Мұнай өнеркәсiбi қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (Қазмұнай ҒЗЖИ) Атырау филиалы жанынан техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 14 сәуiр N 298. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.07.28. N 1154 қаулысымен. ~P001154
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң мұнай өнеркәсiбi Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (Қазмұнай ҒЗЖИ) Атырау филиалы жанынан мұнай-газ өнеркәсiбiнде, мұнай мен газ геологиясында техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы құрылсын.
Ғылыми-зерттеу орталығының тұрақты орны Атырау қаласында болады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ғылыми-зерттеу орталығының қызметiне әдiстемелiк және шұғыл басшылық жасау, осы орталықтың жұмысын реттеп отыратын Ереже мен құрылымды, басқа да нормативтi құжаттарды әзiрлеу мен келiсу жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi үш ай мерзiмде аталған ғылыми-зерттеу орталығының Ережесi мен құрылымын әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
4. Мұнай-газ өнеркәсiбiндегi мұнай газ геологиясындағы жұмыстың қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:
техникалық құжаттамаға мемлекеттiк сарап жүргiзу, жаңадан әзiрленген және жаңғыртылған мұнай-газ кәсiпшiлiгi, мұнай-газ ұқсатушы және бұрғылау жабдықтарының, мұнай, газ, өнiм магистральды объектiлерiнiң, электр жабдықтары мен бақылау-өлшеу приборларының мемлекеттiк стандарттарға, қауiпсiздiктiң нормалары мен талаптарына сәйкес келуiнiң шарттарына сүйене отырып, сынау және сертификаттау;
скважиналар құрылысының қазiргi әдiстерi мен тәсiлдерiн жетiлдiру және жаңаларын жасау, колоннааралық көрiнiстермен, аномалиялық қалың қыртыс қысымымен күрес, скважиналарды бекiту, қопару жұмыстарын жүргiзу, апатқа қарсы жұмсалатын құралдар, еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн приборлар;
мұнай-газ өңдейтiн, мұнай-газ ұқсататын, мұнай мен газ, геологиялық кәсiпорындарының объектiлерiн салу мен жаңғыртудың еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi жобалық құжаттамасына мақсатты сарап жүргiзу;
корпорациялармен, компаниялармен, концерндермен, бiрлестiктермен, кәсiпорындармен бiрлесiп техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi және басқа нормативтiк-техникалық құжаттаманы әзiрлеу, сондай-ақ мұнай-газ кәсiпшiлiгi, мұнай-газ ұқсатушы, бұрғылау жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi қорытындыларды келiсу мен берiп отыру және магистральды мұнай, газ, өнiм құбырларын пайдалану;
техника қауiпсiздiгi жөнiндегi жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеуге қатысу.
5. Ғылыми-зерттеу орталығы мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсiбi орындарымен тiкелей шарттар бойынша шаруашылық негiзде, ал келешектегi және ұзақ мерзiмдi сипаты бар ғылыми-зерттеулер - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсiбi орындарының, мұнай мен газ геологиясының мақсатты ғылыми зерттеулерге аударатын қаржысы есебiнен құралатын орталықтандырылған қорынан қаржыландырылсын.
Мемлекеттiк корпорациялар, компаниялар, концерндер, бiрлестiктер, кәсiпорындар осы мақсатқа қаржы бөлудi көздейтiн болсын.
6. Ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу "Қазақ КСР-iндегi кәсiпорындар туралы" Қазақ КСР Заңына сәйкес, келiсiм шарт және шаруашылық есеп негiзiнде белгiленсiн.
7. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, мемлекеттiк корпорациялар, компаниялар, концерндер және мұнай-газ өнеркәсiбi, мұнай мен газ геологиясы кәсiпорындары ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми-техникалық және эксперименттiк база жасауына, кадрларды жасақтауына жәрдем көрсететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз