Мұнайдың ренталық төлемдерiнiң ставкаларын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 379 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Кесiмдi ренталық төлемдер туралы" 1991 жылғы 24 желтоқсандағы N 1057 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРМК-нiң 1993.08.05. N 678 қаулысымен.
      2. "Ақтөбемұнай", "Ембiмұнай", "Оңтүстiкқазмұнай" өндiрiс бiрлестiктерi және "Қаражанбастермұнай" тәжiрибе-эксперименттiк мұнайгаз өндiру басқармасы 1993 жылғы 1 ақпаннан бастап мұнайгаз өндiру басқармасы 1993 жылғы 1 ақпаннан бастап ренталық төлемдердi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Энергия көздерiнiң және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерiнiң бағасын мемлекеттiк реттеу туралы" 1992 жылғы 30 қазандағы N 905 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 41, 613-бап) бекiтiлген ставкалар бойынша төлейдi деп белгiленсiн.
      1993 жылғы 1 ақпаннан бастап аталып өткен кәсiпорындар екi еселенген орташа салааралық рентабельдiлiк деңгейiн қамтамасыз ете алмаушылар ретiнде ренталық төлемдердi өтеуден босатылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады