Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1993 жылы Қазақстан Республикасында валюта қорын құру туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 1092 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясына мемлекеттiк маңызы бар өнiмнiң бекiтiлген квотадан тыс қосымшаға сәйкес экспортын қамтамасыз ету, валюта түсiмiн Республикалық валюта қорына аудару жүктелсiн.
2. "Қазконтракт" акционерлiк бiрлестiгi осы қаулы шегiнде жүзеге асыратын өнiм сатып алу жөнiндегi тапсырыстарға алдын ала ақы төлеу шартына сәйкес, республиканың өнiм берушi кәсiпорындары үшiн шарттар жасасу мiндеттiлiгi режимi қолданылады деп белгiленсiн.
3. "Қазконтракт" акционерлiк бiрлестiгiнiң "Нордекс" (Австрия) компаниялар тобымен, Магнитогорск металлургия комбинатымен және Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатымен "Нордекс" компаниялары тобы үстеме валюта төлемi негiзiнде Қазақстан Республикасынан алатын темiр кенi үшiн Магнитогорск металлургия комбинатының төлемдерiн корпорацияның төлеуiн көздейтiн келiсiм-шартты iске асыру жөнiндегi инициативасы мақұлдансын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясына экспортқа шығаруға арналған өнiм сатып алу үшiн мақсатты несие бөлу ұсынылсын, ал Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр апта мерзiмде корпорацияның шығынын, сондай-ақ оның валюта ақысының мөлшерiн соммен өтеу жөнiнде "Қазконтракт" акционерлiк бiрлестiгiмен келiсiлген ұсыныс Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 3 маусымдағы
N 449 қаулысына
Қосымша
Экспортқа шығарып, валюта түсiмiн Республикалық
валюта қорына аудару үшiн "Қазконтракт" акционерлiк
бiрлестiгi бөлетiн
ӨНIМ КВОТАЛАРЫ