Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақ-иран үкiметаралық бiрлескен комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 25 қаңтар 1993 ж. N 64. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен. ~P020594

      Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы үкiметаралық бiрлескен комиссия құру туралы Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы қол жеткен уағдаластықтар мен өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамытуды жүзеге асыру

жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру мақсатында Қазақстан 
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени 
ынтымақтастық жөнiндегi қазақ-иран үкiметаралық бiрлескен 
комиссиясының қазақ жағы мына құрамда бекiтiлсiн:
                 Комиссия мүшелерi:
     
     Әбітаев                 - Экономикалық министрiнiң орынбасары
     Есберген Әбiтайұлы
     
     Акимов                  - Өнеркәсiп министрiнiң орынбасары
     Борис Михайлович
     
     Байназаров Ғалым        - Ұлтмембанк басқармасының төрағасы
     
     Батыршаұлы Сайлау       - Сыртқы iстер министрiнiң 
                               орынбасары     
     
     Бияров Мұхтархан        - "Қазақстанимпекс" сыртқы 
     Нұралдыұлы                экономикалық бiрлестiгiнiң бас
                               директоры
     
<*>

     Лавриненко Ю.И.         - Қазақстан Республикасының Көлiк және
                               коммуникациялар министрi, комиссияның 
                               төрағасы
<*>

                                                                     
     Мұқанов М.Н.            - Қазақстан Республикасы Сыртқы 
                               экономикалық байланыстар министрлiгiнiң
                               Азия және Тынық мұхит аймағы елдерiмен
                               сауда-экономикалық байланыстар 
                               басқармасының жетекшi сарапшысы
                               (комиссияның хатшысы) 
     
     Оразбаев                - Сыртқы iстер министрiнiң екiншi
     Асхат Тұтқышбайұлы        хатшысы
     
     Сарбөпин Қайырхан       - Сыртқы экономикалық байланыстар 
     Есенғалиұлы               министрiнiң орынбасары
     
     Сұраншиева Гүлзада      - Президент пен Министрлер Кабинетi
     Битөлекқызы               Аппаратының Сыртқы байланыстар
                               бөлiмiнiң референтi
     Ескерту. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1994.06.13. N 617
              қаулысымен. 
     Ескерту. Құрамға өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1996.01.04.
              N 12 қаулысымен.  

P960012_

 
 


      2. Үкiметаралық комиссияның қазақ жағына қажет болған жағдайда тұрақты комиссиялар құрып, олардың құрамын, мiндетiн және жұмысының негiзгi бағыттарын анықтау хұқы берiлсiн.
      3. Министрлiктер, ведомстволар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi комиссия жұмысына барынша жәрдемдесетiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады