1. Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны еңбекақының 250068 АҚШ доллары сомасындағы жылдық қоры бар 23,5 адам мөлшерiнде бекiтiлсiн.
2. Мысыр Араб Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы 1400 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Мысырдағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетелдiк валютамен берiлетiн жалақысына қарай штаттық кестеге сәйкес белгiленсiн.
3. Мысыр Араб Республикасымен қатынастың айрықша маңыздылығын, жұмыстың күрделiлiгi мен көлемдiлiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына оған шетел валютасымен берiлетiн жалақының 20 процентi мөлшерiнде үстеме белгiленсiн.
4. Елшiлiктiң қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге еңбекақы қорының 2,5 процентi мөлшерiнде АҚШ долларымен аударым жасау белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсатқа 1993 жылғы республикалық бюджет пен Республикалық валюта қорында көзделген қажеттi қаражатты бөлудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi