1. Қазақ мемлекеттiк экономика университетi мұнан былай Қазақ мемлекеттiк басқару академиясы (ҚазМБА) деп аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жоғары оқу орнының құрылымын, ҚазМБА-дағы мамандықтар мен маманданудың тiзбесiн айқындасын, республиканың жоғары оқу орындары үшiн экономикалық бағдардағы оқытушыларды даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру факультетiн белгiленген тәртiппен ашатын болсын.
3. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.01.11.
N 53 қаулысымен. P960053_
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1997.04.02.
N 465 қаулысымен. P970465_
4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Бiлiм министрлiгi Қазақ мемлекеттiк басқару академиясында меншiктi полиграфиялық база құру және оған экономикалық әдебиеттер шығару құқын беру мәселелерiн шешсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi осы мақсаттар үшiн 1993 жылы нысаналы түрде 400 млн. сом қосымша қаражат бөлудi қарастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi 1993-1998 жылдар iшiнде халықаралық байланыстарды дамыту, ақпараттық-оқыту технологияларын, шетел әдебиеттерi мен осы заманғы оқу-ғылыми жабдықтарын алу үшiн академияға жыл сайын кемiнде 1 млн. АҚШ долларын бөлудi қарастыратын болсын.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi 1993-1995 жылдары жобалық-сметалық құжаттамаларды әзiрлеуге және 8000 шаршы метр тұрғын үй қорын, 2,5 млн. кiтапқа арналған кiтапхана корпусын және қонақ үй үлгiсiндегi 400 адамдық бiр жатақхананың құрылысын салуға бюджеттiк қаражат бөлудi қарастырсын.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Алматы және Қарағанды есеп-кредит техникумдарын Қазақ мемлекеттiк басқару академиясының қарауына белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде беретiн болсын.
8. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi республиканың басқа аймақтарында Қазақ мемлекеттiк басқару академиясының филиалдарын ашуды қарастырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi