Экономикалық реформаны одан әрi тереңдету, республикада мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру процестерiн жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 40 адамға көбейтiлсiн.
2. Комитет аппараты санының шегiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Төрағасының қосымша екi орынбасарының лауазымы енгiзiлсiн.
Алқа мүшелерiнiң саны 2 адамға көбейтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты Қазбек би көшесiнiң 66-үйiндегi мекен-жайға орналастырылсын.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қызметкерлерiне тиiстi тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар туғызу үшiн Экономика министрлiгi мемлекет қаражаты есебiнен комитет жүйесiне тұрғын үйлер бөлудi көздесiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi жыл сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жекешелендiрiлген объектiлердi тiркеу жөнiнде бiртұтас жүйе құруы үшiн есептеу мен ұйымдық техникаға арналған қор бөлiп отырсын.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қызмет бабында пайдаланылатын екi жеңiл автомобильге қосымша лимит бөлiнсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi