Азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлерi лауазымдық жалақыларының схемасын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 15 ақпан 1993 ж. N 113. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N 1097 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлерi лауазымдық жалақыларының схемасы N 1-4 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабының бастығына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Еңбек министрлiгiмен келiсе отырып өздерiне ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелер мен мекемелер штабтарындағы типтiк емес лауазымдар бойынша лауазымдық жалақылар белгiлеу хұқы берiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы туралы" 1992 жылғы 2 қыркүйектегi N 733 қаулысының 2-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабының бастығына азаматтық қорғаныс штабтары мен бөлiмшелерiнiң құрылымы мен штаттарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен келiсе отырып, әскери қызметшiлер атқаратын лауазымдар бойынша белгiленген сан мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде бекiту хұқы берiлсiн".

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi 

                                        Қазақстан Республикасы 
                                        Министрлер Кабинетiнiң 
                                        1993 жылғы 15 ақпандағы 
                                            N 113 қаулысына 
                                        қосымшалар N 1, 2, 3, 4 
                                              (Кестелер) 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады