1. Қазақстан политехникалық институтының Маңғыстау филиалын Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiне бөлiнген бюджет қаржысы шегiнде Ақтау политехникалық институты етiп құру туралы Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Маңғыстау облысының әкiмiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Маңғыстау облысының әкiмiмен және Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi кәсiпорындарының Қазақ мемлекеттiк корпорациясы (КАТЭП) осы жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi институт құрылымын, мамандықтардың номенклатурасын анықтасын, жоғары оқу орнын бiлiктiлiгi жоғары ғылыми-педагог кадрлармен және мамандармен толықтыруда пәрмендi көмек көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi