Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының шаруашылық басқармасы туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1993 жылғы 22 сәуiр N 324. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.06.30. N 993 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi



                                            Қазақстан Республикасы



                                            Министрлер Кабинетiнiң

                                            1993 жылғы 22 сәуiрдегi

                                                N 324 қаулысымен

                                                   бекiтiлген



 
 
                  Қазақстан Республикасының Президентi мен
                      Министрлер Кабинетi Аппаратының
                        Шаруашылық басқармасы туралы
                                 Ереже
 
      1. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы * Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 12 тамыздағы N 670 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппараты Iс Басқармасының таратылған Өндiрiстiк бiрлестiгi негiзiнде құрылған.
      Бұдан былай текст бойынша "Шаруашылық басқармасы"
      2. Шаруашылық басқармасы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттарды, осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Шаруашылық басқармасы бюджеттiк ұйым болып табылады және өзiнiң дербес балансы болады. Оның құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдар өздерiнiң шаруашылық дербестiгiн сақтайды, банкiлерде есеп айырысу және арнаулы шоттары болады, заңды ұйымның басқа да құқықтарымен пайдаланады.
      4. Шаруашылық басқармасының негiзгi мiндеттерi мыналар:
      Республиканың Президентiне, Вице-Президентiне, Премьер-министрi мен Үкiмет мүшелерiне, Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының қызметкерлерiне, облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне, республикалық ұйымдардың басшыларына шаруашылық, тұрғын үй-тұрмыстық және көлiктiк қызмет көрсету;
      ресми шаралар мен делегацияларға, соның iшiнде шетелдiктерге қызмет көрсету;
      Шаруашылық басқармасының балансындағы негiзгi қорларды

 

(мемлекеттiк резиденцияларды, мемлекеттiк саяжайларды, мейманхана

кешендерiн, өндiрiстiк, ауыл шаруашылық объектiлер мен басқа да

ғимараттарды) пайдалану;

     ауыл шаруашылық (егiн, мал және бау шаруашылық) өнiмiн өндiру,

ұқсату және өткiзу;

     тұрғын үй, әлеуметтiк-мәдени тұрмыстық, өндiрiстiк үйлер мен

ғимараттар салу;

     өзiне бекiтiлген аумақтар мен жерлердегi флора мен фаунаны

сақтап, өсiру;

     Қазақстанға ресми шақыртулар бойынша келген шетел азаматтарына

қызмет көрсету.

     5. Шаруашылық басқармасы өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:

     қарамағындағы ұйымдар мен кәсiпорындардың жұмысына басшылық

жасап, үйлестiрiп отырады;

     белгiленген көрсеткiштер бойынша жоспарларды қарап, бекiтiп

бередi және олардың орындалуын бақылайды;


 
       қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың материалдарға, жабдықтарға, мәшинелерге, механизмдерге деген қажетiн анықтайды, салынып жатқан объектiлердiң материалдық-техникалық жабдықталуы мен жинақталуын ұйымдастырады, материалдық ресурстарды қайта бөледi;
      қарамағындағы кәсiпорындарды белгiленген тәртiп бойынша қаржыландырады, олардың қаржы қызметiн бақылайды;
      тоқсандық және жылдық есептердi, баланстарды қарап, бекiтедi, оларды тексеру мен ревизия жасауды ұйымдастырады;
      жұмысшылар мен қызметшiлерге тиiстi тұрмыстық жағдайлар жасау және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысын жүргiзедi;
      қарамағындағы кәсiпорындарда еңбек заңдарының, еңбек қорғау мен қауiпсiздiк техникасы қағидаларының қатаң сақталуын, ұжымдық келiсiм-шарттардың уақтылы жасалуы мен олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      негiзгi қорлар мен өндiрiстi қуаттарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында сыртқы экономикалық қызметпен шұғылданады, қызмет көрсетедi, қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдар өндiрген өнiмдердi еркiн айналымдағы валютаға өткiзедi, шет ел фирмаларымен және компанияларымен бiрлескен кәсiпорындар құрады;
      банк мекемелерiнде, соның iшiнде шет елде (Министрлер Кабинетiнiң рұқсаты бойынша) шоттар ашады;
      Үкiмет мүшелерiн, Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының қызметкерлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесiн белгiленген тәртiп бойынша шешiп, пәтер алуға арналған құжаттарды ресiмдейдi.
      6. Шаруашылық басқармасын бастық басқарады, оны Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
      Шаруашылық басқармасының бастығы Президент пен Министрлер Кабинетi Аппараты басшысының орынбасары болып табылады.
      Шаруашылық басқармасы бастығының төрт орынбасары болады, оларды Министрлер Кабинетi тағайындайды.
      Шаруашылық басқармасының бастығы өз орынбасарлары арасында мiндеттер бөлiседi.
      7. Шаруашылық басқармасының бастығы:
      басқармаға жүктелген мiндеттер мен мiндеттемелердiң орындалуына дербес жауап бередi және Шаруашылық басқармасының қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелер мен шаруашылықтардың қызметi үшiн өз орынбасарларының жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi;
      өз құзыры шегiнде, қолданылып жүрген заңдардың, Президент жарлықтары мен қаулыларының, Министрлер Кабинетi мен Премьер-министрдiң қаулылары мен өкiмдерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, сондай-ақ қарамағындағы кәсiпорындар, мекемелер мен шаруашылықтар орындауға мiндеттi нұсқаулар бередi;
      Шаруашылық басқармасы мен оның қарамағындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен шаруашылықтардың жұмысын басқарады;
      барлық мемлекеттiк, кооперативтiк, қоғамдық және басқа кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде Шаруашылық басқармасының мүддесiн бiлдiредi;
      Шаруашылық басқармасының материалдарына, ақшадай және валюта қаржысына иелiк жасайды;
      банк мекемелерiнде есеп айырысу және арнаулы шоттар, сондай-ақ аккредитивтер ашып, жабады;
      Шаруашылық басқармасы аппаратының, қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелер мен шаруашылықтардың қызметкерлерiн қызметке тағайындап, одан босатады.
      Шаруашылық басқармасының, сондай-ақ қарамағындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен шаруашылықтардың балансынан негiзгi құрал-жабдықтарды белгiленген тәртiп бойынша есептеп шығарады;
      Шаруашылық басқармасының қарамағындағы кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен шаруашылықтар туралы ережелердi (жарғыларды) бекiтедi;
      қарамағындағы кәсiпорындардың, мекемелер мен шаруашылықтардың штат кестелерi мен шығыс сметаларын келiседi.
      8. Шаруашылық басқармасы заңды ұйым болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз аты қазақ және орыс тiлiнде жазылған дөңгелек мөрi мен тиiстi мөрi, штамптары болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады