Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 18 маусым N 516. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.06.14. N 826 қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне ТМД мемлекеттерiмен сауда-экономикалық байланыстарды үйлестiру, бұрынғы одақтас республикаларға өнiмдер (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортын ұйымдастыру мен лицензиялау және кредиттiк есеп айырысу қатынастарын реттеуге байланысты ұсыныстар дайындау жөнiнде қосымша мiндеттер жүктелсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi орталық аппаратының саны 20 адамға көбейтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бюджеттi дәлдеу барысында қосылған адамдарды ұстауға қаражат көздейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз