Қарақұдық кен орнында "Қарақұдық-мұнай" акционерлiк қоғамымен өнiмдi бөлiсу шартымен мұнайды барлау, игеру және өндiру жөнiнде контракт жасау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 11 маусым 1993 ж. N 498

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қарақұдық-мұнай" акционерлiк қоғамы ұсынған "Қазақстанмұнайгаз" Ұлттық мұнай компаниясының, Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң, Маңғыстау облысы әкiмiнiң қатысуымен әзiрленген және республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келiсiлген Маңғыстау облысының Қарақұдық кен орнында өнiмдi бөлiсу шартымен (продакшн шеринг) мұнайды барлау, игеру және өндiру жөнiндегi контрактiнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Жасалған контрактiге сәйкес геологиялық зерделеу және Қарақұдық кен орны аумағында көмiр сутегi шикiзатын өндiру үшiн жер қойнауы "Қарақұдық-мұнай" акционерлiк қоғамына пайдалануға берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгiнiң қорытындыларын ескере отырып, контрактiге қол қою және "Қарақұдық-мұнай" акционерлiк қоғамымен жасалған контрактiнi iске асыру барысында республика мүддесiн сақтауға бақылау жасауды қамтамасыз ету жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады