Мемлекеттiк кәсiпорындарды ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар етiп қайта құру туралы Ереженi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 23 сәуiр 1993 ж. N 328

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлiк қоғамдар етiп қайта құру жөнiндегi ұйымдастыру шаралары туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1136 U931136_ Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Осыған қоса берiлiп отырған "Мемлекеттiк кәсiпорындарды

 

ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар етiп құру туралы Ереже"

бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару

жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне кәсiпорындарды жекешелендiрудiң Үлгi

жоспарын үстiмiздегi жылдың 1 мамырға дейiн әзiрлеп, бекiту

тапсырылсын.



     Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.24.

              N 1177 қаулысымен.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                      1993 жылғы 23 сәуiрдегi

                                           N 328 қаулысымен

                                             Бекiтiлген


            Мемлекеттiк кәсiпорындарды ашық үлгiдегi

          акционерлiк қоғамдар етiп қайта құру туралы  

                         Ереже


     Осы Ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiктi

мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға

арналған Ұлттық бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы

Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлiк қоғамдар

етiп қайта құру жөнiндегi ұйымдық шаралар туралы" 1993 жылғы

5 наурыздағы Жарлығына сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындарды ашық

акционерлiк қоғамдар етiп қайта құрудың тәртiбiн белгiлейдi.


                   I Бөлiм


             Мемлекеттiк кәсiпорындарды ашық үлгiдегi      

           акционерлiк қоғамдар етiп қайта құрудың тәртiбi



 
       1. Мемлекеттiк кәсiпорындардың, өндiрiстiк және ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктердiң бәрi, олардың концерндер, одақтар, ассоциациялар, аумақтық, салааралық және өзге де бiрлестiктер, кәсiпорындар (бұдан әрi - кәсiпорындар) құрамына кiретiнiне-кiрмейтiнiне қарамастан, сондай-ақ жарғылық капиталының 50 проценттен астамы мемлекеттiң меншiгiнде болып отырған жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - акционерлiк қоғамдар) болып қайта құрылуға тиiс.
      Шағын жекешелендiру бағдарламасына енгiзiлген мемлекеттiк кәсiпорындарға, шетелдiк инвестициялар үлестi түрде қатысатын кәсiпорындарға (бiрлескен кәсiпорындарға), мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға, сондай-ақ жекешелендiрiлуiне Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасында тыйым салынған кәсiпорындарға бұл Ереже қолданылмайды.
      2. Мемлекеттiк бiрлестiктердiң жеке балансы бар құрылымдық бөлiмшелерiн, егер олардың қызметi бiрлестiктегi өндiрiстiк циклмен-технологиялық жағынан байланысты болмаса, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi тиiстi аумақтық комитеттердiң шешiмiмен ашық акционерлiк қоғамдар етiп қайта құруға болады. Салалық министрлiктiң ұсынысы бойынша және Монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитеттiң оң қорытындысы болған жағдайда бiрлестiктiң түгелдей акционерленуi мүмкiн.
      Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      3. Осы Ереженiң 1-тармағына жататын әрбiр кәсiпорында, бiрлестiкте, осы Ереженiң III бөлiмiне сәйкес жұмыс iстейтiн жекешелендiру жөнiндегi жұмыс комиссиялары (бұдан әрi - комиссиялар) құрылады.
      4. Комиссия кәсiпорын орналасқан жердегi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитетке ол белгiлеген мерзiмде бекiту үшiн мынадай құжаттарды:
      - жекешелендiру жоспарын;
      - мүлiктi бағалау актiсiн;
      - акционерлiк қоғамның жарғысын;
      - тегiн берiлетiн акциялар пакетiн акционерлiк қоғамның еңбек ұжымы мүшелерi арасында бөлудiң тәртiбi туралы ереженi әзiрлеп, тапсырады.
      Егер аталған құжаттар белгiленген мерзiмде мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитетке тапсырылмайтын болса, соңғысы бұл жұмысты акционерленетiн кәсiпорынның есебiнен шарттық негiзде орындауды жекешелендiру жөнiндегi бюроға немесе аталған жұмысты жүргiзуге лицензиясы бар өзге де ұйымға жүктеуге хақылы.
      Мемлекет иелiгiнен алынуы мен жекешелендiрiлуi жеке жобалар бойынша жүргiзiлетiн кәсiпорындар үшiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi акционерлеу үшiн өзге мерзiмдердi белгiлеуi мүмкiн.
      Ескерту. 4-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
       5. Осы Ережеге сәйкес құрылатын акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталының мөлшерi жекешелендiрiлетiн мүлiктi бағалау жөнiндегi Ережеде белгiленген тәртiппен анықталады, ол Ереженi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитет бекiтедi.
      Акционерлiк қоғамға әлеуметтiк-мәдени және коммуналдық-тұрмыстық объектiлер (оның объектiлiк тiзiмiн олардың құнын көрсете отырып меммүлiк жөнiндегi аумақкомы бекiтедi) тiкелей мақсаты бойынша одан әрi пайдалану үшiн берiледi. Аталған объектiлердiң құны акционерлiк қоғамның жарғылық капиталына қосылмайды. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитет бұрынғы мемлекеттiк кәсiпорын негiзiнде құрған акционерлiк қоғам таратылған жағдайда мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сол акционерлiк қоғамға бұрын тегiн берiлген әлеуметтiк-мәдени және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердiң бұдан былайғы тағдырын айқындайды.
      Ескерту. 5-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      6. Құжаттар түсiрiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитетi оларды жекешелендiру туралы заңда белгiленген тәртiппен қарап, өз қаулысымен жекешелендiру жоспарын, мүлiк құнын бағалау актiсiн және акционерлiк қоғамның жарғысын бекiтедi. Аталған құжаттардың осы Ереже талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайда мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақком түсiрiлген құжаттарды акционерленетiн кәсiпорын есебiнен шартты негiзде пысықтауды жекешелендiру жөнiндегi бюроға немесе аталған жұмыстарды атқаруға лицензиясы бар өзге де ұйымға тапсыруға хақылы. Кәсiпорынды жекешелендiрудiң аумақкомы бекiткен жоспары оны ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам етiп қайта құру туралы шешiм болып табылады.
      Ескерту. 6-шы тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      7. Жекешелендiрiлуiне Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiмен келiсiм бойынша рұқсат етiлген кәсiпорындарды ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам етiп қайта құру туралы құжаттар Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитетi тарапынан Үкiметтiң бекiтуiне ұсынылады, ол туралы тиiстi министрлiк, концерн немесе ведомство хабардар етiледi. Екi апта мерзiм iшiнде Үкiмет жекешелендiруге тыйым салу немесе рұқсат ету туралы дәлелдi шешiм қабылдап, ол туралы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитетiне хабарлайды. Үкiметтiң объектiнi жекешелендiру туралы шешiмi алынғаннан кейiн жекешелендiру жоспары бекiтiлген, ал кәсiпорын жекешелендiрiлуге тиiс деп саналады.
      Мемлекеттiк кәсiпорынды жекешелендiруге тыйым салу туралы шешiм жобасын тиiстi министрлiк, концерн немесе ведомство, яки басқа бiр мемлекеттiк басқару органы Үкiметтiң тапсыруы бойынша 10 күн мерзiмде әзiрлеуге тиiс.
      8. Мүлiктiң құны мен құрамын анықтау жөнiндегi кәсiпорын мен оның бөлiмшесi арасында туындайтын дауларды, олар бiр аумақта орналасқан болса, тиiстi аумақкомы, яки олар түрлi облыстарда орналасқан болса - Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитетi қарайды.
      Ескерту. 7-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      9. Ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамның құрылтайшысы ретiнде аумақком жергiлiктi әкiмшiлiктiң тиiстi органдарына бекiтiлген жекешелендiру жоспарын, тiркелуге өтiнiмдi және акционерлiк қоғамның жарғысын тiркеуге бередi. Тiркеу белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Тiркеу алымдары мен өзге де төлемдер қайта құрылатын мемлекеттiк кәсiпорындардан алынады.
      Ескерту. 9-шы тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң
               1995.08.24. N 1177 қаулысымен.
      10. Акционерлiк қоғам тiркелген сәттен бастап кәсiпорынның активi мен пассивiн акционерлiк қоғам қабылдап алады. Акционерлiк қоғам қайта құрылған кәсiпорынның құқықтары мен мiндеттемелерiнiң құқықтық мұрагерiне айналады. Кәсiпорындардың бөлiмшелерi негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдардың құқықтық мұрагерлiгiнiң шегi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi тиiстi комитеттiң шешiмiмен белгiленедi.
      Аталған жағдайлардың бәрiнде тапсыру, бөлу баланстарын толтыру қажет етiлмейдi. Акционерлiк қоғам құрылған кездегi оның мүлкiнiң құрамы оны бағалау актiсiнде көрсетiледi.
      Акционерлiк қоғам тiркелген сәтiнен бастап мемлекеттiк басқару органдарының құрылымынан шығады.
      Ескерту. 10-шы тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      (11-тармақ) .
      Ескерту. 11-шi тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1996.01.19.
               N 71 қаулысымен.
      12. Акционерлiк қоғамның мемлекет тарапынан құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi болып табылады.
      Ескерту. 12-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      13. Акционерленетiн кәсiпорны еңбек ұжымының қызметкерлерi акционерлiк қоғам акцияларының 10 процентке дейiнiн тегiн алуға құқылы, бiрақ олардың жалпы сомасы кәсiпорынның бiр қызметкерiне шаққанда, қайта құрылатын кәсiпорында жұмыс iстейтiндердiң санына көбейткенде он екi орташа айлық жалақы мөлшерiнен аспауға тиiс. Бұлардың бәрi артықшылықты акциялар.
      Акционерлiк қоғам тiркелген соң 15 күн iшiнде еңбек ұжымы өзiнiң жалпы жиналысында қызметкерлердiң және Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру туралы Заң соларға теңестiрген өзге де адамдардың аталымды тiзiмiн бекiтiп, олардың әрқайсысына берiлетiн акциялардың санын көрсете отырып мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитетке беруге мiндеттi.
      Аумақтық комитет алған тiзiмдер тексерiлгеннен кейiн оларда аталған адамдарды акционерлердiң тiзiмiне қосу үшiн акционерлiк қоғамның атқарушы органдарына берiледi.
      Ескерту. 13-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      14. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитет бекiткен кәсiпорынды жекешелендiру жоспары оның акциялары эмиссиясының сипаттамасы болып табылады.
      Ескерту. 14-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      15. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi тиiстi аумақтық комитет сол кәсiпорынды жекешелендiру жөнiнде Ұлттық жекешелендiру бағдарламасында белгiленген шектеулердi ескере отырып, акциялардың Ұлттық бағдарламада белгiленген бөлiгiн (жаппай жекешелендiру объектiлерiнiң кемiнде 51 процентi) кейiннен аукциондарда инвестициялық жекешелендiру купондарына айырбасқа инвестициялық жекешелендiру қорларына сату үшiн, акциялардың қалған бөлiгiн жазылу негiзiнде немесе тиiстi делдалдар (қор биржалары және т. б.) арқылы заңды ұйымдар мен жеке адамдарға сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жiберу жолымен оларды орналастырады.
      Акциялардың сатылуы акционерлiк қоғам жүргiзетiн акционерлер тiзiмiне тиiстi өзгерiстер енгiзу жолымен тiркеледi.
      Ескерту. 15-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      16. Комиссияны құру кезеңiнде және акционерлiк қоғам тiркелгенге дейiн кәсiпорынды қайта құруға тыйым салынады.
 
                     II Бөлiм
 
             Кәсiпорындардың ерiктi бiрлестiктерiнiң ұйымдық
                     нысанын қолданылып жүрген заңдарға
                       сәйкестендiрудiң тәртiбi
 
      17. Салааралық мемлекеттiк бiрлестiкке, концернге, ассоциацияға немесе кәсiпорындардың өзге де ерiктi бiрлестiгiне қатысушы мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi - бiрлестiктер) басшылары бiрлестiктiң ұйымдық нысанын қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендiру және құрылатын серiктестiктiң немесе акционерлiк қоғамның құрылтайлық құжаттарын әзiрлеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiлеген мерзiмде бiрлестiктiң басшы органының шақырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 17-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      18. Құрылатын серiктестiктiң немесе акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының көлемi осы Ереженiң I бөлiмiнiң 5-тармағына сәйкес белгiленетiн тәртiппен бағаланады. Жарғылық капиталдың құрылтайшы кәсiпорындар қосқан үлестерiнiң мөлшерi бағалау болғанға дейiн бүкiл мерзiм iшiндегi олардың үлестi және өзге де ақшалай жарналарының жинақталған сомасына тең болып белгiленедi. Мемлекеттiк кәсiпорындардың өзге нысанда қосқан мүлiктiк үлесi, сондай-ақ бiрлестiкке мемлекеттiк басқару органдары берген мемлекеттiк мүлiк мемлекеттiң үлесi болып танылады.
      19. Мемлекет пен құрылтайшы мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғылық капиталға қосқан үлесiнiң мөлшерiн белгiлейтiн құжаттар, егер бiрлестiктiң республикалық маңызы болса, Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитетiнiң бекiтуiне, яки бiрлестiк орналасқан жерi бойынша - аумақтық комитеттiң бекiтуiне берiледi.
      Мемлекеттiк басқару органдары аталған бiрлестiктердiң қарамағына (балансына) бұрын берген мемлекеттiк мүлiктi бiрлестiктер ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылған жағдайда, меммүлiк жөнiндегi тиiстi комитеттер жарғылық қорына қосуы мүмкiн. Бiрлестiктердi қайта құру кезiнде құрылатын бiрлестiктер мен акционерлiк қоғамдарға мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң мүлiктiк үлес қосуының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитетi белгiлейдi.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
 
                     III Бөлiм
 
           Жекешелендiру жөнiндегi жұмыс комиссиясын
               құру және оның қызметi туралы ереже
 
      20. Жекешелендiру жөнiндегi жұмыс комиссиясы (бұдан әрi - комиссия) ашық акционерлiк қоғам болып қайта құрылуға тиiстi кәсiпорында, бөлiмшеде құрылады.
      21. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлiк қоғамдар етiп қайта құру жөнiндегi ұйымдық шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1136 Жарлығы күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмде кәсiпорын басшысы осы Ереженiң I бөлiмi 1 тармағының талаптарына сәйкес комиссия құру туралы бұйрық шығарады. Комиссияның құрамына еңбек ұжымының өкiлi енгiзiледi. Кәсiпорын басшысы бұйрығының көшiрмесi бұйрық шыққаннан бастап үш күн iшiнде мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитетке жiберiледi.
      Ескерту. 21-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      22. Егер кәсiпорынның басшысы аталған мерзiмде комиссия құрмаса, онда комиссия әкiмшiлiк өкiлiнiң қатысуымен немесе қатысуынсыз еңбек ұжымының шешiмi бойынша құрылады. Еңбек ұжымы жиналысының комиссия құру туралы шешiмiнiң көшiрмесi ол қабылданғаннан бастап үш күн iшiнде мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитетке жiберiледi.
      Ескерту. 22-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      23. Комиссия құрамына кәсiпорынның қызметкерлерiнен саны бесеуден аспайтын кемiнде үш адам кiредi.
      24. Комиссия бiрiншi мәжiлiсiнде комиссия төрағасын сайлайды. Комиссия төрағасы комиссияның жұмысын ұйымдастырады және оның қызметi үшiн дербес жауап бередi.
      25. Комиссияның мәжiлiсiне комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, ол өкiлеттi деп саналады.
      26. Комиссияның әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие. Комиссияның барлық шешiмдерi дауыстың жай көпшiлiк санымен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болады. Комиссия қабылдаған шешiммен келiспейтiн комиссия мүшесi өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша баяндап, оны комиссия төрағасына тапсыра алады. Ерекше пiкiр тиiстi хаттамаға қосылады.
      27. Мәжiлiс хаттамасы мен қабылданған шешiмдер 3 күн iшiнде ресiмделiп, оған комиссия төрағасы қол қояды.
      28. Комиссия еңбек ұжымының жалпы жиналысын ұйымдастырады және өткiзедi, онда акциялардың тегiн алынатын бөлiгiн ұжым мүшелерi арасында таратып бөлудiң шарттары белгiленедi.
      29. Комиссия Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитетi бекiтетiн жекешелендiрудiң Үлгi жоспарын қолдана отырып, жекешелендiру жоспарын әзiрлейдi және ол жөнiнде еңбек ұжымының келiсiмiн алады.
      Ескерту. 29-шы тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      30. Комиссия қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мүлiктi бағалау актiсiн жасап, оған қол қояды және осы Ереженiң I бөлiмiндегi 5-тармақта белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының мөлшерiн белгiлейдi.
      Ескерту. 30-шы тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
               08.24. N 1177 қаулысымен.
      31. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Үлгi жарғысына сәйкес акционерлiк қоғамның жарғысын әзiрлейдi.
      32. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық органдары белгiлеген мерзiмде комиссия мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитетке осы Ереженiң I бөлiмiнiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды түсiредi.
      Ескерту. 32-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.24.
               N 1177 қаулысымен.
      33. Комиссия атынан оның төрағасы кәсiпорынның әкiмшiлiгiне өзi белгiлеген мерзiм iшiнде бухгалтерлiк және статистикалық есеп жүргiзу мен есеп беру деректерiн, құжаттар әзiрлеу үшiн қажеттi басқа да ақпаратты әзiрлеу мен оларды комиссияға берудi мiндеттеуге хақылы.
      34. Комиссия атынан оның төрағасы кәсiпорынның ашық акционерлiк қоғам етiп қайта құрылуына және жекешелендiрiлуiне байланысты барлық мәселелер бойынша бiрлестiктiң, кәсiпорынның, бөлiмшенiң мүддесiн бiлдiруге хақылы.
      35. Комиссияның өз жұмысына сарапшыларды, аудиторларды, консультанттарды және өзге де ұйымдарды қатыстыруға құқы бар.
      36. Комиссия құрылған сәттен бастап, акционерлiк қоғам тiркелгенге дейiн бiрлестiктер, кәсiпорындар, бөлiмшелер әкiмшiлiгiнiң комиссия мүшелерi болып табылатын қызметкерлерi мен лауазымды адамдары әкiмшiлiк инициативасы бойынша жұмыстан шығарылмайды және басқа жұмысқа ауыстырылмайды.
      37. Комиссия мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитетке берiлетiн құжаттардың дұрыс әзiрленуi және өзi пайдаланатын деректердiң дұрыстығы үшiн жауапты болады.
      Ескерту. 37-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.24.
               N 1177 қаулысымен.
      38. Комиссия өз қызметiн акционерлiк қоғам тiркелгеннен кейiн тоқтатады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады