Республиканың күкiрт қышқылын өндiрумен шұғылданатын өнеркәсiп орындарының жұмысын тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1993 жылғы 19 мамыр N 401. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Республиканың күкiрт қышқылын шығарумен байланысты өндiрiстiк кешендерiнiң жұмысын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1<*>. 
       Ескерту. 1-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1994.11.02. N 1219 қаулысымен. 
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi "Балқашмыс" өндiрiстiк бiрлестiгiн және күкiрт қышқылын өндiретiн басқа да кәсiпорындарды оны тасымалдау үшiн темiр жол цистерналарымен қамтамасыз етсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi: 
      республикада күкiрт қышқылын өндiретiн кәсiпорындарды дамыту тұжырымдамасын жасап, онда күкiрт қышқылын әкелiнетiн шикiзат есебiнен шығару көлемiн мейлiнше азайту, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң күкiрт қышқылын iшкi республикалық өндiрiс есебiнен тұтынуын толық қамтамасыз ету шараларын көздейтiн болсын; 
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесiп және республиканың мамандандырылған кәсiпорындары мен ұйымдарының қатысуымен күкiрт қышқылын Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiне тасымалдаудың техникалық жағдайларын жасау мақсатында шекаралық "Дружба" станциясында оны сақтайтын қойма салудың қажеттiгiн қарап, объект құрылысын қаржыландыру жөнiнде шешiм қабылдайтын болсын; 
      "Балқашмыс" өндiрiстiк бiрлестiгiмен бiрлесiп, күкiртi бар өнiмдердiң сан алуан түрлерiн шығару арқылы газды кешендi өңдеу негiзiнде күкiрт қышқылы өндiрiсiн жаңғырту шеңберiнде экологиялық жағдайды жақсартуға және атмосфераға зиянды заттарды шығаруды азайтуға бағытталған жұмыстарды орындауды қамтамасыз етсiн; 
      "Қазақстанқұрылыс" концернiмен және "Балқашмыс" өндiрiстiк бiрлестiгiмен бiрлесiп жаңа күкiрт қышқылы цехын 1995 жылы аяқтап, iске қосу жөнiнде шаралар қабылдансын; 
      Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен және "Балқашмыс" өндiрiстiк бiрлестiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының "Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" Заңының 41 бабына сәйкес бiрлестiктiң өндiрiстiк қызметiне уақытша экологиялық регламент белгiлесiн. 

    Қазақстан Республикасының
    Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады