Қазақстан Республикасының Жинақ банкiсi мекемелерiнде сақталатын салымдардың проценттiк ставкаларын өсiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 ақпан 1993 ж. N 121

      Қазақстан Республикасының Жинақ банкiсi мекемелерiнде ақшасын сақтауға азаматтардың ынталылығын арттыру және салымшылардың мүддесi қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Халықтың Қазақстан Республикасы Жинақ банкiсiнiң мекемелерiнде

 

сақталатын салымдарының проценттiк ставкалары 1993 жылғы 1 наурыздан

бастап орта есеппен кемiнде екi есе арттырылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Жинақ банкiсi Ұлттық банктiң келiсуi

бойынша салымдарды сақтау мерзiмдерiне қарай олардың проценттiк

ставкаларының нақты мөлшерiн белгiлесiн және шығынды өтеу көздерiн

анықтасын.

     3. Қазақстан Республикасының Жинақ банкiсi салымдардың проценттiк

ставкалары өсiрiлгенi туралы халыққа кеңiнен хабарлап сапалы қызмет

көрсетудi қамтамасыз етсiн.


      Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады