Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдiк өтiнiм берушiлердiң заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн алынатын баж салығын төлеу тәртiбi мен мөлшерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 6 сәуiр 1993 ж. N 266. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.03. N 1139 қаулысымен.

      Шетелдiк азаматтар мен фирмаларды өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарын алуға мүдделi ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
     Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдiк өтiнiм берушiлердiң заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн алынатын баж салығын төлеудiң осыған қосылған тәртiбi мен мөлшерi бекiтiлсiн.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы        
Министрлер Кабинетiнiң        
1993 жылғы 6 сәуiрдегi        
N 266 қаулысымен          
Бекiтiлген            

Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсiп
меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты шетелдiк  
өтiнiм берушiлердiң заңдық маңызы бар әрекеттерi
үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртiбi
мен мөлшерi 

       Баж салықтарының мөлшерi АҚШ долларымен белгiленген және сол кездегi АҚШ доллары жөнiнде қолданылып жүрген курсын ескере отырып басқа да валютамен төленуi мүмкiн. 
      Баж салықтарын шетелдiк өтiнiм берушiлердiң Қазақстан Республикасында өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты мынадай заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы төлеттiредi:<*> 

                            (Кесте) 

       ЕСКЕРТУ. Кестенiң аудармасы жоқ, кестенi орысшадан қараңыз. 
      Патенттiң немесе алдын ала патенттiң толық жыл бойы қолданылуы үшiн жылдық баж салығы төленедi. Өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне алдын ала патенттi, пайдалы модельге патенттi күшiнде сақтау үшiн жылдық баж салығының бiрiншi жарнасы қорғау құжатын беру үшiн төленетiн баж салығымен бiр мезгiлде төленедi. 
      Өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне патенттi күшiнде сақтау үшiн жылдық баж салығының бiрiншi жарнасы патент беруге төленетiн баж салығымен бiр мезгiлде төленедi. 
      Алдын ала патенттiң немесе патенттiң әрбiр келесi жылда қолданылуы үшiн баж салығы тиiстi қорғау құжаты қолданылып жүрген жыл өтпей тұрып төленедi. 
      Жылдық баж салығы белгiленген мерзiмнен кейiн, бiрақ одан кейiн 6 айдан кешiктiрмей төленген жағдайда баж салығының мөлшерi 50 процент арттырылады. Төлеу мерзiмiн 6 айдан асырып алған кезде өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне алдын ала патенттiң, өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне және пайдалы модельге патенттiң қолданылуы тоқтатылады. 
      Кез келген адамға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру үшiн Қазпатентке тиiстi арыз берiлген болса, патенттi күшiнде ұстағаны үшiн баж салығы осы арыз жарияланған күннен бастап 50 процентке азайтылады. 
       ЕСКЕРТУ. Тәртiптiң 2-абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 
1996.08.20. N  1031 қаулысымен.  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады