Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бас бақылау инспекциясының агроөнеркәсiп кешенiне кредиттердiң уақтылы бөлiнбеуi мәселелер жөнiндегi тiлхаты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 3 мамыр 1993 ж. N 341

      Республика Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн жүзеге асыру жөнiндегi атқарушылық тәртiптiң жалпы төмендегенiн және Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Бас бақылау инспекциясының кәсiпорындар мен ұйымдарға айналым қаржыларын толықтыруға кредиттер берiлуi жөнiндегi, сондай-ақ 1993 жылы мемлекеттiк мұқтаждар үшiн өнiм сатып алу мен берiп тұруды қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырмалардың орындалмай қалғаны туралы тұжырымдарын еске ала келiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қаржы министрлiгi агроөнеркәсiп кешенiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарына кредит ресурстарын тiкелей бөлу жөнiндегi ұсыныстарды уақтылы енгiзбегенi, ал облыстардың әкiмдерiнiң кредит алуға арналған өтiнiмдерiн бұларға деген қажеттiлiктердi есептеудiң белгiленген тәртiбiнен елеулi ауытқушылықтармен бергенi атап көрсетiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Кәсiпорындар мен ұйымдарға меншiгiндегi айналым қаржыларын толықтыруға бөлiнген кредиттердi беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., N 1, 17-бап) 1993 жылғы 7 қаңтардағы N 19 қаулысын P930019_ орындауға жауапсыз қарағаны, агроөнеркәсiп кешенiне кредит ресурстарын беру жөнiндегi негiзделген ұсыныстар енгiзудi едәуiр кешiктiргенi, мұның өзi ауыл шаруашылық өндiрiсiмен шұғылданатын меншiктiң барлық нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн қиындата түскенi үшiн Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi орынбасары А. Ф. Романовқа және Қаржы министрiнiң орынбасары П. И. Менжулинге қатаң сөгiс жариялансын.
      3. Қазақстан Республикасының Президентiнен коммерциялық банктерге бұдан былайғы жерде ауыл шаруашылығы кәсiпорындары мен ұйымдарына бөлiп беру үшiн кредит ресурстарын беруде оралымсыздыққа жол берiлгенiне, кредиттер беру жөнiндегi өзiне келiп түскен өтiнiмдер мен есептеулердi уақтылы қарамағанына және олардан негiзсiз бас тартқанына Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң (Ғ. Байназаров) назарын аудару сұралсын.
      4. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Басшысы Н. Ә. Әбiқаевқа Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Кәсiпорындар мен ұйымдарға меншiгiндегi айналым қаржыларын толықтыруға бөлiнген кредиттердi беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру туралы" 1993 жылғы 7 қаңтардағы N 19 қаулысы мен "1993 жылы мемлекеттiң мұқтажын қамтамасыз ету үшiн өнiм алу мен берiп тұру туралы" 1993 жылғы 25 ақпандағы N 153 қаулысының жүзеге асырылуына пәрмендi бақылауды қамтамасыз етпегенi үшiн Қаржы мен еңбек және Экономикалық саясат бөлiмдерi қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн қарау тапсырылсын.
      5. Жергiлiктi әкiмдерге, республиканың министрлiктерi мен ведомстволарының басшыларына республика Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнiң жүзеге асырылуына бақылауды күшейту, олардың толық және уақтылы орындалуына қол жеткiзу мiндеттелсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады