1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республика қаржы жүйесiнiң топтастырушы органы бола отырып,кредит, валюта, ақша, салық және кеден саясатымен өзара байланыса, мемлекеттiк бiртұтас қаржы саясатының стратегиялық бағыттарын белгiлеуге және iс жүзiне асыруға, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердiң мемлекетаралық қатынастары шеңберiнде осы бағыттарды үйлестiруге, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қаржы саясатын жасауға жауап бередi деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мынадай негiзгi функциялар:
әлеуметтiк-экономикалық даму саласында республика үшiн ортақ қаржы басымдылығын айқындау жөнiнде ұсыныстар жасау;
бюджетте көзделген барлық кiрiстердiң келiп түсуiн қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуына бақылау жасау, барлық бағыттар бойынша мемлекеттiк қаражатты үнемдеудiң және оны нысаналы түрде пайдаланудың қатаң тәртiбiн жүзеге асыру;
нарық қатынастарына көшуге, республикада инфляция процестерiн шектеуге және дәйектi түрде жоюға, кәсiпкерлiктi қолдауға, халыққа салық салуда әлеуметтiк бағдар ұстауды қамтамасыз етуге бағытталған бiртұтас салық саясатын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк кеден саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сауда-экономикалық қатынастарды кедендiк реттеу жүйесiн жетiлдiру, сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ кедендiк баж алымдарының мөлшерiн реттеп отыру арқылы Қазақстан Республикалық экономикалық мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
перспективалық қаржылық жоспарлауды, әлеуметтiк-экономикалық дамудың қаржы базасына болжам жасауды, халықтың ақшалай кiрiстерi мен шығыстарының балансымен, ақша-кредит саясатының негiзгi бағыттарымен, басқа да жалпыэкономикалық құн баланстарымен өзара байланыстары қаржы балансын әзiрлеуге қатысуды, бюджеттi жоспарлауды жалпымемлекеттiк деңгейде жүзеге асыруды, республикалық бюджет пен облыстар (қалалар) бюджеттерiнiң арасында бюджеттiк өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруды қосқанда республикадағы бюджет процесiн басқару; Қазақстан Республикасының бюджетiн жасау мен орындау;
бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналымға енгiзу мен есебiн жүргiзудiң тәртiбiн белгiлеу, оларды шығаруға және айналымға енгiзуге рұқсат беру (лицензиялау), бағалы қағаздар айналымының белгiленген ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау;
меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың айналмалы қаражатын, қайтарылмалы негiздегi жеңiлдетiлген кредиттеудi толықтыру үшiн нысаналы мемлекеттiк кредиттеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып, мемлекеттiк iшкi борыш пен бюджет тапшылығын өтеу үшiн кредит ресурстарын бөлу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
халықаралық стандарттарды ескере отырып,бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi ұйымдастырудың бiрыңғай әдiснамалық негiздерiн айқындау;
бағаны ырықтандыру мен нарықтық қатынастарға көшу жағдайында халықтың табысы аз жiктерiне, табысы кесiмдi адамдарға қаржылық қолдауды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары, Қарулы Күштерi, құқық қорғау және сол органдары жүйесiн жетiлдiру мен арзандату жөнiндегi шаралардың iске асырылуына жетiлдiру мен арзандату жөнiндегi шаралардың iске асырылуына бақылау жасауды әзiрлеу мен жүзеге асыру функциялары жүктелсiн.
3. Республикалық бюджеттi орындау процесiнде кiрiстер мен шығыстарды тиiмдi басқару мәселелерiне, мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жеделдiгiн арттыруға, мемлекеттiк қаражаттың нысаналы және үнемдi пайдаланылуына бақылауды күшейтуге зор маңыз бере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанынан Бас қазына-мүлiк басқармасын құру тиiмдi деп саналсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi екi ай мерзiм iшiнде жаңадан құрылатын Қазақстан Республикасының қазына мүлкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн, құрылымы мен қызметкерлер санын реттеу жөнiндегi қажеттi құжаттарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсырсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны 674 адам болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орталық аппарат үшiн қызмет бабында пайдаланылатын 24 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне министрдiң 8 орынбасары, оның iшiнде төрт бiрiншi орынбасары және 15 адамнан тұратын алқа болуына рұқсат етiлсiн. Алқаның құрамына лауазымы бойынша Министр және оның орынбасарлары енедi. Алқаның басқа мүшелерiн Қаржы министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. <*>
Ескерту. 4-тармағына iшiнара өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
19.04.1994 ж. N 405 қаулысына сәйкес.
4-тармағының үшiншi абзацында сөздер алмастырылған -
ҚРМК-нiң 3.06.1994 ж. N 588 қаулысымен. P940588_
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы мен Бас кеден басқармасы бастықтарының орынбасарларына және осы құрылымдардың басқа да басшы қызметкерлерiне олар үшiн бұрын белгiленген материалдық-тұрмыстық, көлiктiк және медициналық қызмет көрсету жағдайлары сақталсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрiне:
Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң жеделгер және басшы құрамына Бас кеден басқармасы бастығының ұсынысы бойынша 1 дәрежелi кеңесшi атағына дейiн дербес атақтар беру, немесе бұл атақтардан айыру;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiмен келiсiм бойынша кеден қызметi жүйесiнiң мекемелерiндегi басшы құрамының айырым белгiлерiн белгiлеу;
жергiлiктi қаржы, салық және кеден органдарына қызметкерлер саны мен еңбек ақы қорын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен осы көрсеткiштер шегiнде белгiлеу құқығы берiлсiн.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып, 2 ай мерзiм iшiнде қаржы, салық және кеден қызметтерi мәселелерi бойынша бұдан бұрын қабылданған республика Үкiметiнiң шешiмдерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендiру туралы ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi