"Қазмұнайөнiмi" концернiне дизель отынының экспортына қосымша квота бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 маусым 1993 ж. N 509. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N 964 қаулысымен. 

      Энергетика, ет пен сүт өнеркәсiбi және авиация кәсiпорындарын техникалық және авиациялық маймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. "Қазмұнайөнiмi" концернiне көлемi 35 мың тонна дизель отынының экспортына қосымша квота белгiленсiн. 
      2. "Қазмұнайөнiмi" концернiне дизель отынының осы көлемiн трансформатор, мұздатқыш пен авиация майына айырбасқа баспабас операция шартымен беруге рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi баспабас лицензиялар берсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады