Паспорт және виза жұмысы жөнiнде халыққа қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 21 сәуiр N 320. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998.04.27. N 3928 Жарлығымен

      Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының паспорт және виза жұмыстарын одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң паспорт және виза жұмысы жөнiнде халыққа қызмет көрсетуге ақы төлеу тарифтерiн енгiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
      Көрсетiлген қызмет тiзбесi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне паспорт және виза жұмысы жөнiнде халыққа қызмет көрсетуге ақы төлеу тарифтерiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң келiсуi бойынша бекiту құқы берiлсiн.
      3. Аталған қызметтер үшiн ақы төлетуден түсетiн қаржының 60

 

процентiн Iшкi iстер министрлiгi республикалық бюджетке енгiзедi

деп белгiленсiн.

     Iшкi iстер министрлiгiнiң қарауында қалатын қаржы арнаулы

қаражатты жұмсаудың бюджеттегi ұйымдарға белгiленген тәртiбiне

сәйкес пайдаланылсын.

     4. Қазақстан Республикасының заңдарымен тиiстi жеңiлдiктер

берiлген адамдар, сондай-ақ осы қаулыға N 2 қосымшада көрсетiлген

адамдар аталған қызметтер үшiн ақы төлеуден босатылсын.


          Қазақстан Республикасы 

           Премьер-министрiнiң

            бiрiншi орынбасары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады