Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "ТМД-ның Тәжiк-Ауған учаскесiндегi сыртқы шекарасын қорғауды күшейту туралы" 1993 жылғы 15 сәуiрдегi N 2162-ХII қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1993 жылғы 26 мамырдағы N 432

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне, Iшкi iстер министрiне және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, ТМД-ның тәжiк-ауған учаскесiндегi сыртқы шекарасын қорғауды күшейту жөнiндегi мiндеттердi атқаратын Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне Ресей Федерациясының Тәжiкстан Республикасында орналасқан Шекара әскерлерi Тобының әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген лауазымдық жалақылар мен әскери атақтар бойынша жалақыларға сәйкес, лауазымдық жалақылар мен әскери атақтар бойынша қосымша төлем жасау құқы берiлсiн.
      2. Тәжiкстан Республикасындағы жиынтық батальонның орнын ауыстыруға және ұстауға байланысты қосымша шығын Қазақстан Республикасының жалпы мақсаттағы Қарулы Күштерi, Шекара және Iшкi iстер әскерлерi үшiн республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүргiзсiн.
      3. Қоса берiлiп отырған:
      N 1 қосымшаға сәйкес ТМД-ның тәжiк-ауған учаскесiндегi сыртқы шекарасын қорғауды күшейту жөнiндегi мемлекетаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес мiндеттердi атқаратын Қазақстан Республикасы әскери қызметшiлерiнiң контракт бойынша әскери қызметiн өтеуi туралы Ереже;
      N 2 қосымшаға сәйкес контракт (шарт) нысаны бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
                                             Қазақстан Республикасы
                                             Министрлер Кабинетiнiң
                                             1993 жылғы 26 мамырдағы
                                                 N 432 қаулысына
                                                   N 1 қосымша

             Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының тәжiк-ауған
            учаскесiндегi сыртқы шекарасында күзеттi күшейту
            жөнiндегi мемлекетаралық келiсiмдер мен шарттарға
          сәйкес Қазақстан Республикасы әскери қызметшiлерiнiң
              контракт бойынша әскери қызмет атқаруы туралы
                               Ереже

      1. Осы Ереже Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының тәжiк-ауған сержанттар учаскесiндегi сыртқы шекарасында күзеттi күшейту жөнiндегi мемлекетаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес мiндеттердi орындау үшiн жiберiлген Қазақстан Республикасы әскери қызметшiлерiнiң контракт бойынша әскери қызмет атқару тәртiбiн анықтайды*.

      <*> Бұдан былай бұл әскери қызметшiлер контракт бойынша қызмет атқарушы әскери қызметшiлер деп аталады.

      2. Контракт бойынша қызмет атқарушы әскери қызметшiлерге контрактыда көзделген мерзiмде Тәжiкстан Республикасының аумағында өз еркiмен әскери қызмет атқаруға тiлек бiлдiрген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң офицерлерi, прапорщиктерi, старшиналары, сержанттары, солдаттары жатады.
      3. Тәжiкстан Республикасының аумағында контракт бойынша қызмет атқарушы әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасы әскери қызметшiлерiнiң құқылық жағдайы сақталады. Олар Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерi мен қолданылып жүрген заңдарының талаптарын, әскери ант пен әскери жарғыларын, өздерiнiң командирлерi мен бастықтарының бұйрықтары мен өкiмдерiн мүлтiксiз орындауға, сондай-ақ Тәжiкстан Республикасының заңдарында көзделген мiнез-құлық сақтауға тиiс.
      4. Контракт бойынша қызмет атқарушы әскери қызметшiлер Тәжiкстан Республикасының аумағына 3,6 және 12 айға бөлiмшелер құрамында жiберiледi. Әскери қызметшiлердiң рапорты бойынша контракт осы тармақта көзделген мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер үшiн контракт бiр жылдан, сондай-ақ "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмдерден аспауға тиiс.
      5. Тәжiкстан Республикасының аумағында контракт бойынша қызмет атқару мерзiмi Тәжiкстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап есептеледi.
      6. ТМД-ның тәжiк-ауған учаскесiндегi сыртқы шекарасында күзеттi күшейту жөнiндегi мемлекетаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес мiндеттердi орындау үшiн Тәжiкстан Республикасының аумағына жiберiлетiн әскери бөлiмшелердi жасақтау ерiктi контракт негiзiнде. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы, Iшкi iстер министрлiгi және ұлттық қауiпсiздiк комитетi анықтайтын лауазымдар мен мамандықтар бойынша жүргiзiледi.
      7. Осы Ереженi 6-тармағындағы көрсетiлген бөлiмшелерде әскери қызмет атқаруға тiлек бiлдiрген және тиiсiнше контракт жасаған офицерлер, прапорщиктер, старшиналар, сержанттар мен солдаттар, ал мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер бұған қоса кемiнде алты ай қызмет өткергендерi жiберiледi. Әскери қызметшiлер моральдық жағынан тұрақты, тәртiптi, әскери мамандығын жақсы бiлетiн және биiк таулы жерлерде қызмет атқаруға денсаулығы жарамды болуы керек.
      8. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi атынан контракт жасасу, сондай-ақ оны ұзарту құқығы әскери бөлiмдердiң командирлерiне және олармен тең және олардан жоғары тәртiптiк құқығы бар бастықтарға берiледi.
      9. Тәжiкстан Республикасы аумағында контракт бойынша әскери қызмет атқаруға тiлек бiлдiрген офицерлер, прапорщиктер, сержанттар мен солдаттар командасында рапорт бередi және белгiленген нысанда осы Ереженiң 8-тармағында аталған адамдармен контракт жасасады.
      Әскери бөлiмдердiң штабы осы Ереженiң 7-бабының талаптарына сай келетiн әскери қызметшiлерге:
      қызметтiк мiнездемелер;
      қызмет кәртiшкесiнiң көшiрмесiн;
      әскери қызметшiнiң денсаулығы биiк таулы жерлерде әскери қызмет атқаруға жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысын;
      3 данада контракт (әскери қызметшiге, әскери бөлiмге, министрлiктер мен ведомстволарға) ресiмдейдi.
      10. Контракт жасаған әскери қызметшiлер бөлiм тiзiмiнен барлық алатын үлесiнен шығарылып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабының, Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң өкiмi бойынша ТМД-ның тәжiк-ауған учаскесiндегi сыртқы шекараларында күзеттi күшейту жөнiндегi мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес мiндеттердi орындайтын бөлiмшелерге жiберiледi.
      Аталған санаттағы әскери қызметшiлерге негiзгi қызмет өткерген жерiнде атқарған қызметi, тұрғын жаймен және мектепке дейiнгi мекемелермен қамтамасыз етiлу кезегi контрактыда көзделген мерзiмге сақталады. Олар әскери бөлiмдерде және мекемелерде уақытша болмайтын жеке құрам ретiнде есептеледi.
      11. Контракт бойынша қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерге әскери атақ беру және қызметiн ауыстыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      12. Контракт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлердi запасқа шығару былайша жүргiзiледi:
      офицерлер мен прапорщиктер - әскери қызметтi өткеру туралы қолданылып жүрген ережелерге сәйкес;
      мерзiмдi қызметтегi сержанттар мен солдаттар - "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткергенi. Тәжiкстан Республикасы аумағындағы контрактыда көзделген әскери қызмет мерзiмi олардың мерзiмдi әскери қызмет уақытына есептеледi.
      13. Контракт мерзiмiнен бұрын мынадай жағдайда бұзылуы мүмкiн:
      а) әскери қызметшi атқаратын қызметiне сай келмеген;
      ә) әскери қызметшiнiң абыройына нұқсан келтiретiн әрекет немесе қылмыс жасаған;
      б) қызмет атқару кезiнде ауруға шалдыққан және әскери-дәрiгерлiк комиссия оны әскери қызметке жарамсыз (шектеулi түрде жарамды) деп тапқан;
      в) отбасының жағдаяты өзгерген жағдайда.
      Контрактыны мерзiмiнен бұрын бұзу Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң өкiмiмен, әскери қызметшi контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери бөлiм командирi тиiстi құжаттарды ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.
      14. Егер Тәжiкстан Республикасы аумағында контракт бойынша қызмет атқарушы әскери қызметшiнiң қайтыс болуы (өлiмi), жарақаттануы (мертiгуi), ауруға шалдығуы оның қасақана қылмыс жасауы, iшiмдiкке салынуы, улануы және есiрткiмен мас болуы, дене мүшесiн зақымдауы, сондай-ақ әскери бөлiмдi өздiгiнен тастап кетуi есебiнен болғаны белгiленген тәртiп бойынша дәлелденсе, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 сәуiрдегi N 335 қаулысында көзделген қосымша кепiлдiктер мен өтем жасау бұл әскери қызметшiлерге қолданылмайды.
      15. Әскери қызметшi контракт жасаған әскери бөлiмнiң басшылығы контракт ережелерiн орындамаған жағдайда әскери қызметшiнiң өз құқығын қорғау үшiн Заңда белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының сотына өтiнiш беруге құқығы бар.
                                            Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 432 қаулысына N 2 қосымша


                            Контракт

                            (шарт)

     Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiсi мен
____________________________________________ әскери бөлiмнiң
 (әскери атағы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
басшылығы___________________________________ арасындағы Тәжiкстан
              (әскери бөлiмнiң атауы)
Республикасы аумағында ТМД-ның сыртқы шекараларын ерiктi түрде
қорғау iсiне қатысуға ____________________________________________
                      (әскери атағы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
келiсуi туралы.

     1. Мемлекеттiң әскери қызметшi жөнiндегi мiндеттемелерi

     Мемлекет әскери бөлiм атынан _______________________________
                                      (әскери бөлiмнiң атауы)
_________________________________________________________________
        (әскери атағы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
     - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы
________ N ________ қаулысында белгiленген тәртiп және мөлшерде
ұдайы ақшалай үлес және ақшалай өтем жасаудың барлық түрiн төлеуге;


      - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында

көзделген жеңiлдiктердiң барлық түрiн өзiне, сол сияқты оның отбасы
мүшелерiне сақтауға;
     - Қазақстан Республикасы қорғаныс министрiнiң бұйрығымен
белгiленген мөлшерде тиесілi заттай және басқа да барлық үлес
түрiмен қамтамасыз етуге;
     - емдеу-профилактика мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетуге
және қажет болған жағдайда медициналық куәландыруға кепiлдiк бередi.

          2. Әскери қызметшiнiң мiндеттерi
     Мен, _____________________________________________________ мына
               (әскери атағы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
мерзiмге __________________________________________________ лауазымда
            (ай, жыл саны)           (лауазым аты, БУС)
қызмет атқару үшiн контрактыға қол қоямын.
     Мен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 
N   қаулысымен белгiленген жеңiлдiктерге, кепiлдiктер мен өтемдерге
келiсемiн.


      Мен, Тәжiкстан Республикасы аумағында қызмет атқару кезiнде өз мiндетiмдi халықаралық келiсiмдер мен қолданылып жүрген заңдардың, әскери ант пен әскери жарғылардың талабына сай, өзiмнiң командирлерiм мен бастықтарымның бұйрықтары мен өкiмдерiн сөзсiз орындайтын, сондай-ақ Тәжiкстан Республикасы заңында көзделген мiнез-құлық нормаларын сақтайтын боламын.
      Мен, әскери бөлiм командирi өзiмнiң әскери кәсiбiме жарамсыздығымды анықтаған жағдайда әскери-есептегi мамандығымды өзгертiп, кез-келген басқа лауазымға тағайындау, сондай-ақ контракты бұзу құқығын мойындаймын.
      Мен, әскери қызметшiнiң абыройын және намысын жоғары ұстауға мiндеттенемiн және әскери тәртiп пен құқық тәртiбiн бұзған жағдайда заңға және әскери жарғыларға сәйкес жауап беремiн.

          3. Контракты мерзiмiнен бұрын бұзу шарттары,
              тараптардың құқығы мен жауапкершiлiгi

      Контракт мерзiмiнен бұрын мынадай жағдайда бұзылуы мүмкiн:
      а) әскери қызметшi атқаратын қызметiне сай келмеген;
      ә) әскери қызметшiнiң абыройына нұқсан келтiретiн әрекет немесе қылмыс жасаған;
      б) қызмет атқару кезiнде ауруға шалдыққан және әскери-дәрiгерлiк комиссия оны әскери қызметке жарамсыз (шектеулi түрде жарамды) деп тапқан;
      в) отбасының жағдаяты өзгерген жағдайда.
      Егер Тәжiкстан Республикасы аумағында контракт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiнiң қаза табуы (өлiмi), жарақаттануы (мертiгуi), ауруға шалдығуы оның қасақана қылмыс жасауы, iшiмдiкке салынуы, улануы және есiрткiмен мас болуы, дене мүшесiн зақымдауы, сондай-ақ әскери бөлiмдi өздiгiнен тастап кетуi себебiнен болғаны белгiленген тәртiп бойынша дәлелденсе, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 сәуiрдегi N 335 қаулысында көзделген қосымша кепiлдiктер мен өтем

жасау бұл әскери қызметшiлерге қолданылмайды.
     Әскери қызметшi контракт жасаған әскери бөлiмнiң басшылығы
контракт ережелерiн орындамаған жағдайда әскери қызметшiнiң өз
құқығын қорғау үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан
Республикасы сотына өтiнiш беруге құқығы бар.

     Әскери қызметшi                    Әскери бөлiм басшылығының
                                        өкiлi

    _______________________________  ____________________________
           (әскери атағы)                     (әскери атағы)

    _______________________________  ____________________________
      (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)

    _______________________________  _____________________________
              (қолы)                           (қолы)

     1993 жылғы "__" ______________  1993 жылғы "__" _____________
     ______________________________  _____________________________
          (жылы, айы, күнi)                (жылы, айы, күнi)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады