру туралы ұсынысты екi айлық мерзiмде қарап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
      14. Ядролық орталыққа қызмет бабында пайдалану үшiн екi

жеңiл автомобильге лимит белгiленсiн.
     15. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi тiкелей 
шарт бойынша Ядролық орталықты қажеттi телефон, телеграф және
телекс байланысымен қамтамасыз етсiн.
     16. Республикалық валюта комитетi Ядролық орталықтың
құзырына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты
жүзеге асыру үшiн қажеттi валюта қаржысы бөлiнуiн көздейтiн 
болсын.
            Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады