Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 19 наурыздағы N 260 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 30 сәуiр N 338. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995.08.02. N 1069 қаулысымен.

      "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 18 қаңтардағы N 1890 Заңына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 18 қаңтардағы N 1891 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру туралы" 1992 жылғы 19 наурыздағы N 260 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 12, 201-бап) 8-тармағындағы "автокөлiк құралдарын сатып алуға" деген сөздерден кейiнгi "және автокөлiк құралдарына салынатын салықтың" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Жол қорын қалыптастыру туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Мыналар күшi жойылған деп танылсын:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 19 наурыздағы N 260 қаулысына N 1 қосымша мен Республикалық жол қоры қаржысын пайдалану туралы ереженiң соңғы абзацы (N 4 қосымша);
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Жер салығы туралы" және "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 56 қаулысы.
      4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары Қазақстан Республикасының "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1993 жылғы 18 қаңтардағы N 1890 Заңы мен осы қаулыға қайшы келетiн нормативтi актiлерi қайта қаралуын және олардың күшi жойылуын қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң

      бiрiншi орынбасары



                                         Қазақстан Республикасы



                                         Министрлер Кабинетiнiң

                                         1993 жылғы 30 сәуiрдегi

                                             N 338 қаулысына

                                                   Қосымша



 
 
              Қазақстан Республикасының жол қоры қаржысын

 

                      қалыптастыру туралы

                            Ереже


               I. Жалпы ережелер


     1. Қазақстан Республикасының "Жол қоры туралы" Заңына сәйкес

жол қорын құрау көздерiне:

     мұнай, мұнай өнiмдерi, шина бойынша қосылған құнға салынатын

салық және шина акциздерi;

     автокөлiк құралдарын сатып алуға салынатын салық;

     автомобиль бензинi мен дизель отынын өткiзуден жасалатын

аударымдар;

     автомобиль жолдарын пайдаланушылар жасайтын аударымдар;

     автомобиль көлiгiн пайдаланудан түсетiн табыстан жасалатын

аударымдар;

     кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiн сатып алудан түсетiн қаржы;

     республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн қаржы;

     автокөлiк құралдары Қазақстан Республикасына кiргенi үшiн

төленетiн ақы жатады.

     2. Республикалық жол қорына:

     мұнай, мұнай өнiмдерi, шина бойынша қосылған құнға салынатын

салықтың және шина акцизiнiң 100 процентi;

     автомобиль жолдарын пайдаланушылар жасайтын аударымдардың 30

процентi;

     автомобиль көлiгiн пайдаланудан түсетiн табыстан жасалатын

аударымдардың 100 процентi;

     автомобиль бензинi мен дизель отынын өткiзуден жасалатын

аударымдардың 100 процентi;

     кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiн сатып алудан түсетiн

қаржының 100 процентi;

     республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржының 100 процентi;

     автокөлiк құралдары Қазақстан Республикасына кiргенi үшiн

төленетiн ақының 100 процентi есептеледi.

     3. Облыстық жол қорына:

     автокөлiк құралдарын сатып алуға салынатын салық түсiмiнiң 100

процентi;

     автомобиль жолдарын пайдаланушылар жасайтын аударымдардың 70

процентi;

     жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн қаржының 100 процентi

есептеледi.


 
       Облыстық жол қорының қаржысы төлеушiлердiң тұрған жерiндегi автомобиль жолдары басқармаларының немесе оларға теңестiрiлген ұйымдардың және бұлардың аудандық бөлiмшелерiнiң шотына қосылады. Аудандық бөлiмшелердiң түскен қаржыны жұмсауға құқы жоқ, олар қаржыны он күн сайын тиiстi автомобиль жолдары басқармасының немесе оларға теңестiрiлген ұйымдардың шотына аударып отырады.
      4. Жол қорының ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаржысы алып қойылмайды, келесi жылы нысаналы мақсатқа пайдаланылады.
      5. Республикалық жол қорына тиесiлi қаржы облыстардағы субшоттардан Қазақстан Республикасы Көлiк құрылысы министрлiгiнiң (Көлiкқұрылысминi) ағымдағы шотына әр айдың 5,15 және 25 күндерi, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң (Ұлтмембанк) келiсуi бойынша басқа мерзiмдерде аударылады.
      6. Салық пен аударымдарды дұрыс есептеу және уақтылы төлеп отыру үшiн жауапкершiлiк оларды төлеушiлерге жүктеледi, олар:
      салық пен төлемдердiң дұрыс есептелуiн және уақтылы төленуiн "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және осы Ережемен белгiленген тәртiп пен мерзiмде қамтамасыз етуге;
      төлем құжаттарында салық пен аударым түрлерiн көрсетуге;
      төленген салық пен аударым сомасының есебiн жүргiзуге;
      автомобиль жолдары басқармаларының, оларға теңестiрiлген ұйымдардың және олардың аудандық бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ Көлiкқұрылысминiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң жол қорына салық пен аударымдардың есептелуi мен төленуiнiң дұрыстығын тексеруiне жiберiп, олардың талап етуi бойынша осы салықтар мен аударымдардың есептелуiне және төленуiне байланысты құжаттар мен мәлiметтердi табыс етуге;
      салықтар мен аударымдар туралы есеп айырысуды Көлiкқұрылысминi белгiлеген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясымен келiсiлген мерзiм мен нысанда өзi тұрған жердегi жол органдарына табыс етуге;
      осы Ережеге сәйкес жол қорына қаржы жинайтын органдарға банк реквизиттерiн хабарлап отыруға мiндеттi.
      7. Автомобиль жолдары басқармалары, оларға теңестiрiлген ұйымдар, олардың аудандық бөлiмшелерi, Көлiкқұрылысминi:
      салықтар мен аударымдар түсетiн банк реквизиттерi мен есеп шотының нөмiрiн жазбаша түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлап отыруға;
      салықтар мен аударымдарды есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмiнiң өзгергенi туралы салық төлеушiлердi хабардар етуге;
      салықтар мен аударымдардың уақтылы төленуiне бақылау жасауға;
      жол қорына түсетiн салықтардың, аударымдардың және басқа қаржының есебiн жүргiзуге мiндеттi.
      8. Салық инспекциялары:
      мұнай, мұнай өнiмдерi, шина бойынша қосылған құнға салынатын салық пен шина акцизiнiң сомасын есептеудiң және ол орманның түсуiнiң есебiн жүргiзедi;
      мұнай, мұнай өнiмдерi, шина бойынша қосылған құнға салынатын салықтың және шина акцизiнiң белгiленген мерзiмде Көлiкқұрылысминiнiң есеп шотына аударылуын қамтамасыз етедi;
      алымдар мен салықтардың жол қорына түсуiне бақылау жасайды;
      автомобиль жолдары басқармалары мен оларға теңестiрiлген ұйымдардың немесе бұлардың аудандық бөлiмшелерiнiң, Көлiкқұрылысминiнiң салық төлеушiлердiң, банкiлердiң және басқа қаржы-кредит мекемелерiнiң салық жөнiндегi заңдарды бұзғаны туралы хабарламаларын қарайды және бұларға "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаржы санкциялары мен әкiмшiлiк айыппұл шараларын қолданады.
      9. Салықтар мен аударымдарды жол қорына белгiленген мерзiмде төлеуден жалтарған жағдайда бұл қаржыны автомобиль жолдары басқармалары мен оларға теңестiрiлген ұйымдар немесе олардың аудандық бөлiмшелерi, Көлiкқұрылысминi кәсiпорындар мен ұйымдардан, кооперативтерден, оның iшiнде колхоздар мен тұтыну кооперациясынан бiрiншi кезекте дау-дамайсыз, ал азаматтардан сот арқылы өндiрiп алады. Кешiктiрiлген әрбiр күн үшiн төленбеген соманың 0,2 процентi мөлшерiнде өсiм есептеледi.
      10. Төлеушiлер мен автомобиль жолдары басқармаларының, оларға теңестiрiлген ұйымдардың, бұлардың аудандық бөлiмшелерiнiң, Көлiкқұрылысминiнiң арасындағы дау-дамай соттар мен төрелiк соттар арқылы шешiледi.
      11. Салықтар мен аударымдарды валюта орнына сом есебiмен шетелдiк валютаның Ұлттықмембанк белгiлейтiн қолданылып жүрген курсы бойынша жүргiзiледi.
 
                 II. Мұнай, мұнай өнiмдерi, шина бойынша
                     қосылған құнға салынатын салық және
                              шина акциздерi
 
      12. Қазақстан Республикасының "Қосылған құнға салынатын салық туралы" және "Акциз туралы" Заңдарына сәйкес есептелiп, бюджетке түскен мұнай, мұнай өнiмдерi, шина бойынша қосылған құнға салынатын салықтар мен шина акциздерiнiң бүкiл сомасын салық органдары төлеушi кәсiпорынның тұрған жерiндегi жол қорына аударады.
      13. Жоғарыда аталған қосымша құнға салынатын салық пен акциздерден бюджетке түскен сома әрбiр айдың 3,13 және 23 күндерi Ұлттықмембанктiң облыстық басқармаларында ашылған республикалық жол қорының есепшотына аударылады.
 
              III. Автокөлiк құралдарын сатып алуға
                        салынатын салық
 
      14. Сатып алынған автокөлiк құралдарының құнынан алынатын салықты меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдар облыстық жол қорына автокөлiк құралдары тiкрелгенге дейiн, ал иесi өзгерген жағдайда - автокөлiк құралдары қайта тiркелгенге дейiн сатып алынған көлiк құралдары (жүк тасымалдаушы, жеңiл арнаулы автомобильдер, пикаптар мен жеңiл фургондар, автобустар, тiркемелер мен жартылай тiркемелер) қайта сатып алынғанына қарамастан олардың бағасының 5 процентi мөлшерiнде, ал тегiн берiлген жағдайда қалдық баланстық құннан осындай ставка бойынша төлейдi.
      Автокөлiк құралдарын сатып алуға салынатын салықты төлеу оларды сатып алған көздердiң есебiнен жүргiзiледi.
      15. Салықты төлеу, осы көлiк құралының тiркелуге немесе қайта тiркелуге жататынына қарамастан, автокөлiк құралын оның иесiне қабылдау-беру актiсi ресiмделген күннен бастап 10 күн мерзiмде жүргiзiледi. Салық төлеуден жалтарған жағдайда салық жоғарыда аталған мерзiм өткен соң өсiм есептеле отырып дау-дамайсыз түрде өндiрiп алынады.
      16. Автокөлiк құралдары еркiн айналымдағы валютаға немесе шетелдiк мемлекеттермен баспа-бас мәмiле бойынша сатып алынған жағдайда салық автомобильдiң валютадағы құнының 5 процентi мөлшерiнде немесе оларды сатып алған кезде Ұлттықмембанк белгiлеген қолданылып жүрген курсы бойынша қайта есептеле отырып сом түрiнде есептеледi.
      17. Салық төлеуден:
      бюджетте тұрған ұйымдар мен мекемелер;
      жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлiгiнiң (таксиден басқа) кәсiпорындары;
      40 тоннадан астам жүк көтеретiн, өздiгiнен жүк түсiретiн карьерлiк автомобильдердi сатып алушы кәсiпорындар;
      жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын ұжымшарлар, ауыл шаруашылық кооперативтерi, кеңшарлар және басқа ауыл шаруашылық кәсiпорындары босатылады. Ауыл шаруашылыққа жатпайтын қызметтен, өз өндiрiсiнiң шикiзатын ұқсатудан басқа, 25 проценттен астам пайда (кiрiс) алатын кәсiпорындарға бұл қағида қолданылмайды.
      Жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлiгi кәсiпорындарына меншiк нысандары мен ведомстволық иелiгiне қарамастан, жолаушылар тасымалдауға Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Көлiк инспекциясы органдары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес берген лицензиясы ("П" түрiнде) мен белгiленген үлгiдегi лицензия кәртiшкелерi бар және мұндай тасымалды белгiленген тәртiппен бекiтiлген маршруттар мен қозғалыс графиктерi және тарифтер бойынша орындайтын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Автокәсiпорны алуан түрлi автотасымал жасалған кезде аталған тәртiппен жолаушылар таситын автокөлiк қана салықтан босатылады.
      Жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлiгi кәсiпорындары сатып алатын, жоғарыда көрсетiлген жолаушылар тасымалдауға арналмаған автокөлiк құралдары автокөлiк құралдарын сатып алуға салынатын салықты төлеуден босатуға жатпайды.
      Автомобильдердi қайта сатуды жүзеге асырушы ұйымдар мен кәсiпорындар мұндай автокөлiк құралдары тауар болып саналатын ретте, яғни есеп-қисапта негiзгi құралдар ретiнде көрсетiлмейтiн және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы органдарында тiркеуге жатпайтын жағдайда, автокөлiк құралдарын сатып алуға салық төлемейдi.
 
           IV. Автомобиль бензинi мен дизель отынын
                 өткiзуден жасалатын аударымдар
 
      18. Меншiк нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль бензинi мен дизель отынын өндiрушi кәсiпорындар мен ұйымдар аталған материалдарды өткiзуден жасалатын аударымдарды жол қорына төлеушi болып табылады.
      19. Автомобиль бензинi мен дизель отынын өткiзу дегенiмiз өндiрушi кәсiпорындардың оларды өз мұқтажы үшiн сатуы, айырбастауы, тегiн беруi және пайдалануы.
      20. Өндiрушi кәсiпорындар автомобиль бензинi мен дизель отынын

 

өткiзуден жасалатын аударымдарды кәсiпорынның осы мұнай өнiмдерiн

босату бағасының 5 процентi мөлшерiнде (қосылған құнға салынатын

салықсыз) енгiзедi.

     Аталған аударымдарға өндiрушi кәсiпорынға тұтынушылар өтем

жасайды.

     21. Төлеушiлер автомобиль бензинi мен дизель отынын өткiзуден

жасалатын аударымдарды автомобиль жолдары басқармалары

Ұлттықмембанктiң облыстық басқармаларында ашқан республикалық жол

қорының есепшотына әрбiр өткен 10 күндiк iшiнде iс жүзiнде

өткiзiлгенiне қарай мынадай мерзiмдерде:

     үстiмiздегi айдың 13 күнi - бiрiншi онкүндiк үшiн;

     үстiмiздегi айдың 23 күнi - екiншi онкүндiк үшiн;

     келесi айдың 3 күнi - есеп берiлетiн айдың қалған күндерi үшiн

төлейдi.


               V. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар

                     жасайтын аударымдар



 
       22. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар жасайтын аударымдарды меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдар жол қорына атқарылатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтiң, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлемiнiң (заводтың iшкi айналымын есептемегенде) тауар биржалары мен басқа биржалар - көрсетiлетiн қызметтен алынатын түсiм мөлшерiнiң, сақтандыру компаниялары - төлемдер мен өтемдер арасындағы айырма сомасының банкiлер-кiрiс мөлшерiнiң бiр процентi, ал дайындаушы, сауда-саттық жасаушы, жабдықтау-өткiзушi және соларға теңестiрiлген кәсiпорындар - көтерме сауданың, тасымалдаудың, қоймалаудың, бөлшек сауданың жылдық айналымының 1 процентi мөлшерiнде төлейдi.
      Бiрнеше қызмет түрiн атқаратын кәсiпорындар мен ұйымдар автомобиль жолдарын пайдаланушылар жасайтын аударымдарды белгiлеген ставкаларға сүйенiп әрбiр қызмет түрi бойынша жеке-жеке есептейдi.
      23. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар жасайтын аударымдардың сомасы жоспарлы жылға көзделiп өндiрiлетiн өнiмнiң, орындалатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызмет көлемiнiң есебiне қарай анықталып, кейiннен ол әрбiр тоқсан сайын нақты орындалған көлемде бухгалтерлiк және статистикалық есеп берудiң деректерi бойынша үстемелi қорытынды жасалып қайта есептеледi.
      Жоспарлы төлемдер автомобиль жолдары басқармаларының немесе соларға теңестiрiлген ұйымдардың, олардың аудандық бөлiмшелерiнiң есепшотына әр айдың 15-нен кешiктiрмей тоқсандық соманың 1/3 мөлшерiнде аударылып отырады.
      Нақты орындалған көлемге жасалған аударым сомасын қайта есептеу нәтижесiнде анықталған қосымша төлем есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-не дейiнгi мерзiмде төленедi. Артық аударылған сома төлеушiге қайтарылады немесе кезектi төлем есебiне қосылады.
      Төлем кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесiне қарамай жасалып отырады.
      24. Кәсiпорындардың, концерндердiң, қауымдастықтардың және соларға теңестiрiлген ұйымдардың құрамына кiретiн, бiрақ заңды ұйым болып саналмайтын құрылымдық бөлiмшелер ақшалай қаржыны өзiнiң тұрған жерiндегi облыстық жол қорына аударып отырады. Мұндай бөлiмшелердiң банкi мекемелерiнде есепшоттары болмаса, қаржыны олардың жоғары тұрған органдары аударады.
      25. Меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және еркiн айналымдағы валютамен есеп айырысатын кәсiпорындар мен ұйымдар, оның iшiнде шетелдiктерi және шетелдiк фирмалармен бiрлесiп құрылғандары, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi, соларға теңестiрiлген ұйымдар аударымды валюта түрiнде немесе Ұлттықмембанк белгiлейтiн, қолданылып жүрген курсына осы соманы өтейтiн күнге қайта есептей отырып сом есебiмен, осы бөлiмнiң 23 тармағында көрсетiлген мерзiмде жасап отырады.
      26. Кәсiпорындар мен ұйымдардың есептелген аударымдарды төлеуге қаржысы болмаған жағдайда олар автомобиль жолдары басқармаларымен немесе соларға теңестiрiлген ұйымдармен келiсе отырып, оларды жұмыс көлемiн орындаумен, құрылыс материалдарын, конституцияларды, мәшинелер мен механизмдердi және олардың тетiктерiн баламалы құны бойынша жасап берiп тұрумен ауыстыра алады. Олар бұл баламалы құнды автомобиль жолдарын пайдаланушылар жасайтын аударымға жатқызып, өнiм өндiру мен сатуға (жұмысқа, қызметке) жұмсалатын шығындар құрамына қосады.
      27. Автомобиль жолдары басқармалары немесе соларға теңестiрiлген ұйымдар жылдық жоспарлы соманың 30 процентiнiң 1/24 бөлiгiн әр айдың 10 және 25 күндерi Көлiкқұрылысминiнiң ағымдағы есепшотына жоспарлы төлемдердi аударып тұрады, ал тоқсан iшiнде нақты орындалуына қайта есептеуге байланысты қосымша аудару одан кейiнгi айдың 15-не дейiнгi мерзiмде жасалады. Артық аударылған сома келесi есебiнен қосылады.
      28. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар жасайтын аударымдарды төлеуде:
      бюджеттегi ұйымдар мен мекемелер;
      жалпы пайдаланудағы, оның iшiнде жергiлiктi автомобиль жолдарын салуды, жөндеудi және күтiп ұстауды жүзеге асырушы кәсiпорындар мен ұйымдар;
      тұрғын үй-коммуналдық, газ шаруашылығы және байланыс кәсiпорындары мен ұйымдары өздерiнiң негiзгi қызметтерi бойынша; (көлiк, өнеркәсiп, құрылыс, жөндеу-құрылыс, жобалау, сауда және жабдықтау-өткiзу қызметтерiнен басқалары), сондай-ақ Қазақ Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының, мүгедектердiң қоғамдық ұйымдарының мекемелерi, ұйымдары мен кәсiпорындары (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатындардан басқалары), протез және ортопед аяқ киiм жасау мен өткiзетiн кәсiпорындардың айналымдары;
      жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлiгiнiң кәсiпорындары (таксиден басқа) босатылады.
      Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын салуды, жөндеудi және күтiп ұстауды жүзеге асырушы кәсiпорындар мен ұйымдар қатарына автомобиль жолдары басқармаларымен немесе соларға теңестiрiлген ұйымдармен өздерi орындайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы көлемiнiң кемiнде 75 процентi сомасына жалпы пайдаланудағы жолдарды салуға, жөндеуге және күтiп ұстауға шарт (контракт) жасасқан ұйымдар жатады.
      Жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлiгi кәсiпорындарына, қалалық электр көлiгi кәсiпорындарынан басқа, меншiк нысандары мен ведомстволық иелiгiне қарамастан жолаушылар тасымалдауға Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Көлiк инспекциясы органдары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес берген лицензиясы ("П" түрiнде) мен белгiленген үлгiдегi лицензия кәртiшкелерi бар және мұндай тасымалды белгiленген тәртiппен бекiтiлген маршруттар мен қозғалыс графиктерi және тарифтер бойынша орындайтын кәсiпорындар мен ұйымдары жатады.
      Автомобиль жолдарын пайдаланушылар өндiрiлген өнiмнiң, атқарылған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтердiң нақты көлемiнен жасайтын аударымдарының есебi үшiн жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлiгiне жатқызылған кәсiпорындар мен ұйымдар жоғарыда аталған жолаушы тасымалын жүзеге асырудан алған түсiм мөлшерi шығарып тасталады.
      Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударым төлеуден босатылатын тiзбесiне кiрмеген кәсiпорындар мен ұйымдардың балансында меншiктi автомобиль көлiгiнiң болмауы оларды жол қорына төлемнiң бұл түрiнен босатуға негiз бола алмайды.
 
           VI. Автомобиль көлiгiн пайдаланудан түсетiн
                  табыстан жасалатын аударымдар
 
      29. Республика аумағында көлiк құралдары бар кәсiпорындар мен ұйымдар, меншiк нысандарына қарамастан республикалық жол қорына жасалатын аударымдарды автомобиль көлiгiн пайдалану барысында түсетiн табыстың 2 процентi мөлшерiнде төлеп, аталған аударымды тасымалдау тарифiне енгiзедi.
      30. Дербес балансқа бөлiнбеген автомобиль шаруашылықтары (көлiгi) бар және оны пайдаланудан түсетiн табыстың жеке есебiн жүргiзбейтiн кәсiпорындар мен ұйымдар екi проценттiк аударым сомасын жол органдарымен келiсе отырып, тасымалданатын жүктiң немесе жолаушылардың көлемiне, тасымалдың орташа қашықтығына және табыс ставкасына қарай анықтайды.
      Меншiктi автокөлiгiн күтiп ұстауға жұмсалатын шығынды өзiндiк құнға немесе мекеменiң сметасына жатқызу бұл кәсiпорындар мен ұйымдарды аталған аударымдарды төлеуден босатпайды.
      31. Меншiк нысандарына, шаруашылық және қаржы қызметiнiң нәтижесiне қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдар жоспарлы төлемдердi республикалық жол қорына әр айдың 15-iнен кешiктiрмей тоқсандық төлемнiң 1/3 мөлшерiнде аударады. Нақты табысқа қарай аударым сомасын қайта есептеу әрбiр тоқсан сайын жыл басынан бергi нәтиже қосыла отырып жүргiзiледi. Кәсiпорындар мен ұйымдар қосымша төленетiн соманы есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iне дейiнгi мерзiмде төлейдi, артық аударылған сома төлеушiге қайтарылады немесе кезектi төлем есебiне қосылады.
      32. Республикалық жол қорының облыстардағы субшотына түскен аударымдары жұмсауға болмайды және оларды Ұлттықмембанктiң облыстық басқармалары әр айдың 5, 15 және 25 күндерi Көлiкқұрылысминiнiң ағымдағы шотына аударып отырады.
      33. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және еркiн айналымдағы валютада есеп айырысатын кәсiпорындар мен ұйымдар, меншiк нысандарына қарамастан, оның iшiнде шетелдiктерi және шетелдiк фирмалармен бiрлесiп құрылғандары, олардың филиалдары, өкiлдiктерi және басқа соларға теңестiрiлген ұйымдар, шетелдiк заңды ұйымдар аударымдары валюта түрiнде немесе Ұлттықмембанк белгiлейтiн, осы төлемдердi өтейтiн күнге қолданылып жүрген курсына қайта есептей отырып сом есебiмен, осы бөлiмнiң 31-тармағында көрсетiлген мерзiмде жасап отырады.
      34. Автомобиль көлiгiн пайдаланудан түсетiн табыстан жасалатын 2 проценттiк аударым төлеуден:
      бюджетте тұратын ұйымдар мен мекемелер;
      автомобиль жолдары басқармаларымен немесе соларға теңестiрiлген ұйымдармен өздерi орындайтын құрылыс-монтаждау жұмысы жалпы көлемiнiң 75 процентi мөлшерiнде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын салуға, жаңартуға, жөндеуге және күтiп ұстауға шарт (контракт) жасасқан, жалпы пайдаланудағы, оның iшiнде жергiлiктi автомобиль жолдарын салуды, жөндеудi және күтiп ұстауды жүзеге асыратын кәсiпорын, бiрлестiктер мен ұйымдар босатылады.
 
             VII. Көлiк құрылысы министрлiгi кәсiпорындары
                    мен ұйымдарының мүлкiн сатып алудан
                             түсетiн қаржы
 
      35. Көлiкқұрылысминi кәсiпорындары мен ұйымдарының мүлкiн сатып алудан түсетiн қаржы сатып алу-сату шарттарымен немесе басқа құжаттармен белгiленетiн мерзiмде және сомада республикалық жол қорына енгiзiлiп отырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады