Зейнеткерлердi материалдық жағынан қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 12 шiлде N 591. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.07.12. N 899 қаулысымен.

      Негiзгi азық-түлiктiң бағасы үздiксiз өсiп отырған жағдайда зейнеткерлерге материалдық жағынан қосымша қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1993 жылы зейнетақыны арттыру мен индекстеу туралы" 1993 жылғы 22 сәуiрдегi N 325 қаулысымен белгiленген зейнетақыларды одан әрi арттыру жүзеге асырылғанға дейiн 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап, жұмыс iстемейтiн зейнеткерлердiң алатын зейнетақыларына ай сайын қосымша мынадай үстеме ақы жасау қамтамасыз етiлсiн:
      жасына байланысты толық еңбек зейнетақысын және мүгедектiгiне байланысты, еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы алатындарға, сондай-ақ мүгедектiгiне байланысты зейнетақы алатын мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне - 7000 сом;
      еңбек стажы толық емес жағдайда зейнетақы алатындарға; сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алатындарға - 5600 сом;
      әлеуметтiк зейнетақы алатындарға - айына 4200 сом.
      2. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi жергiлiктi әкiмдер көрсетiлген төлемдер жасауды уақтылы жүзеге асырсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады