Қазақстан Республикасының шетелдердегi сыртқы экономикалық ұйымдары мен мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбекке ақы төлеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1033 қаулысымен. P961033_
2. Қазақстан Республикасы сауда өкiлiнiң шетел валютасымен берiлетiн лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасымен берiлетiн лауазымдық жалақысының 90 процентi деңгейiнде белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Сауда өкiлiне берiлетiн сомдық лауазымдық жалақы Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары орталық аппаратының бас басқармасы /жетекшi басқарма, бөлiм/ бастығына берiлетiн лауазымдық жалақының 50 процентi деңгейiнде
белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының шетелдердегi сыртқы экономикалық
ұйымдары мен мекемелерi қызметкерлерiнiң шетел валютасымен және соммен
берiлетiн лауазымдық жалақылары проценттiк қатынаста Қазақстан
Республикасының Сауда өкiлiне шетел валютасымен және соммен берiлетiн
лауазымдық жалақыға қарай белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi